Газды жеңілдікпен де жеткізуге болады

Kөгілдір отынды үйге кіргізу оңай шаруа емес. Газ құбырын тарту, оны үйге енгізу жұмыстарына аз шығын кетпейді. Дегенмен басқасын қайдам, Қарасай, Жамбыл және Талғар аудандарының ауылдарын газбен қамтамасыз етіп отырған «Тәуекел-Н-Алғабас» ЖШС-ның жұмысына жергілікті тұрғындардың ризашылығы зор.
«Тәуекел» алғаш құрылғанда мұнда үш-төрт ақ адам қызмет еткен екен. Міне, осын­дай азғантай адамнан құралған ме­ке­ме ұжымы уақыт өте келе айтарлықтай үл­кен жетістіктерге жетіп отыр. Бүгінде «Тә­уекел» 300-ге жуық адамды жұмыспен қам­тып отырған ірі компанияға айналды. Қа­зір осы кәсіпорынға еншілес алты-жеті жа­уапкершілігі шектеулі серіктестіктер ашыл­ған. Өздерінің арнайы өнеркәсіптік ба­засы мен қызметкерлеріне арналған за­манауи үлгідегі жатақханасы бар. Мұнда дә­некерлеушінің айлығы 150 мың теңге, ал темір ұстасы 50 мың мен 75 мың тең­ге­нің аралығында жалақы алады. Өздерінің ава­риялық қызметі бар. Аталмыш ком­па­нияның басшысы әрі Алматы облысы газ шар­уашылығы қауымдастығының төр­аға­сы Молдияр Нұрбаевтың айтуынша, ең ал­ғаш осы істі бастағанда өз қаражатымен ха­лыққа газ тарту ісі мүлдем болмаған екен. «Кәсіпорынды алғаш құрғанда көп­теген қиындықтар кездесті. Бірақ осындай қиын сәтте бізге ең бірінші «ҚазТрансГаз» АҚ-тың басшысы Серік Сұлтанғалиев көп жәр­дем етті. Сонымен бірге облыс әкімі бол­­ған ұлтжанды азамат, қарапайым ха­лықтың жанашыры бола білген Мәжіліс де­п­утаты Серік Үмбетовтің көп көмегі тиді, Алматы облысы, Жамбыл ауданының әкімі болған, қазірде ҚР Парламенті Сенатының де­путаты Ләззат Тұрлашев та зор қолдау көр­сетті. Жам­был ауданының әкімі Махаб­бат Бигелдиев те қолынан келгенше бізге болы­сып отыр. Үмбетовтың бастаған баян­ды істерін одан әрі сәтті жалғастырып отыр­ған Алматы облысының қазіргі әкімі Аң­сар Мұсаханов та біздің ұжымға таяныш, тірек болып келеді. Сондай-ақ «ҚазТранс­Газ-Алматы» АҚ-тың басқарма төрағасы Ақыл­бай Сапаров та қолғабыс етуде. Сонд­ықтан халыққа адал қызмет етіп, ел үде­сінен шыққан осындай парасатты аза­мат­тардың бізге қолдау көрсеткені үшін ризашылығымыз шексіз», – дейді Молдияр Қылшықұлы.
Айта кетейік, Молдияр Нұрбаев – жал­пы газ саласына өз қаржысын құйып, көп­ші­лікті көгілдір отынмен қамтамасыз еткен еліміздегі ең алғашқы кәсіпкер.
– Біз тұрғындарға газ құбырын тартуды тен­дер арқылы емес, өз қаражатымызбен жүр­гізіп келеміз. Жағдайына қарай ха­лық­қа түрлі жеңілдіктер жасап отырмыз. Мә­се­лен, соғыс ардагерлеріне, мешіттерге, әлеу­меттік нысандарға, балалар үйлеріне газ­ды тегін кіргізіп береміз. «Алтын алқа» ал­ған аналарға 50 пайыз, «Күміс алқалы» ана­ларымызға 20 пайыз, ІІ-інші, І-інші топ мү­гедектеріне 20-30 пайыз жеңілдіктер қа­растырылған, – дейді М.Нұрбаев.
Жалпы, бұл компания 2012 жылы түрлі же­ңілдіктер жасау арқылы халыққа 1 млн дол­лардан аса көмек көрсеткен. Онымен қо­са, 2013 жылы Қарасай ауданының әкі­мі Амангелді Дәуренбаевтың өтінішімен, осы жылдың басынан шілде айына дейін же­кеменшік секторға газ енгізудің құнын тө­мендеткен. Осылайша, аталмыш ком­пания биылдың өзінде қарапайым халыққа тағы да 70 миллион теңге көлемінде жәр­дем көрсетті. Бүгінде Молдияр ағаның ақ­са­қалдарға, алтын құрсақты аналарға, же­тім-жесірлерге, кембағал жандарға жа­саған жақсылықтары ескерусіз қалған жоқ. Қарасай, Талғар және Жамбыл аудан­да­рының ақсақалдары Молдекеңді ел-жұрт­қа сыйлы «Алтын жүректі азамат», кө­мек сұрағандарға астындағы атын түсіп бе­ретін қолы ашық, жомарт, қазақтың зия­лы кәсіпкері атайды.Тіпті Молдияр аға ел-жұртқа қайырымдылық және демеушілік көп көрсеткеннен кейін республикалық «Бауыржан» қайырымдылық қоры арқылы «Алтын жүрек» сыйлығының лауреаты ата­нып, арнайы дипломмен мара­пат­тал­ған, Құрмет орденінің иегері.
«Қашан да елдің батасын алуға ты­ры­самын. Өйткені халықтан асқан сыншы жоқ. Халық – айна, бәрін біліп отырады. Ха­лықтың арасында жүргендіктен олардың жағдайын жақсы түсінемін», – дейді ол.
Жергілікті тұрғындар бұл компанияның қарапайым халыққа түрлі жеңілдіктермен газ тартып беріп отырғанына риза . Де­ген­мен кейде түрлі түсініспеушіліктер де бо­лып жатады. Кейбіреулер бұл кәсіпорын тен­дерге қатысу арқылы мемлекеттен қа­ражат алып, халыққа газ тартып беріп отыр деп ойлайды. Әйтсе де бүгінгі күнге дейін бұл компания ешқандай мемлекеттік сатып алу ісіне қатысқан емес. «Бізге Үкіметтен еш­теңе керек емес, тек жұмыс істеуге мүм­кіндік берсе болды», – дейді компания бас­­шысы. Молдияр аға өз қаржысымен газ тар­тамын деген іскер азаматтарды бі­рік­тіріп, Алматы облысы газ шаруашылығы қа­уымдастығын құрып, оған өзі төрағалық етуде. «Негізгі мақсат – Үкіметтен қаржы ал­май, өз күшімізбен халыққа газ құбырын тар­ту. Осылайша, мемлекетке өз тара­пы­мыз­дан жәрдем еткіміз келеді», – дейді М.Нұрбаев.
Қалай десек те, өмірі көгілдір отын жүр­гізілмеген аймақтар бүгінде «Тәуе­кел­дің» арқасында газбен қамтылып, жұрт­шы­лық қолдарын жылы суға малып отыр. «Тәуекелдіктердің» әлі де алға қойған жоспарлары көп екен.
Молдияр НҰРБАЕВ, «Тәуекел-Н-Алғабас» ЖШС-ның бас директоры, Құрмет орденінің иегері, Алматы облысының Құрметті азаматы:
–Мен бір нәрсені баса айтқым келеді. Егер облыс әкімдігінің аймақты газбен қам­та­масыз етеміз деген қаржылары болса, онда оны бұл салаға емес, одан да мектеп, балабақша, ауруханалар салуға жұмсасын. Ал газды біз бұл аймаққа өз қаражаты­мыз­бен кіргіземіз. Егер мүмкін­діктер болса, об­лысты толық газбен қамта­ма­сыз етуге ша­мамыз жетеді. Ендігі көздейтініміз, газ­ды халыққа мейлінше арзандатып жет­кіз­гіміз келеді. Қалай десек те, өзімізде өн­ді­рілген газдың халық игілігін көрсін десек, оның қолжетімділік жағына аса мән бер­ге­німіз дұрыс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста