Импортқа тек экологиялық таза өнім ғана төтеп бере алады

Импортқа тек экологиялық таза өнім ғана төтеп бере алады

«Адам аштан емес, астан өледі» дейді қазақ. Бұл сөз азық-түлік тұтынушыларының санасына сәуле түсіргелі бері, жұрттың көпшілігі экологиялық таза өнім іздейтін болды. Сондықтан болар, тұтынушылардың бір бүйрегінің шетелден келетін өнімдерге бұрып тұратыны. Бұл біздегі отандық өнім өндірушілердің айын оңынан тудырмады. Экологиялық таза өнім шығару жағынан келгенде, біздің өнімдердің импорттық тауарлармен терезесі тең емес. Сондықтан да керегесі кең емес. Яғни тұтынушылар аз.

Осыған байланысты төрт жыл бұрын Экологиялық таза өнімдерді стандарттау жөніндегі техникалық комитет құрылған болатын. Комитеттің мақсаты – жұртты экологиялық таза өніммен қамтамасыз ету. Сондай-ақ отандық өнімдерімізді бәсекеге қабілетті қылу. Комитеттің қатысуымен кеше Астанада «Қазақстанда экологиялық таза өндірістер индустриясын дамыту перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті. Сонда бұл мәселелер кеңінен талқыланды.
Экологиялық таза өнімдерді стандарттау жөніндегі комитеттің төрағасы, Халықаралық экология академиясының президенті, техника ғылымының докторы, профессор Мұсағали Дуамбековтің айтуынша, экологиялық таза өнім шығарушылардың реестрінде бүгінде 74-ақ компания бар көрінеді. «Құрылғанымызға төрт жыл болса да, бұл – өте аз көрсеткіш», – дейді Мұсағали Дуамбеков. Расымен де, бұл сан кез келген саналы адамды ойландырары сөзсіз. Себебі «еліміздегі қаншама азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың осыншасы ғана экологиялық таза өнім шығаратын болса, қаншамасының өнімі санитарлық-экологиялық нормаларға сай емес?» деген сұрақ туады.
Бұл – аса өзекті мәселелердің бірі. Олай дейтін себебіміз, бүгінде Кедендік одаққа мүше ел болып отырмыз, Дүниежүзілік сауда ұйымына да кіру ойда бар. Сондықтан да «ертеңгі күні дүкен сөрелері экологиялық таза импорттық өнімдерге қаптайтын болса, отандық кәсіпорындарымыз құрдымға кетпей ме» деген сұрақ туады. Әбден мүмкін. Себебі тұтынушылардың басым көпшілігі денінің сау болғанын, қоршаған ортасының таза болғанын қалайды. Ал отандық өнімдеріміз тегіс экологиялық таза өнім болатын болса, өзге импорттық өнімдермен де бәсекеге қабілетті бола алады. Мұны Мұсағали Дуамбеков те ескертіп отыр. «Біздегі компаниялардың халықаралық стандарттарға сай келуі біз үшін аса маңызды. Кедендік одаққа кірдік, енді Дүниежүзілік сауда ұйымына да енеміз деп отырмыз. Ертеңгі күні елімізге миллиондаған азық-түлік тауарлары ағыла бастайды. Сонда мұндай бәсекеге тек сапалы әрі экологиялық таза өнімдермен ғана төтеп бере аламыз», – деп есептейді комитет төрағасы.
Ауыл шаруашылығы министрлігі де осы қауіпсіз әрі сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі аясында «сапа менеджменті», «азық-түлік қауіпсіздігі» сияқты халықаралық ИСО стандарттарын алып жатқан кәсіпорындарды қолдап, субсидия бөлуде. «Мәселен, құс шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерге Үкімет бір жұмыртқа үшін бір теңге субсидия бөлсе, ИСО стандарты бар кәсіпорынға әр жұмыртқаға 2 теңгеден субсидия бөледі», – дейді Мұсағали Сәрсенбайұлы. Бұл да – сапалы өнім шығаруға деген Үкімет тарапынан жасалып жатқан ынталандыру.
Негізінен, «экологиялық таза өнім» деген термин ТМД елдері бойынша бізде ғана заңмен бекітіліп, бізде ғана арнайы техникалық комитет құрылып отыр. Мәселен, Ресейде техникалық таза өнім сертификатын беретін жүздеген компания бар көрінеді. Қазір бұлардың тірлігі базардағы саудагердің тірлігіндей. «Ананікі жаман, менікі жақсы» деп бірін-бірі күндеп, қаралап, өзінікін өткізудің амалын жасайды. Бірыңғай жүйе жоқ. Сөйтіп, нарықтың ішіне ылаң салды. Жүздеген компанияның қалай жұмыс істеп жатқаны да жалпақ жұртқа беймәлім. Өйткені бәсекелес компаниялар арасында бақталастық жүреді. Бақталастық бар жерде тазалық та кем болады. Сол себептен де Ресей қазір экологиялық сараптамадан өтпеген кәсіпорынға «экологиялық таза өнім» деген таңбаны басуға тыйым салып отыр. Мұндай жағдайда тек бір ғана жүйе, бір ғана орган жұмыс істеуі керек. «Малайзияда «Халал» сертификатын беретін бір ғана техникалық комитет бар. Сол сияқты әр мемлекетте осындай жұмыспен айналысатын бір ғана комитет болса, сонда ғана жұмыс белгілі бір жүйеге келеді. Ресей сияқты әр қаланың өз таңбасы болса, жұмыс дұрыс болады деп есептемеймін», – дейді Мұсағали Дуамбеков. Сондықтан да келешегін ойлайтын кәсіпкер экологиялық таза өнім стандартын алуға асығатыны сөзсіз. Алайда ешкім бұған мәжбүрлемейді. Өйткені заң бойынша, мұндай стандартты алу – әркімнің өз еркінде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста