«Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ қазақстандықтар соңғы бірнеше күнде WhatsApp қосымшасы арқылы тарай бастаған жалған хабарлама таратушыларға қатысты қылмыстық іс қозғау мақсатында бастама көтерді, деп хабарлайды zakon.kz.
Дерек көзінің хабарлауынша, көрменің ашылу салтанатына дайындық Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарының қатысуынсыз өтіп жатыр. Келушілер 4 маусымда ЭКСПО аумағына кіре алмайды.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы уақытта қазақстандықтар арасында 2017 жылдың 4 маусымында ЭКСПО территориясында ЭКСПО- 2017 көрмесінің ашылу салтанатына соңғы дайындық шарасы өтеді деген жалған хабарлама тарады. Сондай-ақ Алматыдан келген жұлдыздардың қатысуымен концерт өтеді, павильондар ашылады. Іс-шара 15:00-ден 21:00-ге дейін өтеді. Кіру тегін, 10 жастан асқан балаларға кіруге болады деген секілді жалған хабарлама тараған.
«Көрменің ашылуы 2017 жылдың 9 маусымында тек шақыру билеттерімен арнайы шақырылған өкілдердің қатысуымен өтеді, билеттер сатылымда жоқ. Егер демалыс күні көрмеде тегін серуендеп, концертті тамашалағыңыз келсе, онда 2017 жылдың 4 маусымында көрмеге келіңіздер. ЭКСПО аумағына кіретін маңында орналасқан кассаларда демалыс билеттері таратылады», делінген хабарламада.