Ғаламтор денсаулық пен емделу жайлы басты ақпарат құралы ретінде

Бүгінгі таңда интернет медициналық ақпараттарды жинауда басты және маңызды құралдардың бірі болып табылады. Ғаламтор денсаулық сақтау саласында тұтынушылардың сауаттылығын көтеруге ықпалын тигізеді ме, немесе, керісінше жалған диагноз құруға себепкер бола ма, ғаламтор дәрігерлердің беделіне зиян келтіре ме деген сұрақтарға жауаптарды қарастырайық. Батыста медициналық онлайн-ақпараттандыру 1990 жылдың басынан бастап танымал. Дәл сол кезде e-Health, яғни интернет-денсаулық термині қолданысқа кірді. Ал, 2000 жылдың ортасына қарай бұл ұғым бүкіл әлемде қолданылып, 100 мыңнан аса медициналық ақпараттар жайлы веб-сайттар пайда болды.
Батыста жастардың көп бөлігі онлайн-денсаулық сақтау ақпараттарына сенімділік білдіреді. Мысалы, Францияда жастардың 80%-ы ғаламторда берілген барлық ақпараттарға сенетінін және күнделікті өмірде қолданатынын айтқан. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш жыл сайын өсуде. 2007 жылы 22% онлайн-қолданушы шалдыққан аурудың себебін іздеп, диагноз қойып, өздері ем қабылдаған және үштен бір бөлігі қойған диагноздарын растау үшін дәрігерге қаралмаған, ал 18%-ы өздері қойған диагнозды дәрігерлер растамағанын көрсеткен.
Жалпы, интернеттің денсаулық саласында кең қолданыс табуы науқас пен дәрігер арасындағы қатынасқа кері әсерін тигізу қаупі бар. Батыс елдерінде қолданысқа еңген жаңа ұғым-emprowerment, яғни, өзіңнің немесе жақындарыңның денсаулығын қадағалауда мүмкіндіктердің кеңейуі деп түсіндіруге болады. Осы арқылы тұтынушылардың медицина саласында сауаттылығы жоғарлап, қызығушылықтары өсуде.

Онлайн-медицинаны қолданатын АҚШ жастары

2009 жылы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде белгілі болғандай АҚШ жастарының 61% ғаламторды денсаулық және емделу жайлы ақпарат алудың басты көзі ретінде қолданады. Жастар интернеттегі денсаулық жайлы ақпараттар, мақалалар салауатты өмір салтын ұстануға септігін тигізеді деп көрсетеді. 55% ғаламторда дұрыс тамақтану, спорт жайлы оқып, білгенді ұнатады екен. Жылына орташа есеппен 5 рет дәрігердің қабылдауына барып, тексерістен өтеді.

Онлайн-медицинаны қолданатын Ресей жастары

АҚШ-пен салыстырғанда Ресей жастары өз денсаулығына деген қызығушылығы төмен: егде жастағы азаматтарға қарағанда, жастар спортпен аз шұғылданады, дәрігер қабылдауына сирек барады немесе тіпті ауырған кездері де дәрігер қабылдауына бармайды. Жастар жылына орташа есеппен тек 3 рет дәрігерге қаралуға барады. 2008 жылмен салыстырғанда 2014 жылы дәрігер қабылдауына болған жастар көрсеткіші 2,6% -дан 2,3% -ға түскен.
2015 жылы 16-29 жас аралығындағы ресейлік жастардың тек 32%-ы ғаламтор арқылы медициналық ақпарат іздеген. 16-29 жастағы, ғаламторды денсаулық жайлы ақпаратты іздеу мақсатында пайдаланған жастар. Ресейдегі жастардың көп бөлігін спорт мен дұрыс тамақтану тәрізді мақалалр мен ақпараттар қызықтырады, ол көрсеткіш 85%-ды көрсетіп тұр. Жалпы, жастардың медициналық ақпараттарды іздеп, денсаулығын сақтап, емделу үшін ғаламторға жүгінудің кері және оң жақтарын бір кестеге жинақтап, көрсетейік.
Жалпы, жүргізілген зерттеу нәтижесінде, Ресей жастары батыс елдерінің жастарымен салыстырмалы түрде денсаулық жайлы ақпараттарды ғаламтордан іздемейді. Барлық респонденттердің ішінде ғаламтор арқылы ем іздейтіндердің көп бөлігі 25-29 жастағы, жоғары білімі бар, жоғары айлық жалақысы бар қыздар. Жастардың көп бөлігін ғаламтордан спорт және дұрыс тамақтану тақырыптары қызықтырады. Ғаламторды қолданушылар көп болғанымен, ауырғанда дәрігерге баратындардың саны жоғары, демек, ғаламтор дәрігерлер мен науқастардың арасындағы байланыс үзілмейді. Дегенмен, барлық әлеуметтік желілерді көрсетілетін денсаулыққа қатысты ақпараттардың шынайылығы қадағалануы қажет.

Ләззат Сейтқазықызы Спанқұлова,
Айгерім Ермуханбетова.
Нархоз Университеті

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста