ENRC акцияларының шоғырлануы нені білдіреді?

ENRC акцияларының шоғырлануы нені білдіреді?

Таяуда ағылшынның Sunday Times газеті «әлемдегі ірі шикізат көздеріне ие Glencore компаниясы Қазақстанның тау-кен саласында басымдыққа ие Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясының акциясын сатып алғалы жатыр, ал келісімшарт сомасы шамамен 12 миллиард фунт стерлингті, яғни 19,5 миллиард долларды құрауы тиіс» деп ақпарат таратты. Ондағы мәліметтерге сенсек, Glencore-дың бас директоры Айван Глазанберг ENRC-дің басты акционерлерімен, сонымен қатар ENRC-дің 11,65 пайыз акциясы тиесілі қазақ билігімен де келіссөз жүргізген деседі. Бірақ әзірге ағылшын газетінің бұл ақпаратын ешқандай тарап растаған жоқ...
Керісінше, Glencore-дағылар оны жоқ­қа шығарды. «Біз саламыздағы барлық мүмкіндікті қарастырамыз әрі ол іспен үнемі шұғылданып отырамыз. Қазір бірқатар келіссөз жүргізіп жатқанымыз рас, бірақ оның ішінде ENRC-ді сатып алу туралы ұсыныс жоқ», – дейді аталған мәселеге қатысты пікірінде Glencore-дың бас директоры Айван Глазанберг.
Ал ағылшын газетіндегі осы жария­ланымға қатысты пікірін білмек ниетте Еуразиялық табиғи ресурстар корпорация­сының қазақстандық өкілдігіне арнайы хат жолдағанымызда, оған «біз басқа компа­ния­лардың әрекеттеріне комментарий бермейміз» деген жауап алдық. Қалай деген­мен де, осы ақпарат ENRC-дің Лон­дон биржасындағы индексінің едәуір көтерілуіне ықпал еткен екен. Осыны негізге алған мамандар «бұл компанияның жарнама қадамының бір сипаты болуы ықтимал» деген жорамалдар да жасай­ды.
Ал тау-кен саласын кеңінен зерттеп жүрген маман Марат Шибұтов бұл арада қазақстандық үлесті сату бойынша қандай да бір дайындық бар секілді деп дол­барлайды.
– Компанияның үш-төрт басты акцио­нері бары белгілі. Соның қайсысы екенін дөп басып айту қиын, дегенмен әйтеуір біреуі өз акциясын сатқысы келген болуы керек. Әрине, сатушыға қымбат сатқан тиімді. Сондықтан ол бірнеше инвесторды іздестірген шығар. Міне, осындай жағдайда бұл мәлімет ақпарат көздеріне шығып кеткен болар, – дейді ол.
Акция демекші, бүгіндері компанияның мемлекеттік үлесі шоғырландырылып жатыр екен. Таяуда Алматыда өткен IV тау-кен және металлургия конферен­циясында осындай мәлімдеме жасалды. «Kazakhmys пен ENRC-дің мемлекеттік үлесін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына өткізу процесі үстіміздегі жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс», – дейді аталған қордың тау өндірісі активтерін басқару жөніндегі директоры Жандос Әбішев. Ұлттық әл-ауқат қоры өкілінің пікірінше, бұл компаниядағы мемлекеттік үлес «Самұрық-Қазынаға» өткеннен кейін, ол оның еншілес компа­ниясы – «Тау-кен Самұрыққа» беріледі.
Еске сала кетелік, Kazakhmys-тың 26 пайызы мемлекеттің меншігіне тиесілі, ал 11 пайызы – онсыз да «Самұрық-Қазына­да», ал 15 пайызы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне қарайды. Ал ENRC-дегі мем­лекеттік үлес – 11,65 пайыз.
Яғни, бұл арадағы анығы, аталған ком­панияның мемлекеттік үлесін бір жерге шоғырландыру процесі жүріп жатыр. Мұның өзі әртүрлі пайым жасауға итер­мелейді. Дегенмен біз бұл арада асығыстық танытқымыз келмейді.
Тау-кен өндірісі саласында тек өзімізде емес, ТМД мемлекеттері ішінде шикізат қоры бойынша оқ бойы озық тұрған бұл компанияның еліміздің даму стратегиясы – Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына қатысатындығын да айта кетелік. Жақында ғана, нақтырақ айт­қанда, 23 маусымда ENRC құрамындағы Еуроазиаттық энергетикалық корпорацияға қарасты Ақсу ЖЭО-ның №2 энергоблогы қайта қалпына келтіруден кейін іске қосылды. Жоба екі жылдың ішінде жүзеге асырылды. Инвестициялар шамамен 250 миллион долларды құрады. Қайта қалпына келтіру жұмыстарының арқасында энерго­блоктың қуаты 325 МВт-қа жетті. Бұл ЖЭО қуаттылығын 2425 МВт-қа жеткізеді.
Қайта қалпына келтіру энергоблоктың барлық жабдығын ауыстыруға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, әлемге танымал компаниялардың үздік технологияларымен жасалған жаңа әрі анағұрлым қуатты турбогенератор, котлоагрегат, генератор мен трансформаторлар қойылған. Соны­мен қатар атмосфераға шығатын заттардың 99 пайызын ұстайтын электро­фильтрлер орнатылған. Қазіргі таңда №6 энергоблокты қайта қалпына келтіру шаралары жүр­гізілуде, компания оған шамамен 265 миллион доллар бағытта­мақшы. Осы жағынан алғанда, ENRC елі­міз­дегі ин­вестициялық қарқынын бәсең­детіп алған жоқ деп айта аламыз. Демек, таяу болашақта оның басты жұмыс алаңы негізінен біздің еліміз болатындығына шүбә жоқ.

Дерек пен дәйек
Жалпы, ENRC пайдалы қазбаларды өндіру және байыту саласында жетекші әртараптандырушы компаниялар тобы болып табылады. Ал өндірістік активтеріне мынадай кәсіпорындар кіреді: Қазхром ТҰК, Жәйрем КБК, Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), Қазақстан алюминийі, Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ), Еуразиялық энергетика корпорациясы (ЕЭК) және ENRC Logistics.
Шетелдік активтері:
негізінен Африкада орналасқан және оның ішінде Central African Mining and Exploration Company (CAMEC) мен Chambishi Metals PLC ком­панияларының мыс пен кобальт активтері және Camrose Resources Limited (Camrose) кәсіпорнының 50,5% үлесі бар. ENRC сондай-ақ Ресейдегі Серов ферроқорытпа зауытына, Bahia Minerals BV (BML) мен Mineraзгo Minas Bahia SA (MIBA), Брази­лиядағы темір кенін өндіру жобаларына, Қытайдағы (Туоли) Xinjiang Tuoli Taihang Ferroalloy Company-дің 50%-ына және Оңтүстік Африканың негізгі платина өндірушісі Northam Platinum Limited-тің 14,35% акцияларына иелік етеді. ENRC FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange Index) тізіміне енеді. ENRC-де қазіргі уақытта 70 000-нан астам адам жұмыс істейді, оның 65 мыңы – Қазақстанда.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста