Инновациялық процестерді кім бағалайды?

Инновациялық процестерді кім бағалайды?

Инновацияны сырт көз халықаралық интеграцияның қанатына ілесіп келген термин, мұндай ұғым бұрын бізде болмаған деп қабылдайды.
Ғалымдарымыз болса, «қазақтың инновациялық жаңалықтары сонау 1990 жылдардың екінші жартысында-ақ әлемнің назарын аударып үлгерген, ендігі мақсат – қолда барды жетілдіріп, алға жылжыту ғана» дейді. Техника ғалымының докторы, профессор Николай Бүктіков 1995 жылы ғылым саласы бойынша БҰҰ-ның миссия өкілдері елімізге ат басын тірегенін былай деп еске түсіреді.
– Сол кезде қазақ Ғылым академиясының институттарынан 10-15 ғалым келіп, өздері ойлап тапқан жаңалықтарының жарияланымын жасады. Сондағы шетелдіктердің қуанғандарын көрсеңіз. Толық екі апта да емес, 10-12 күннің ішінде, тек Алматыдағы ғылыми институттардан дүниежүзілік деңгейден төмен емес, одан жоғары 23 жаңа технология табылды. Әлгі делегация: «Біз Литвада екі жыл жұмыс істедік. Сонда тапқанымыз – халықаралық стандартқа сай үш-ақ технология. Ал мынау керемет қой», – деп шуласты. Таң-тамаша қауымға оның мәнісін былайша түсіндіріп бердім: «Себебі Кеңес үкіметі құрамына Литва соғыстан кейін, 1945 жылдан бастап енді. Ал біз олармен 20 жылдан бастап бас қосып, білім, ғылым жүйесін бірге қалыптастырдық. Әрине, Литваның қалыс қалуында осындай себеп бар».
Инновация туралы бізде пайым басқаша, әлде бұл реттегі түсінігіміз шамалы. Мәселен, еліміздің басты стратегиясы – Үдемелі индустриалдық-инновациялық бағдарламасын толықтай жүзеге асыру үшін билік «ең алдымен, бизнестің ойлау қабілетін өзгерту керек» десе, ал мамандар «инновациялық жобаға нақты баға беру үшін қазіргі статистика тәсілін халықаралық стандартқа сәйкестендіру қажет» дегенді айтады. Себебі бізде инновацияның нақты жетістіктері және экономикамыздың экономикалық деңгейін Үкімет мінберлерінде ара-тұра айтылып қалатын жұқалтаң деректерден өзге салыстыру мүмкіндігі жоқ. Қолда бар деректер «Қазақстанда инновациялық тұрғыдан қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорындар үлесі 2013 жылы 8 пайызға жеткен» деген жалпылама көрсеткіштен өзге ештеңе айтпайды. «Біз бағындырған 8 пайыз қай саланың үлесінде, бізге қандай бағыттарға көңіл бөлу керек?» деген сұрақтарға да жауап жоқ. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50 пайыздан асады. Елдің даму үрдісін бақылап отырған статистикасы қай бағытта түзу және қай салада кері кеткенін айқындап, елдің дамуы туралы тиісті орындарды толыққанды ақпараттармен құлағдар етіп отыратын көрінеді.
Ал бізде қалай? Бізде өндіріске енген жаңалықтар туралы Елбасымыз аймақтарды аралап, шағын зауыттардың ашылу салтанатында ғана білеміз. Өндіріс орнының одан кейінгі өмірі туралы деректер тым жұтаң. Жұмыс істеп жатқан немесе тапсырыстың жоқтығынан тоқтап тұрған өндіріс орындары туралы сараптап, Үкіметтің назарына ұсынып отырғаны туралы естіген емеспіз. Елдің инновациялық көрсеткіштерінің төмен екенін ресми статистика да растайды. 2013 жылдың қорытындысында инновациялық өнімдердің ішкі жалпы өнімдегі (ІЖӨ) үлесі 1,69 пайыз болған. Сондықтан мамандар инновациялық процестерді бағалаудың басқа амалы, тәсілі мен көрсеткіштері керек деген пікірге көбірек ден қойып отыр. Статистикалық тәсіл еліміздегі инновациялық технологиялар және ғылыми-инновациялық қызметтің дамуына ықпал етуші факторларды уақытында анықтауға мүмкіндік береді. «Қолда бар мәліметтерді халықаралық стандартпен сәйкестендіргенде мамандардың білігі артып қана қоймай, олар инновациялық процестерді жақсылап көрсетудегі алдағы міндетін нақты білетін болады», - дейді профессор Николай Бүктіков.
– Отандық статистиканы халықаралық стандартқа көшіру керек. Сонымен қатар онымен шектеліп қалмай, еліміздегі статистикалық агенттіктің мәртебесін арттырып, оны тәуелсіз ету қажет. Сонда бұл бағыттағы жұмыстар алға жүреді. Дамыған елдерде маркетинг қызметі қатты дамыған. Бұл мамандар әр нарықты бүге-шігесіне дейін зерттеп, соңғы санына дейін шағып есептейді. Оның ішінде тәуекел, сақтандыру – бәрі-бәрі болады. Ал бүгіндері біздің кәсіпорындардың 26 пайызында ғана маркетолог бар екен. Осының өзі өнеркәсіп саласының тәуекелі қаншалықты жоғары екенін байқатады. Сұраныс пен мүмкіндік дұрыс есептелсе, өндіріс жұмыссыз тұрмайды. Міне, мәселе осы есептеуде. Сондықтан өндіріс саласындағы маркетологияны дамытып, оны пайдалануды жандандыруымыз керек. Бізде 2 миллион халық өзін-өз жұмыспен қамтушылар деп саналады. Соларға жаңа өндірістер, жаңа салалар ашып беру керек. Яғни бізде жоқ өндірістерді ашу қажет. Ал жоқ өндірісті ашатын – білім мен ғылымға сүйенген жастар. Сол үшін тиісті құзырлы ведомстволар деңгейінде бұл арада ауқымды жүйелі мәселелерді шешу өздігінен сұранып отыр, – дейді Рахман Алшанов.
Қолдауға тұрарлық пікір. Жастарды ойлап тапқыштыққа мектеп қабырғасынан бастап, жоғары оқу орындарына дейінгі аралықта тәрбиелеу керек. Әрине, сондай жұмыстар жүргізілмегендіктен, инновация дегенде дүмбілездік танытатындығымыз сондықтан болар. Үдемелі индустриалдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін міндетті түрде бір жобаны айқындап, оған қаржы бөлумен шектеліп қалмай, тиісінше мынандай кешенді мәселелерге де баса назар аударып, нақты іс-шаралар қабылдануы керек. Осы ретте мамандар мынадай пікір ұсынып отыр:
а) бизнестің ойлау қабілетін өзгерту керек;
ә) сол үшін білім, ғылым және өндірісті байланыстыратын мемлекеттік бағдарлама жасалуы тиіс;
в) инновациялық жоба есебін жүргізетін статистик, маркетолог мамандарды көптеп әзірлеу қажет;
г) отандық статистикалық тәсілді халықаралық стандартқа сәйкестендіру керек.
Сол кезде ғана инновация экономиканың барлық салаларында қоғамдық сипат алады.
aikyn.kz сайтынан алынған

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста