«Электрондық үкіметте» төлемді үйде отырып та жасай беруге болады

«Электрондық үкімет» – көбіміз ойлап жүргендей, ресми веб-сайттардың топтамасы емес. Оның  нағыз «қызығы» осы ресми сайттардың ар жағында екен. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы Жобалар кеңсесі директорының орынбасары Жұлдыз Нұрғалиқызы Жексенбаевамен әңгіме барысында осыған көзімізді жеткізе түстік...

– «Электрондық үкімет» – еліміз үшін аса маңызды жобалардың бірі. Сол себепті де бұған Үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазақстанда «Электрондық үкіметті» қалыптастыру және дамыту бағдарламасы қолға алынғалы бері қыруар шаруа атқарылды. Қазіргі кезде біртіндеп сол жұмыстардың жемісін көре бастадық деуге болады. Бағдарлама кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Алғашқы, яғни ақпараттық кезеңде, порталға барлық мемлекеттік органдардың ақпараттық қызметтері енгізілді, ресми веб-сайттар жолға қойылды. Одан кейінгі интерактивті кезеңде азаматтар порталға тіркеліп, өтініштерін үйінде немесе жұмыс орнында отырып-ақ интернет арқылы бере алатын болды. Транзакциялық кезеңде төлем шлюздері қолданысқа енгізіліп, екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйлеріне байланыс орнатыла бастады. Сөйтіп, қаржы транзакциясын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болып отырмыз.

– Демек, бұл кейбір төлемдерді де енді банктердегі ұзын-сонар кезекке тұрмай, үйде отырып-ақ төлей беретін боламыз деген сөз бе?

– Дәл солай. Салықтарды төлеу, лицензияны алу, баланы балалар бақшасына орналастыру, жылжымайтын мүлік жөнінде аңықтама алу – енді осының бәрін үйіңізде отырып-ақ жасауға болады. Мемлекеттік органдар ұсынатын кейбір қызмет түрлерінің ақылы болып келетіні белгілі. Сондай қызметтерді де «Электрондық үкімет» арқылы алудың мүмкіндігі туды. Қазіргі таңда екі екінші деңгейлі банк «Электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйесіне қосылған. Олар – Қазкоммерцбанк пен Ресей жинақ банкі. Портал арқылы жасалған төлемдердің бәріне де заңды құжат – электрондық чек беріледі. Оны жай ғана компьютерден шыққан қағаз екен деп ұғуға болмайды. Жалпы, «Электрондық үкімет» арқылы берілген құжаттардың бәрі де электрондық сандық қолтаңбамен бекітілен.

– Портал арқылы берілетін құжаттар, өтініштер электрондық сандық қолтаңбамен расталады. Мөр қойылмайды. Осы қаншалықты сенімді? Бұл құжаттардың қолдан жасалып кетуіне жол бермей ме?

– Керісінше, ең сенімді расталған құжат деп осындай электрондық сандық қолтаңба қойылған құжаттарды атаған болар едім. Олай дейтінім, кейбір он саусағынан өнер тамған шебер адамдардың мөрді де, күрделі деген қолдарды да айнытпай жасап жіберуі әбден мүмкін. Ал ешкім электрондық сандық қолтаңбаны дәлме-дәл жасай алмайды. Тіпті бір құжатқа қойылған электрондық қолтаңбаны компьютерді пайдаланып көшіріп, екінші құжатқа қойып жіберген күннің өзінде, құжаттағы штрих-кодты арнайы сканер арқылы оқығанда, оның жасанды екені белгілі болады, өйткені штрих-кодта құжатта көрсетілген ақпарат құпияланады. Бұған қоса, тиісті мекемелердің қызметкері электрондық құжаттың нөмірі бойынша портал (Интернет) арқылы құжаттың растығын тексере алады. Сондықтан мекемелер үшін де оның тиімді жақтары өте мол.

– Қызмет түрлерінің барлығын бір күнде «Электрондық үкіметке» шығара қою мүмкін емес. Қандай қызмет түрлерін алдымен автоматтандыруға тырысасыздар?

– Бізде мемлекеттік мекемелер тарапынан халыққа көрсетілетін қызмет түрлерінің тізілімі бар. Солардың ішінен ең көп сұранысқа ие болып тұрғандарын, әлеуметтік маңызы жоғарыларын таңдап алып, барынша жедел автоматтандыруға күш саламыз.

– «Электрондық үкіметтің» алдағы уақытта халыққа арнаған тағы қандай сыйы бар?

– Бүгінгі таңда «Электрондық үкімет» порталында 59 қызмет түрі көрсетіледі. Әрине, биыл олардың қатары тағы толыға түсуге тиіс. Кем дегенде тағы он қызмет түрін автоматтандыруды жоспарлап отырмыз. Қазіргі кезде тұрғындар әлі де болса, қандай бір қызметтің түрін толыққанды алу үшін тағы бірнеше мемлекеттік мекемеден құжат жинауға мәжбүр. Бұған дейін әр мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері жеке-жеке қалыптастырылды. Егер әр министрліктің ақпараттық жүйелерін, яғни жеке порталдарын «Электрондық үкімет» шлюзіне байланыстыруды бітірсек, мұндай жүгірістерден де құтыламыз. Қызмет көрсететін орган түрлі анықтамалар әкелуді талап етпейді, керекті ақпаратты олар «Электрондық үкіметпен» байланыс арнасы арқылы сол сәтінде-ақ сұратып ала алады. Сөйтіп, болашақта әр мекемеден электрондық анықтама жинап жүрудің де керегі болмай қалады.

– «Электрондық үкіметті» облыстардағы «электрондық әкімшіліктермен» байланыстыру жайы қалай?

– Бұл да енді қолға алынып жатқан шаруа. Өзіңізге белгілі, әр әкімшіліктің жанында ақпараттық жүйелермен жұмыс істейтін құрылымдар бар. Бұған дейін олар «электрондық әкімшілікті» өз ұстанымдары бойынша жасап келді. Мұндай жағдайда оларды кейін бір-бірімен және орталық органдармен байланыстыруда қиындықтар туындауы мүмкін. Осыны ескеріп, Ақпараттандыру және байланыс агенттігі бізге аймақтық бағдарламалар жасауды тапсырып отыр. Ортақ талаптар мен өлшемдер белгіленбек. Осы бағдарлама аясында барлығы да бір жүйеге келтіріледі.

«Электрондық үкімет» дегенде, көп адамдардың веб-порталдарды көріп, осы ғана екен деп ойлайтыны рас. Оның ар жағында қандай күрделі, үлкен күш-жігерді қажет ететін жүйе тұрғанын біле бермейді. Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы билік орындарының ресми веб-сайттары «Электрондық үкімет» бағдарламасының ең алғашқы қадамдары болатын. Сондықтан да оларды түкке тұрғысыз әрекет деуге тағы болмайды. Осы сайттардың артында үлкен жабық ақпараттық жүйелер жатыр. Барлық құжат айналымы осы жабық арналарда жүреді. Ашық интернетке шықпайды.

– «Электрондық лицензиялау» ақпараттық жүйесін қолданысқа енгізу жұмыстары қалай жүргізілуде?

– Бүгінгі күні кез келген пайдаланушы «Е-лицензиялау» (www.elicense.kz) мемлекеттік деректер қоры сайтына кіріп, тіркелген соң, лицензия алуға өтініш жолдай алады. Нотариатқа растатып, қыруар құжат жинап әуре болудың қажеті жоқ.  Біздің елімізде 22 мемлекеттік мекеме мен жергілікті орган лицензиялау, өзге де рұқсаттама құжаттар берумен айналысады екен. Олардың кейбіреуінің өздерінің ақпараттық жүйелері бар. Кейбіреуінде жоқ. Лицензия беру туралы өтініш үш айға дейін қаралады екен. Жан-жақтан жинайтын құжаттары да көп. Біздің міндетіміз – осы мерзім мен талап етілетін құжаттарды қысқарту, жеңілдету. «Электрондық лицензиялау» кәсіпкерлік ортаны жақсартып қана қоймайды, мемлекеттік қадағалаудың сапасын арттыруға да мүмкіндік береді. Былтыр тоғыз лицензиялаушы мемлекеттік орган жүйеге қосылды. Биыл қалғандарын енгізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар облыстардағы лицензия беруші мекемелерді де қолға аламыз.

Қазіргі кезде қызу жұмыс жүріп жатқан «Электрондық нотариат» порталы да осындай маңызды жүйелердің бірі. Бұл күш көрсету немесе алаяқтық арқылы біреудің мүлкін не кәсібін біреу тартып алып жатқан оқиғаларға сөз жоқ, тосқауыл бола алады. Құқықтық қауіпсіздігімізді де  нығайта түседі.


 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста