Ғылымға негізделген шаруашылық қана жемісті жетістікке жете алады

Ғылымға негізделген шаруашылық қана жемісті жетістікке жете алады

Джура КАРАГИЧ, Сербия Республикасы, Нови сад университетінің докторы:

Жуырда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің бір топ магистранттарының құрамында Сербияның Нови сад университетінде оқу-өндірістік тәжірибеден өтіп, сол елдің ауыл шаруашылығы саласының тыныс-тіршілігі мен жергілікті ғалымдардың ғылыми ізденіс нәтижелерімен кеңінен танысып қайту мүмкіндігіне ие болған едік. Он күнге созылған тәжірибе алмасу са­бақ­тарынан көкейімізге түйіп, көріп-білген жаңалықтарымыз көп болды. Біздер – Қазақстаннан барған он шақты магистранттар ауыл шаруашылығының әр саласы бойынша өзіміздің зерттеп жүрген бағыттарымызға қарай тиісті шаруашылықтарда болып, университет ғалымдарымен пікірлесіп, шаруашылық жүргізіп отырған білікті мамандардың жұмыстарын көзбен көріп қайтқан едік. Құшақ жайып қарсы алып, өздерінің жетістіктерін ұсынған сербиялық ғалымдар тәжірибе алмасу сабақтарынан тыс уақыттарда өз елдерінің тарихы мен мәдениетінен мүмкіндігінше мағлұмат алсын деген ниетпен, біздерді көптеген көрікті жерлерімен таныстырып, Сербия астанасы Белград пен біз тоқтаған Нови сад қалалары мен өзге де шағын елді мекендерін аралатты.
Біздің оқу-тәжірибелік сабақтарымыз негізінен Нови сад университеті жанындағы Егістік және көкөніс шаруашылығы институтында өткізілді. Ендігі кезекте ғылыми қарым-қатынастарды дамытып, тәжірибе алмасу бағытында аталған институттың азықтық дақылдар бөлімінің директоры, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы Джура КАРАГИЧ біздің елге келіп, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде арнайы дәрістер оқып, университет жанындағы оқу-өндірістік шаруашылықтар жұмыстарымен танысуда. Осы орайда, біз сербиялық ғалыммен арнайы жолығып, ауылшаруашылығының ғылыммен байланысы жөнінде, екі елдің аграрлық секторындағы мәселелері төңірегінде аз-кем пікірлескен едік:

– Джура Карагич мырза, біздің елге қош келдіңіз! Қазіргі уақытта сіз Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ар­на­йы шақыртуымен біздің сту­дент­те­рі­міз бен магистрантта­ры­мызға дәріс оқып, өзіндік тәжірибелеріңізбен бөлі­су­десіз. Бұдан бұрын да Қазақстанда тәжірибе алмасу мақсатында болып қайтқаныңызды білеміз. Біздің елде жүріп, көкейіңізге нендей ой түйдіңіз?
– Мен Қазақстанға, оның ішінде Алма­ты қаласында орналасқан Қазақ ұлттық аг­рарлық университетіне екінші рет келіп отыр­мын. Бүгінде Қазақстан – әлем елдері мо­йындаған, посткеңестік кеңістікте ерек­ше даму жолына түскен тәуелсіз мемлекет са­налады. Еуразияның ауқымды бір бө­лі­гін иеленген қазақ жерінің адамдары да қо­нақжай, табиғаты да сондай көрікті. Сер­бия – көлемі жағынан шағын мемлекет. Са­лыстырмалы түрде алғанда бір Сер­бияның өзі Қазақстанның Жетісу өңіріндей жер­ді, яғни сіздің елдеріңіздің шағын бір облысындай жерді ғана алып жатыр. Мен өз елімді Жетісу өңірімен салыстырып отырған себебім, біздің ауа райымыз бен табиғатымызда етене жақын ұқсастықтар байқалады. Ең бастысы, қазіргі Қазақстан өз болашағына үлкен сеніммен қарайтын, алға қойған мақсаттары биік мемлекетке ай­налуда. Менің бір байқағаным, қазақ­стан­дық жастардың ғылым мен білімге де­ген қызығушылықтары басым. Мұнда олар­дың жан-жақты жоғары білім алып, ше­телдерде тәжірибе жинақтауына қа­жет­ті мүмкіндіктер жасалуда. Демек, келешегін ой­лаған елдің ертеңіне сеніммен қарауға бо­лады.
– Сіздіңше, Қазақстан мен Сербия ара­сындағы ғылыми бағыттағы бай­ла­­ныстар негізінен қандай салада ба­рын­ша қарқын алуы тиіс деп есеп­тейсіз?
– Жалпы, Еуропа елдері көлемі жа­ғы­нан шағын болғандықтан, ондағы ауыл шар­уашылығын игерудің тиімді тұстары бар­шылық. Себебі шағын шар­уа­шы­лық­тарды басқару да, оны игеріп, ұйымдастыру да соншалықты қиындық тудырмайды. Мы­салы, Сербияда инфраструктура жақсы да­мығандықтан, ауыл шаруашылығының да­муына қолайлы жағдай туып отыр. Де­ген­мен жер көлемінің аздығы шар­уа­шы­лықты кеңінен жүргізуге қолайсыздық ту­дыратыны рас.
Жер – тірі организм. Мол өнім алып, пай­даға кенелу үшін жерді тиісінше ты­ңайтып, өңдеп, қажет жағдайда демал­ды­рып, ауыстырып отыру қажет. Сондықтан да жалпы ел аумағының, оның ішінде егіс­тік алқаптары ауқымының шағын бо­луынан мол өнім алу аса оңай шаруа емес. Әйтсе де біз ғылыми-инновациялық жо­ба­ларды жүзеге асыру арқылы тиесілі жер­лерімізді тиімді пайдаланып, алынатын өнім мен оның көлемін жыл сайын арттыру үстіндеміз.
Ал Қазақстандағы жағдай біздегіден ана­ғұрлым өзгеше. Менің пайымдауымша, Қа­зақстан ауылшаруашылық саласының бо­лашағы зор, аграрлы елдер қатарына жа­тады. Әрине, жер көлемінің барынша ау­қымды болуы себепті, мұнда шар­уа­шы­лы­ғын жүргізу жұмыстарының өзара қиын­­­дықтары бар. Әйтсе де ауыл шар­уа­шы­­лығын дамытуда ғылыми жетістіктерді тиім­ді пайдалану арқылы кез келген жа­ғ­дай­да мол өнімділік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге болады. Бұл ретте Қазақстан сәт­ті қадамдар жасай бастады деуге бо­ла­ды. Осындай үлкен мемлекетте үлкен өз­ге­рістер орын алып, қоғамның әр са­ласында инновациялық бағытта мақсаты ай­қын көптеген жұмыстар жүргізіліп жатқаны мені қуантады.
– Сіз Нови сад университеті жанын­дағы Егіс­тік және көкөніс шар­уашы­лы­ғы инсти­тутында азықтық дақыл­дар бө­лі­міне жетекшілік етесіз. Өзі­ңіз­д­ің зерт­­теу нысаныңызда қандай же­тіс­тік­тер мен нәтижелер бар?
– Мен өзім Нови сад университетінде ауыл шаруашылығы мамандығында оқы­ған­­мын. Қазір сол өзім оқыған оқу орда­сында ғылыми жұмыстармен айналысып, ауыл шаруашылығына жаңа мамандар даяр­­лау ісімен айналысамын. Мұның сыр­тында көптеген ғылыми жобаларға қа­ты­сып, біраз нәтижелерге қол жеткізіп ке­ле­міз.
Нови сад университеті көлемі мен дә­ре­же жағынан Сербиядағы ғылыми-зерт­теу бағытындағы екінші оқу орны сана­ла­ды. Университет жанындағы Егістік және көкөніс шаруашылығы институты өткен ға­сырдың 1938 жылы Югославия Король­ді­нгінің Ауыл шаруашылық министрлігінің шешімімен құрылған. Қазіргі уақытта бұл институт зама­науи бағытта жұмыс жүр­гі­зе­тін, ғылыми потенциалы зор орталыққа ай­налып отыр. Ин­ститут ғалым­дарының ауыл­шаруашылық сала­сын­да жүзеге асырып жатқан тың тәжірибелік, зерттеу жұ­мыс­тарының нәтижелері әлем­дік ғы­лым­да өз орнын та­уып, кең қолданысқа ие бо­­лып келеді. Біз көптеген шетелдік әріп­тес­­термен бі­рі­гіп, егістік және көкөніс шар­уа­шылығын жаңаша бағытта жан-жақты дамыту мақ­сатында әрі ауыл­шар­уа­шы­лық өнімде­рінің өнімділігі мен сапасын арттыру жо­лын­да бірқатар ауқымды ғы­лы­ми жобалар­ды жүзеге асы­рып келеміз.
Институт ғалымдарының жа­сап отыр­ған фундамен­таль­ді және қолданбалы зерттеулері өсімдік, көкөніс шаруа­шы­лығындағы жаңа сорттар мен гибридтер шы­ға­румен шектелмейді. Соны­мен қатар азықтық, өндірістік және дәрілік өсім­дік­тер­дің жаңа түрлерін қалыптастыру жұ­мыстары бүгінде оң нәтиже беруде. Біздің ғалымдар шығарған сорттар мен тұ­қымдар әлемдік нарықта үлкен сұра­ныс­қа ие болып отыр. Бүгінгі таңда дақылдардың өнім­­ділік сапасын арттырумен қатар, олар­ды асылдандыру бағытындағы зерттеу жұ­мыс­тары тиімді жүргізілуде. Қазіргі за­ман­да бүкіл дүниежүзінде азық-түлік тап­­шылығын алдын алу туралы әңгімелер жиі айтылуда. Бұл ретте аталған про­бле­ма­дан тек ғылыми ізденістер нәтижесі ар­қылы шығуға болатынын уақыттың өзі дә­лелдеп отыр.
–Бүгінде әлем елдерін азық-түлік қа­уіп­сіздігі деген мәселе толғандырып отыр. Осы орайда кейбір елдердің же­келеген шар­уашылықтары қысқа мер­зім ішінде са­палы әрі мол өнім алу үшін гендік моди­фи­кацияланған өнім­де­р­ді нарыққа шы­ғарып, орасан пай­да­ға кенелгісі келеді. Сер­биялық ға­лым­дар бұл мәселеге қалай қа­райды?
–Шынында, көптеген елдерде мұндай проблема бар. Бұл көбіне әлемдік на­рық­тағы бақылаудың аздығынан орын алып жатады. Кез келген ғылым ең бірінші ке­зекте адам­зат игілігі үшін қызмет етуі тиіс. Бұл ретте сербиялық ғалымдар әсіресе ауыл­шар­уашылық өнімдерінде рұқсат етіл­ме­ген, зиянды тыңайтқыштар мен қос­па­лар­ды қосуға үзілді-кесілді қарсы. Біз өз шар­­­уашылықтарымызда тек табиғи ты­ңайт­қыштар қолданамыз. Бұл мәселеде ға­лымдар тарапынан да мемлекет та­рапынан да бақылау, қадағалау жағы дұрыс жолға қойылған.
Біздің институт шығарған жаңа сорттар мен гибридтер еркін нарық жағдайында Еу­ро­одақ елдері мен ТМД аумағында, Қы­тай, Үндістан елдерінде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Біз өзге елдерге сапалы тұ­қым ұсынып қана қоймай, оларды күтіп-бап­тау, өсіру технологиясына қатысты түрлі қыз­мет түрлерін де ұсынамыз. Біздің өнім­дер халықаралық стандарттарға сай Сапа менеджментінің арнайы сертификатын иеленген.
–Біз Сербияда болғанымызда сіз­дер­дің өнімдеріңіздің тазалығы мен са­пасының жоғары екендігіне көз жет­кізгенбіз. Бұл – әрине бірінші кезекте жер­гілікті ғалымдар мен фермерлердің ең­бегі. Сонымен қатар сербиялық ға­лым­дардың қатарында жастардың көп екенін байқадық. Сіздің елде ғы­лым адамына мемлекеттік дәрежеде қан­шалықты қолдау көрсетіліп оты­рады?
–Біздің барлық ғылыми жобалары­мыз­ға мемлекет тиісінше қаржы бөліп, қол­дау көрсетіп отырады. Бұған қоса, же­ке­леген шаруашылықтардан да арнайы тап­сырыстар алып жұмыс істейміз. Қазіргі таңда ауылшаруашылық ғылымымен ай­на­лысып, зор нәтижелерге жеткен көрнекті де таңдаулы ғалымдарға Сербия мемлекеті тағайындаған Никола Тесла атындағы жоғары дәрежелі сыйлық тағайындалады. Мұның сыртында халықаралық ұйымдар тағайындайтын гранттар мен түрлі дең­гейдегі тәуелсіз сыйлықтар да бар­шы­лық. Жан-жақты қолдау көрсетілетіндіктен әрі ғылымның беделі биік болғандықтан, Сербия жастары ғылымнан қол үзіп отыр­ған жоқ. Бүгінгі қоғам ғылым мен өндірісті, кә­сіпкерлік пен шаруашылықты өзара үй­лес­тіре білгенде ғана үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болатынын жақсы түсініп отыр. Менің пікірімше, ғылымға өзім ғана пай­да табамын деп емес, өзгеге пайда кел­тірем деп келу керек. Басты принцип – осы. Егер жеке басыңның қамын ғана ой­лап, тек қағаз жүзінде ғана қалатын, еш­кімге керексіз ғылыми еңбек жазып қа­на отыра берсең, еңбегіңнің зая болғаны емес пе? Сондықтан да ғылыми ізденіс пен ғы­лыми жаңалық атаулы түбінде өндіріске ен­гізіліп, қоғамға пайда әкелуі тиіс. Міне, сон­да ғана ғалым өз жұмысының нә­тижесін көреді.
– Сұхбаттасқаныңызға рақмет, ғы­лыми ізденістеріңізде жемісті нәти­же­лер тілейміз!

Дина СМАҒҰЛОВА, ҚазҰАУ магистранты

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста