«Электр энергиясы қымбаттауы әбден мүмкін» – депутат

Энергия өндіруші ұйымдарда тозудың орташа көрсеткіші - 53%, өңірлік электр желілік компанияларда – 66%.

Мәжілісте "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы" хаттаманы ратификациялау мәселесі мақұлданды. Баяндама жасаған депутат Әлімжан Құртаевтың айтуынша, заң жобасын қарау кезінде бірнеше мәселе туындаған, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Бірінші, бүгінгі таңда Қазақстанда электр энергиясының бағасы одаққа мүше мемлекеттер арасында Қырғызстаннан кейінгі ең төмен бағалардың бірі. Беларусьте - 42 теңге, Арменияда – 34 теңге, РФ - 23 теңге, ҚР - 18,6 теңге, Қырғызстанда-10 теңге. Ортақ электр энергетикалық нарықтың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу барысында нарықтардың айырмашылықтары ескеріліп, ортақ нарықтың электр энергиясын өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық мүдделерінің теңгерімі сақталуы тиіс. Сондай-ақ әлеуметтік шиеленіске жол бермеу мақсатында электр энергиясына тарифтердің күрт өсуін болдырмау үшін үкімет тиісті  шаралар әзірлеп, қабылдауы тиіс", - деді Құртаев.

Айтуына қарағанда, екінші мәселе электр энергетикасы жүйесіндегі жабдықтардың тозу деңгейі айтарлықтай жоғары болуына қатысты.

 "Энергия өндіруші ұйымдарда тозудың орташа көрсеткіші - 53%, өңірлік электр желілік компанияларда – 66%. Қазіргі уақытта уәкілетті орган жаңа қуаттарды іске қосу және жұмыс істеп тұрғандарды жаңғырту бойынша жұмыс жүргізуде. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығынының қалыптасуына қарамастан, Қазақстанда электр энергиясы тарифтерінің өсуі әбден мүмкін", - деді депутат.

Депутат айтқан мәселені энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовтен сұрап көрдік. Ол үкімет мараторий енгізген 180 күннен кейін не болатынын нақты айта алмады, "мәселе мұнай, көмір, газ бағаларына байланысты болады" дегенді айтты. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста