Елімізде екі айдан кейін 4 күндік жұмыс аптасы іске қосылады. Бұдан былай еңбек ететіндерге бес және алты күндік, сондай-ақ толық емес жұмыс аптасы қарастырылады. Бұл ретте жекелеген өндірістерде әр түрлі апталарда бір мезгілде бес күндік және төрт күндік жұмыс аптасын белгілеу қажеттілігі туындайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Еңбек саласындағы халықаралық стандарттарға сай, бір апта бес, келесі апта төрт күндік жұмыс тәсілін де қолдануға болады.
Мұндай өзгерістер енгеннен кейін жалпы демалыс күні – жексенбі боп қала береді.