Электр қуатын үнемдеуге отандық құрылғы көмектеспек

Жамбыл облысында жаңадан ашылып жатқан ірі және кішігірім өндіріс орындары жетерлік. Олардың барлығы да электр қуатын молынан пайдалануға тәуелді. Сондықтан да бүгінде электр қуатын үнемдеу күн тәртібінен түспей келеді.
Осы мақсатта облыстағы ірі «Жамбыл электр жүйесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі энергия үнемдеу мақсатында автоматтандырылған жүйе енгізуді қолға алып отыр. Осы мақсатта аталған серік­тестік пен «Жамбыл-Жарық-Сауда — 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында 2010-2012 жылдарға арналған құны 1 744 684 мың теңгенің инвес­ти­циялық бағдарламасы бар. Осыдан екі жыл бұрын қолға алынған жоспар бүгінде 148 пайызға орындалып отыр. Жеткен жетістік те, нәтиже де жаман емес. Электр қуатын үнемдеу артығымен орындалып, ысырап төмендетіліп, 18,15 пайызды құ­рады. Жыл аяғына дейін нормативтік ысыраптарды тағы 16,2 пайызға төмендету жоспарланып отыр. Бұған жамбыл­жарық­саудалықтардың екі жыл бұрын қолға алған автоматтандырылған электр энер­гиясын бақылау және есептеу жүйесін енгізуінің арқасында қол жеткізілді.
Аталмыш серіктестік осы уақыт ара­лығында 22 мыңға жуық электр қуатын есептейтін құралдар орнатты. Артық­шы­лығы мол жүйе енгізілген аудан, ауылдарда электр қуатын үнемді пайдалану байқалып отыр. Бұрынғыдай ысырап жоқ. Нор­мативті ысыраптар 15 пайызға төмендеген. Мамандар осыған дейін электр қуатын ұрлаушыларға қанша тосқауыл қойса да ол мүмкін болмайтын. Әсіресе жеке жер үйде тұратындар арасында мемлекет меншігіндегі дүниені тегін пайдаланғысы келетіндер көп болатын. Оларды қолға түсіру де оңай емес. «Өнертапқыштар» қуат ұрлаудың неше түрлі амал-айласын жетік меңгеріп алған. Ақыры көп асқан­дарға бір тосқан болып, мына жүйе тұзақ құрып, тоқтатып отыр. Осы уақытқа дейін электр энергиясының шығыны 45 пайыз­дан да асып кеткен кездері болған. Электр  қуатын бақылау және есептеудің автомат­тан­дырылған жүйесінің енгізілуі энергетик мамандардың жұмысын жеңілдетті. Серіктестік орнатқан электр қуатын есеп­тегіш құралдарға тұрғындар көз аларта алмайды. Одан ұрлау мүмкін де емес. Неше түрлі әдіс-тәсілдерін қолданып, қуат ұрлауға құныққандар болса бірден құрық­қа ілігеді. Яғни қашықтықтан бақылау арқылы мекемеде отырған операторларға белгі түседі,  ары қарай оларды қолға түсіру де қиын емес.
«Жамбыл-Жарық-Сауда — 2030» жауап­­кершілігі шектеулі серіктестігі бұрын электр қуатын есептейтін құралдарды шет­тен сатып әкелетін. Ол әрине, қымбатқа түседі. Сол себептен қазіргі таңда мұндай құралдарды өздерінде құрастыруды қолға алды. Облыс орталығында көп салалы электр қуатын есептейтін құралдарды құрастырып шығаратын зауыт салынды. Жуырда ғана «Аспан Қазақстан» тауарлық маркасы бар электр қуатын есептейтін құралдардың алғашқы легін тұтынушы­ларына ұсынды. Бағасы да тиімді. Өтімді тауар өндіріп отырған өндіріс орны толық қуатында жұмыс істесе, айына 10 мың есептегіш құралын шығара алады. Облыс­тағы бүкіл тұтынушыны қамтамасыз етуге қауқары жетеді. Алдағы уақытта өзімізде өндірілген отандық өніммен алыс-жақындағы облыстарды қамтуды көздеп отыр. Тиімді тәсілі мол құрылғыға құда түсушілер әлден-ақ тапсырыс бере бас­таған.
Электр қуатын ұрлайтындар бұрын Қордай және Шу аудандарында көп кездесетін. Ілкімді жүйенің арқасында көзге көрінбес ұрлыққа тосқауыл қойыл­ды. Жамбылда жасалған жаңа есептегіш құралдардың тиімді тұстары өте көп. Егер электр қуаты бірден артып кетсе не бол­маса азайса, автоматты түрде өзі өшіріле­ді. Оның тұрғындарға тиімділігі орасан. Тұрмысқа аса қажетті құралдардың істен шықпауына әсері мол. Электр қуатын рет­теп тұратын стабилизатор сатып алуға артық қаржысы жоқ тұрғындарға бұл өте тиімді болып отыр. Пайдасы мол жүйе бүгінде облыс орталығындағы тұрғындары көп ықшамаудандар мен ұрлық көп орын алатын аумақтарда орнатылды. Алдағы уақытта Тараз қаласын толық қамту жоспарға енгізілді. 
Марат ДҮЙСЕМБИЕВ, «Жамбыл-Жарық-Сауда — 2030» ЖШС өткеру бөлімінің бастығы:
– Болашақта бұл жүйе облыстағы барлық аудандарда қолға алынатын болады. Тиімділігі мол жүйенің арқа­сында жұмыс жеңілдеді. Тұтынушыға да, мамандарға да айтарлықтай тигізер септігі мол.

Жүзеге асырылып жатқан инвестиция­лық бағдарламаға сәйкес, биыл Таразда қаншама жылдардан бері жөндеу көр­меген стансылар жаңғыртылуда. 26 шақы­рым­да ескі желі ауыстырылуда. 15 шақы­рымда жоғары кернеулі, 7 шақы­рымда төменгі кернеулі желі құрылысы қарқын алып отыр. Қосалқы стансылардың төртеуі жаңадан жарақтандырылудан өтуде. Жоспарланған жұмыстың біразы еңсеріліп қалды. Енді жамбылдықтар электр қуатын үнемдеп, өзгелерге үлгі болмақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста