Елімізде банк қарыздары мен микрокредиттерді кешіруге қатысты көп өтініш түскен

Елімізде банк қарыздары мен микрокредиттерді кешіруге қатысты көп өтініш түскен

Өткен жылы қазақстандықтар банктер мен микроқаржы секторы ұйымдарының қызметіне қатысты 35 мыңнан астам өтініш келіп түсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Мұндай деректер «Ашық НҚА» порталында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» құжатта қамтылған.

 

«Өткен жылы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жеке және заңды тұлғалардың 35 337 өтінішін қарады. Ал 2021 жылы мұндай өтініштер 42 925 болған еді. Тұтынушылар өтінішінің 99%-ы банктер мен банктік емес ұйымдар секторына қатысты болды. Талдау көрсеткендей, банк және микроқаржы саласындағы негізгі өтініштер банк қарыздары мен микрокредиттерді кешіру, оларды қайта қарау және нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру жөнінде болған. Зерттеу нәтижесінде қарыз алушының борыштық жүктеме коэффициентін дұрыс есептемеу, жасырын комиссиялар, сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәнінен және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінен асып кетуі, жалған тұтынушылық кредиттерді рәсімдеу сияқты проблемалар анықталады», - делінген құжатта.

 

Бұған дейін Қазақстанда 17 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылғаны хабарланған еді.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста