Елордада ғаламдық экология мәселесі қаралып жатыр

Елордада ғаламдық экология мәселесі қаралып жатыр

Адамзат баласының жетістік жолындағы әрбір қадамы қоршаған орта үшін орны толмас зиян әкеліп жататынын білеміз. Әсіресе соңғы бірнеше онжылдықтың ішінде табиғат-ана қатты зардап шекті. Бұған мысалды алыстан іздеудің де қажеті шамалы. Осыдан бірнеше ай ғана бұрын әлемді дүр сілкіндірген Мексика шығанағындағы алапат апаттың өзі неге тұрады? Экологиялық және климаттық жағдайларға мән бермеушілік пен экономикалық өсім жолындағы тойымсыз әрекеттің ақыры осындай жағдайға алып келді.
Орны толмас қайғы әкелетін табиғат апаттарының алдын алу жолында Қазақ елі де аянып қалып жатқан жоқ. Бұған кеше еліміздің бас қаласы Астанада шы­мылдық көтерген Азия мен Тынық мұхит аймағы ел­дерінің қоршаған ортаны қорғау министр­лерінің VI халықаралық кон­ференциясын айтуға болады. Осымен алтыншы рет өткізіліп отырған халық­аралық жиынға БҰҰ-ның ЭСКАТО ( БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты өңірі бойынша экономикалық және әлеу­меттік комиссиясы) комиссиясына мүше 62 елдің қоршаған ортаны қорғау министрлері келіп қатысып жатыр. Форумның басты мақсаты – ғаламдық және аймақтық эко­логиялық проблемаларға қатысты туындаған қауіп-қатерлерге қарсы күрес мәселесін талқылау. 

Бүгінгі таңда Азия-Тынық мұхиты аймағы елдеріндегі экономикалық өсу деңгейі өте қарқынды жүріп келеді. ЭСКАТО Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы Рай Квон Чунгтің айтуынша, бұл аймақтың әлем алдындағы рөлі де біршама артып, жалпы жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай төмен­деген. «Бірақ бұл үрдіс экологиялық жағынан өте қауіпті болып отыр. Азия құр­лығындағы жедел дамып келе жатқан экономикалық жағдай мен өндіріс орын­дарының жаппай артуы қоршаған ортаға айтарлықтай зиян тигізіп отыр. Сол себепті енді жалпыазаматтық қоғамның алдында энергетиканың жаңа түрін таңдап алудан басқа жол жоқ», – деген Чунг мырза эко­логиялық жағынан тиімді деп танылған бірнеше бағытты атап өтті. «Біз ЭСКАТО ая­сында «Жасыл даму» бағдар­ла­масы бағ­дарына ілгерілеушілік әкелу үшін қажет деп танылған бірнеше ауқымды бағытты анықтап алдық. Атап айтқанда, біріншіден, бізге саннан гөрі сапалық өсімге бетбұрыс жасау қажет. Екіншіден, тұрақты инфра­құрылымға инвестиция салу керек», – деді ол.
Сондай-ақ шетелдік мейман ғаламдық экологиялық жұмыстары үшін Қазақстан Үкіметіне алғыс айтты. «Үкімет экологиялық тиімділікті арттыру мақсатында аз жұмыс атқарып жатқан жоқ. Осындай маңызды форумның Астанада өтуінің өзі Қа­зақстанның қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелеріне көңіл бөліп отырғанын көр­сетеді. Қазақстанның негізгі ұстанымы ай­мақтағы экологиялық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған», – дейді Рай Квон Чунг.
Болашақта адамзат баласын эколо­гиялық сәтсіздіктен сақтау қажет. Көптеген елдер осыған байланысты «Жасыл даму» бағдарламасын іске асырып жатыр. Дамы­ған елдердің ізімен келе жатқан Қазақ елі де келесі жылдан бастап аталмыш бағ­дарлама бойынша жұмыс жасауға дайын­дық жұмыстарын бастап кетті. Мұны осы жиында қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов те шегелеп айтты. «Елімізде келер жылдан бастап «Жасыл даму» бағдарламасы іске қосылады. Құжат қазіргі уақытта Үкіметке ен­гізілді. Кейін ол Парламентте қаралып, Пре­зидент қол қоюы тиіс. «Жасыл даму» бағ­дарламасының негізгі мақсаты – өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу арқылы кәдеге жарату. Бұл – Президенттің тікелей тап­сырмасы. Оның екінші бір бағыты – Киото процесіне қосылу», – дейді қоршаған ортаны қорғау министрі.
Азия мен Тынық мұхиты аймағы ел­дерінің қоршаған ортаны қорғау министр­лерінің VI халықаралық конференциясы еліміз тарихындағы айтулы оқиға екені даусыз. Конференция 1985 жылдан бері әр бес жыл сайын өткізіліп келеді. Ол қыркүйектің 27-сі мен қазанның 2-сі аралығында өтеді. Жиын шеңберінде сондай-ақ бизнес-форум, азаматтық қоғам мүшелерінің форумы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетістіктер, жобалар мен жаңа технологиялар көрмесі өтеді. 1 қазан күні конференцияға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатыспақ.
Бас-аяғы алты күнге созылатын бұл бас­қосу екі бөліктен тұрады. Қыркүйектің 27-29-ы аралығында министрліктердің бас ма­мандары мен сарапшылары қоршаған ор­таны қорғау және дамыту мәселелерін талқылайды. Ал қазан айының 1-і мен 2-сі аралығында ведомство басшылары ақырғы құжаттарды әзірлейді. Онда қоршаған ортаны қорғау саласында бірігіп қызмет атқару жайы талқыға түседі. Сондай-ақ конференция аясында 30-дан астам іс-шара мен жәрмеңкелер өткізілуі тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста