Елімізде екі жаңа банк пайда болуы мүмкін

Елімізде екі жаңа банк пайда болуы мүмкін

Қазақстанда екінші деңгейлі екі жаңа банк пайда болуы мүмкін. Оларды екі микроқаржы ұйымы құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазір біз микроқаржы ұйымдарының екінші деңгейлі банктерге айналуын күтіп отырмыз. Бізде екінші деңгейлі банктерге айналуға ниет білдірген екі ірі микроқаржы ұйымы бар. Олар: KMF және Solva. Олардың портфелі бар, капиталдың жеткіліктілік деңгейі олардың банкке айналуына мүмкіндік береді», - деді М. Әбілқасымова.

Ол өткен жылы заңнамаға микроқаржы ұйымына лицензиядан бас тартпай конверсиялауға мүмкіндік беретін тиісті түзетулер қабылданғанын еске салды. Сонымен қатар агенттіктің жаңа банктер ашу талаптарын ырықтандыруға бағытталған банк жүйесі туралы заңнамаға бірқатар түзету дайындағанын айтты. Осы түзетулер қабылданғаннан кейін қазақстандық нарықта екінші деңгейлі банк ашқысы келетіндер көп болады деген үміт бар.

Azattyq Ruhy.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста