Ғалымдар балық шаруашылығын дамыту мәселелерінің басын ашуға тырысты

Ғалымдар балық шаруашылығын дамыту мәселелерінің басын ашуға тырысты

Қазақстандағы балық өнімдерінің тұтыну деңгейі өзге елдерден қарағанда айтарлықтай төмен екені белгілі. Ресми мәліметтерге сүйенсек, Елімізде жылына жан басына шаққанда 5,2 кг балық пен балық өнімдері тұтынылса, Ресей мен АҚШ-та бұл көрсеткіш 20 кг-дан асады. Ал әлемдегі ең балықсүйгіш ел Жапонияда бір адам жылына 65 кг балық жейді екен. Десек те, кейінгі кезде Қазақстан ғалымдары отандық балық өнімдерін халықтың күнделікті тағам рационына енгізу үшін барын салып, ізденуге кіріскен сыңайлы.
Жуырда Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Балық шаруашылығын дамытудың болашағы мен басымдылығы» тақырыбында өткен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция балық мәселесінің басын ашуға тырысты.
Конференция балық шаруашылығы саласының қазіргі жағдайы, даму болашағы, кадрлармен, ветеринарлық және техникалық қамтамасыз етілуі жайлы ашық пікір алысу форматында ұйымдастырылып, пленарлық отырыс жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілді. Ғылыми басқосуды ҚазҰАУ-дың бірінші проректоры, профессор Тіреуов Қанат Маратұлы кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды.


Қанат Тіреуов, ҚазҰАУ бірінші проректоры, профессор:
– Қазіргі таңда балық шаруашылығының Қазақстан экспортында алар орны зор. Қазақстан шетелге жыл сайын құны 93 млн АҚШ доллары болатын балық өнімдерін экспорттайды. Балық шаруашылығына жылына 200-300 млн теңге инвестиция салынуда. ТМД елдері арасында Қазақстан ішкі су қоймасының көлемдері бойынша Ресейден кейінгі орында тұр. Қазақстанның көлдері, өзендері, су қоймаларының жалпы көлемі 3 млн га құрап отыр. Тұрақты аулауды қамтамасыз ету үшін елімізде 11 ірі балық өсіретін қойма бар. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның балық шаруашылығының табысы жылына 1 млрд АҚШ долларына жетуі мүмкін. Мұндай жоғары көрсеткішке жету үшін инновациялық әдістерді меңгеріп, балық өсірудің, жасанды тәсілін жолға қоюдың ғылыми негіздемесін жасау маңызды.

Бұл ретте Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғалымдар тобы елімізде балық шаруашылығын дамытудың ғылыми негіздемесін жасауға кіріскенін атап өтуіміз керек. Біздің ғалымдар су қоймаларының флорасы мен фаунасын, гидрологиялық-гидрохимиялық режімін зерттеуде. Жүргізілген мониторинг арқасында су қоймаларының экологиялық ахуалы мен балықтардың қоректік базасының ахуалына баға берілді. Ендігі кезекте ғылым мен өндіріс үйлесімді жұмыс істейтін болса, аталған салада еліміз біршама табыстарға жететіні сөзсіз.
Конференция жұмысына сондай-ақ, мемлекеттік мекемелердің өкілдерімен қатар консулдық қызметкерлер, отандық және шетелдік ғалымдар, докторанттар мен магистранттар және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Аталған шара балық өсірушілердің өзекті мәселелерін шешуде мемлекеттік органдар, оқу орындары мен ғылыми мекемелердің мүмкіндіктерін арттыруда жаңа кешенді көзқарас қалыптастыруға айтарлықтай септігін тигізбек.
Батырхан Бұралқиев, Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу факультетінің деканы:
– Экономикалық интеграция үрдісінде ішкі нарықта Қазақстан кәсіпкерлерінің бәсекелік мүмкіндігі зор. Өйткені, алыс шетелден әкелінген балықтар жол бойы қатырылып өз құнарлылығын жоғалтады. Сондай-ақ, қазіргі таңда университет мамандарымен теңіз балықтарын Қазақстан су қоймаларында жерсіндіру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздегі барлық салада инновациялық технологиялар енгізілуде. Осы орайда біз отандық балық шаруашылығы мен балық қнімдерінің өндірісін заманауи бағытта дамытуға мүдделі болып отырмыз. Бұған жергілікті ғалымдарымыз пен кәсіпкерлік саланың әлеуеті жетеді деп есептеймін. Әйтсе де, тиісті мамандар осы салада көптеген заңдық нормаларды қайта қарап, жетілдірсе деген тілегіміз бар. Бүл ретте ғалымдар тарапынан нақты ұсыныстар берілмек.

Пленарлық отырыста ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы Комитеті төрағасының орынбасары Х.Ш. Мұсабаев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Т.Досымбеков, Доктор И.Пэкли (Венгрия), Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу иститутының директоры Қ.Б.Исбеков, «Қазақбалықшаруашылығы» Республикалық қауымдастығы төрағасының орынбасары С.Р. Темірханов, «Ирада-Балық» ЖШС-нің директоры С.Т. Изимова сынды белгілі ғалымдар мен өндіріс жетекшілері баяндама жасады.
Бұдан соң, конференция жұмысы арнайы секцияларда жалғасты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста