«Гемба-кайдзені» меңгерсең кем болмайсың

«Гемба-кайдзені» меңгерсең кем болмайсың

Америкалық «Дженерал Моторстан» әлемнің ең ірі автокомпаниясы атағын тартып алған «Тойота» корпорациясында басшылық ауысты. Енді оны концерннің негізін қалаушы Оно Тойоданың немересі Акио Тойода басқаратын болды. 2008 жылы «Тойота» көліктерінің саудасы 4 пайызға кеміп, компания былтыр 8 миллион 970 мың көлік сатқан. Осыған байланысты наурыз айында автокөлік құрастырушы концерн өз тарихында тұңғыш рет шығынға батқаны туралы ресми мәлімдеме жасады.
Елдің бәрі Акио Тойодадан кереметті күтуде. Өйткені ол 70 жыл бұрын «Тойота­ны» өмірге әкеп қана қоймай, жапон эко­но­ми­касының рухани бейнесіне айналған Тойоданың ісін жалғастырушы болып та­бы­лады. Салт-дәстүрді көздің қарашы­ғындай сақтауға ұмтылатын Күншығыс елі жаңа әлемдік дағдарыспен ескі жапон менедж­менті арқылы күресіп көрмек. Әлемді таңғалдырған жапон экономикасы кере­меті­нің түпқазығы – жапондық басқару үл­гісі қандай?
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі сұмдық дағдарыс пен күл-талқан болған ұлттық өнеркәсіпті мұраға алған жапон экономикасы феникс құс секілді жанданып шыға келді. Автомобиль компаниясының негізін қалаушы Оно Тойода «тек сапалы өнім» деген ұранға негізделген жалпы­ұлттық идеяның көсеміне айналды. Мұ­қият­тылықты жаны сүйетін, әр нәрсені бақайшағына дейін есептейтін жапондар жұмыс орындарында өзіндік құны төмен жоғары сапалы өнім өндіруді жолға қой­ды. «Тарих үшін 20 жыл тым қысқа» деу­шіл­ердің құлағына алтын сырға, өткен ғасырдың 70-жылдары Американың автокөлік өнеркәсібі жапон автокөлік өнді­рісі­мен бәсекеге түсуден қала бастады. Тойоданың арзан әрі сапалы көліктері Американың мақтанышы «Форд» зауыты­ның өнімдерін артқа тастады. Жапонның арзан әрі сапалы теледидарлары АҚШ-тың электронды өнеркәсібіндегі бірнеше ірі компаниялардың жабылуына себеп болды. Күншығыс елі экономикасының дамығаны сонша, АҚШ үкіметі жапон­дардан экономикасының қарқынын біраз тежеуді сұрауға мәжбүр болған да еді.
Жапонияның экономикалық кереметі­нің сыры «гемба кайдзен» деп аталатын жапон менеджментінің ерекшелігіне кеп тіреледі. Жапондар «сапа – бұл сананың күйі, ал өнімділік – қайырымды іс жасау­дың бір тәсілі» дейді. Біз тұрмақ, Батыстың бизнестегі білгірлері түсіне алмаған қағи­да Күншығыс елі экономикасының негі­зі боп табылады. «Ең бастысы – сапа» де­ген­ді жапондар ұран деп емес, жұмыс­тағы басшылыққа алынатын ереже деп түсінеді. Ал сапалы басшылықтың түпқазы­ғы ма­мандар дайындауда жатыр. Жапон компа­ниялары жаңа маманды бір жылдай оқы­тады. Одан кейін тікелей өндірісте ша­ғын топ болып тағы да оқудан өтеді. Жа­пондар үнемі білім жетілдіру, тәжірибе ал­масу, жас мамандар мен бұрыннан келе жатқан кәсіпқойлар арасындағы тығыз қарым-қатынас ерте ме, кеш пе, өнімнің сапасын жақсартуға оң ықпал етеді деп есептейді. Шығынды азайту, басы артық жұмыс түрін мейлінше қысқарту, уақыт үнемдеу, жұ­мыс­шылардың рухын көтеру — бұл жапон компаниясының көздейтін мақсаты. «Адам­­дар мен бизнестегі үдерісті басқару­дың жетілген жүйесі қалыптасуы керек» деген қағида әрбір жапон компа­ниясының алтын заңына айналған. Жал­пы, жапон менеджментінің құнды­лығы машиналар­дан бұрын адамдарды бас­қару­ға басты мән беруінде жатыр. Оны жүзеге асырудың тәсілі – компанияларда сапаны қадағалау үйірмелерін құру. Қара­пайым тілмен айт­сақ, жұмыс орнындағы тәртіп пен таза­лық­­қа басшыдан бастап, аула сыпырушыға дейін қатысуы керек. Оның мағынасы бі­реуі көрмеген кемшілікті екіншісі байқай­ды дегенге саяды.
Дәл осы жапондық жүйе амери­калықтардың үнемді өндіріс идеясының кіндік әкесі саналады. Компанияның адам, қаржы, материалдық ресурстарын тиімді пайдалану – үнемді өндірістің негізі.
Қазір отандық бизнес, ең алдымен, қар­­жы тапшылығынан қиындық көріп отыр. Ал сапаны жақсарту мен оны бақы­лау кәсіпкерге ірі қаржы көзінсіз-ақ үлкен нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Өндірісті дамыту, өнімнің құнын ар­зандату, сапасын жақсарту – инженердің ғана емес, жұмысшының да міндеті. Сөз реті келгенде айтайық, жапон инженері
1 жылда кем дегенде 1-2 өнер­тап­қыштық идеясын ұсынып, оны өндіріске енгізбесе, жұмысынан ғана емес, инженер дәрежесі­нен де айырылады екен.
Бір қуантатыны, соңғы кезде біздің ел­де де жұмысшыға корпоративті әріптес ре­тінде қарау үрдісі қалыптаса бастады. Уран өндіру және оны экспортқа шығару­мен айналысатын «Қазатомөнер­кәсіп» ұлттық операторы біраздан бері өндірісті басқару­дың ең озық жүйесіне көшкен. Компанияға қарасты кеніштерде сапаны қадағалау мен жақсарту үйірмелері жұмыс істейді. Мә­­селен, бір ғана «Иіркөл» кенішінде «гемба кайдзен» жүйесі 400 мың теңге та­быс әкелген. Жұмысшы ұсыныс жаса­ғаны үшін 500 теңге алады, ал ол өндіріске ен­се, мың теңге сыйақы беріледі.
Әзірге шикізат көзіне бай, да­лиған да­ла­сына бес Франция сый­ып кететін Қазақ­стан үшін үнем­ді өн­діріс ұғымын сіңіру қиынға соғу­да. Алайда әлемдік дағдарыс бұл қағиданың уақыт талабы екенін көр­сетіп отыр. Соғыстан титықтап шыққан жа­пон экономикасының ке­ре­меті соған дәлел. Жапондардың жүйесін әрі қарай да­мытып, әлемге инновациялық, жаңа тех­­но­логиялы экономиканы көрсеткен «Азия жол­барыстары» осыны көрсетіп отыр.
«Кайдзен философиясы» үнемі ізденісте болуды, сапаны жақ­сар­туды жетілдіруді үйретеді. Бірақ ең маңыз­ды­сы, жапон ме­неджменті адам­дармен жұмыс істеуді бірінші кезекке қояды. Құдай шикізат қоры­нан кенде қылған Күншығыс еліндегі басты ұранның «біздің байлы­ғымыз – адам» болуы да осыны аң­ғартады. «Ең жа­ңа технологиялар мен инно­вацияны ен­гізуіміз қажет» деген қазақ Үкіметі сол тех­­но­логия­лардың адам­сыз құны көк тиын екенін де ұмытпаса екен.

Керек тастың ауырлығы жоқ
«Гемба кайдзен» ережесі бойынша ком­пания қызметкерлері ақша табатын және ақша таппайтындар болып екіге бөлінеді. Тікелей өндірістегі жұмысшылар мен инже­нерлер басты ақша табатындар болып сана­лады. Жапондардың айтуынша, ең жақсы компанияда ақша таппайтын бір-ақ адам болу керек. Ол – осы компанияның прези­денті.

Бір мысал
«Тойотаның» 6 мың адам істейтін көлік құрастыру зауытында бір жылда өндірісті жақ­сарту жөнінде 66 мың ұсыныс жүзеге асқан. Яғни бір жылда зауыттың бір жұмыс­шысы 11 ұсыныс айтты деген сөз. Ал біздің кәсіпорындардың жұмысшысына бір жылда осындай көлемде сөгіс беріліп, айыппұл салынады екен. Осыдан кейін кімнің жұмысы өрге басатынын пайымдай беріңіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста