Француздарды қызықтырған Қараталдың жүзімінің қадіріне қашан жетеміз?

Тамылжыған тамыз айына таман көк базарда жүзімнің неше түрі самсап тұрады. Сонау Өзбекстаннан жеткізілген жүзімнен бастап, өзіміздің оңтүстік өңірлерден келген жүзімдерді қала тұрғындары таласа-тармаса сатып алып жатады. Қытайдың жүзімін де қалаушылар табылып жатады. Сөйтсек, жүзім деген жарықтық өзіміздің Зайсан ауданының Қаратал ауылдық округінде де жақсы өсетін көрінеді ғой. Жақында Зайсан ауданына барған сапарымда осы мәселенің мән-жайына қанығып қайттым.

Бау-бақша өсіруге көңіл бөлініп отыр
Жалпы, тез бұзылатын жеміс-жидек өнімдерін сырттан тасығанша, өзімізде өсірген әлдеқайда тиімді емес пе? Мұндайды қазекем «алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» дейді. Бұл мәселе сонау оңтүстік өңірлерден жеткенше, талайы іріп-шіріп кететін жүзімге де қатысты. Олай болса, жүзім өсіруге табиғи қолайлы жағдай болса, жүзім өсіруді неге қолға алмасқа? Мен көкейімдегі осынау сауалды ең алдымен Зайсан ауданының әкімі Алмас Оңдақановқа қойған болатынмын.
- Иә, Қаратал ауылдық округінде жүзім өседі. Бірақ ондағы тұрғындар мұны негізінен үй шаруашылығы ретінде ғана ұстайды. Қараталда ресми түрде тіркеліп, жүзім өсірумен айналысып жатқан шаруашылықтардың саны әзірге біреу-ақ. Бірақ олар жүзімді сақтаумен айналыспайды, бірақ тамыз айынан бастап қараша айына дейін халыққа саудалайды,- деді аудан әкімі Алмас Оңдақанов.
Жүзім шаруашылығын қолға алу үшін ең алдымен, бұл салаға мамандану қажет деп санайды аудан әкімі. Жүзім өсіру дегеніміз – қияр өсіру емес. Екеуінің арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Жүзімді күтіп-баптау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Жүзім шаруашылығын қолға алу үшін әуелі нарықты зерттеу керек. Жүзімге сұраныс мол болатын болса, неге оны өсірмеске? Бәрі нарыққа байланысты. Бәрін нарық шешеді.
- Бұл тек тұтыну дастарқанының дәмі ретіндегі ас қой. Жүзімді шарап шығаратын зауытқа өткізіп жатқан жоқпыз. Маңайымызда ондай зауыт та жоқ, - дейді аудан әкімі әңгімесін әрі сабақтап.

Франциядағы алғашқы ақ қайнар Қараталдың өнімінен жасалғаны рас па?
Жалпы, біздің бір байқағанымыз, соңғы жылдары халық бау-бақша өсіруге жақсы көңіл бөліп отырған көрінеді. Мысалы, Сарытерек ауылдық округінде бір шаруашылық иесі облыс әкімінің грантын ұтып алып, үш гектар жерге алма бағын өсіріп жатса, Қаратал ауылында да «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша несие алып, жылыжай салып, қияр, қызанақ өсірумен айналысып жатқан тұрғындардың қатары артып келеді екен.
Жалпы, еліміз бойынша жүзім шаруашылығы негізінен Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында дамығанын біз жақсы білеміз. Бірақ Зайсан ауданының Қаратал ауылдық округінің жерінде жүзім өсетінін көпшілік біле бермейді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Қараталдың жері шыбық шаншысаң, ертең-ақ көктеп шыға келетін өте құнарлы жер. Әсіресе, жүзім өсіруге өте қолайлы екен. Рас-өтірігін кім білсін, тіпті, ел аузында француздар алғашқы ақ қайнарды (шампанское) Қараталдың жүзімінен жасаған деген де әңгіме бар. Тағы біреулер тоқсаныншы жылдардың басында румындар келіп, жүзім өсіруге ұлтарақтай жер де сұраған деп соғады. Қалай десек те, бұл жер жүзім шаруашылығына өте қолайлы көрінеді.
Жалпы, кейбір деректерге қарасақ, жүзім өсіру біздің заманымызға дейінгі 5 мың жылдықта қолға алыныпты. Негізінен Кіші Азия жерінде өсіріледі. Әлем бойынша жүзімнің шамамен он мыңдай түрі болса, оның 5 мыңнан астам сорты ғалымдарға белгілі. Қазақстанда 50-ден астам жүзім түрі өсіріледі.
Негізінде Қазақстанда алғашқы жүзім шаруашылықтары жиырмасыншы ғасырдың 20-30 жылдарында құрыла бастапты. Десе де, кеңестік заман тұсында шарапқа ішкілік ретінде қараудың салдарынан мыңдаған гектар жүзім алқаптары жойылып, жүзім шаруашылығы құлдырап кеткен көрінеді.
Десе де жүзім шаруашылығына еліміз соңғы жылдары қайтадан мойын бұра бастады.

Жүзім көшеттерін Алматыдан жеткізіпті
Біздің кейіпкеріміз – Рахым Серікбек қасиетті Қаратал жерінде жүзім өсірумен 2008 жылдан бері айналысып келеді. Аудан әкімінің айтып отырғаны да осы жігіт. 2005 жылы Қытайдың Алтай аймағынан туған жерге оралған бауырымыз бүгінде жүзім өсіріп, көл¬-көсір табысқа кенелмесе де, күнкөріске қажетті несібесін айырып отыр. Екі гектар жердегі жүзім алқабын жаздай мәпелеп күту әйелі Нұргүл екеуінің мойнында.
- Жүзім өсіру оңай емес. Тура бір жаңа туған сәбиді баққандай боласың ғой. Күн салқын болса, қымтайсың, күн ысыса қайтадан ашасың. Біреулер екі гектар жерге жүзім салды, болды, пайдаға кенелді деп ойлайды. Негізінде олай емес, жүзім алқабына көңіл бөлмесең, тақырға отырып қалуың оп-оңай, - дейді Рахым Серікбек.
Олар жүзім көшеттерін Алматыдан жеткізіпті. Жүзім өсіру үшін мемлекеттен ешқандай көмек алмаған. Қазір екі гектар жерде қарапайым елге түсінікті тілмен айтқанда, жүзімнің қара, көк, қызыл, қарақоңыр түрлерін өсіріп отыр.
- Жүзім өсірмей тұрған кезде өзіміздің фотосалонымыз болған. «Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді» дегенді ескеріп, ол кәсібімізді тастадық. Қазір тек жүзім өсірумен ғана айналысамыз, - дейді Нұргүл Құмарбек әңгімені әрі жалғап.
Ерлі-зайыпты жүзім өсірушілердің айтуынша, жеміс піскен кезде жүзім алқабын торитын ұрылардың да қарасы көбейеді екен. Тамыз айынан бастап піскен жүзімді саудаға шығарады.
- Жүзімді сақтау қиын. Сондықтан да қалай піссе, солай сатып жіберемін. Бағасы аса қымбат та емес. Былтыр бір келісін 300 теңгеден бастап сатып 200-ге дейін түсірдім. Халықтың да жағдайын түсінеміз ғой. Соның өзінде «Қай жақтың жүзімі? Қытайдікі емес пе?» деген секілді сауалдар қойып, есті шығарады, - дейді Нұргүл.
Әрине, олардың шаруашылықты кеңейткілері келеді. Бірақ әзірге оған жағдай жоқ. Оның үстіне ешқандай субсидия да алмайды. Ал Алматы облысының жүзімшілеріне мемлекет тарапынан субсидия берілетін көрінеді.
Қоштасарда Нұргүл замандасымыз:
- Сіздер жазда жүзім өскен кезде келулеріңіз керек еді. Онда мына жердің бәрі жап-жасыл болып, көздің жауын алып тұрады,- деді.
Әрине, еңбек етіп, тер төккен адам иен даланы да жап-жасыл желекке айналдыра алады. Ол үшін тек ынта мен ниет болса жеткілікті. Мүмкін алдағы болашақта Қараталдың жүзімін жеп, біз де бір марқайып отырармыз.
Керек дерек

1. Жүзімнің жас тамырын (30 гр.) 2 литр суға салып қайнатып, шашты жуса, қайызғақты кетіреді, құйқа терісін тазартады, шаш жақсы өседі.

2. Көктемде жүзімнің сабағын кесіп, шырынын бетке жақса, ондағы қара дақтар кетеді. Секпілді де жояды.

3. Жүзім шырынын мол етіп жинап, күніне 3 рет бір шай қасықтан ішсе, бауырды жазады, оның күйіп сыздағанын басады. Ұзынша келген ақ жүзім бауыр, көк бауырды жазады, қан қысымын төмендетеді.

4. Жүзімнің шырынын алма сірке суына қосып ішу еркектің ұрық безінің жұмысын жақсартады. Жарты литр шырынға бір ас қасық алма сірке суы қосылады.

5. Түстен кейін жүзім жеу, шырынын ішу ми жасушаларын жақсартады.

6. Қара жүзім шырынының жүрек ауруларына қарсы анти-канцерогендік ықпалы мол.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста