ЭКСПО-2017 нәтижесі біз күткеннен әлдеқайда жоғары болды

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Қазақстан мен оның әріптестрі үшін экономикалық тұрғыдан тиімділігі және экономиканың өзге де салаларына тигізген оң әсері туралы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Пірметов Atameken business channel телеарнасына берген сұхбатында айтты.Оның айтуынша, көрмеге келушілер саны күтілген көрсеткіштен әлдеқайда жоғары болған. «Біз екі миллион қонақ келеді деп күткенбіз, алайда көрмеге келушілер саны төрт миллионнан асып кетті. Оның ішінде жарты миллионы 187 мемлекеттен келген шетелдік қонақтар» деді Әлішер Пірметов.Әлішер Пірметов мырзаның айтуынша, павильондардың ішінде ең танымалы қазақстандық павильон - «Нұр Әлем» болды. Ол Астананың және бүкіл Қазақстанның жаңа визиттік карточкасы болып отыр. Қысқа уақыт ішінде «Нұр Әлем» туристер көп аралайтын орынға айналды.«Астаналық кәсіпкерлер халықаралық көрменің уақытын ұзартуды сұраған болатын. Біз бұл ұсынысты қуана қабылдар едік. Бірақ, Халықаралық көрме бюросының бекіткен регламенті бар. Ал біз ол регламентті бұза алмаймыз. Кәсіпкерлердің осылай ықылас танытуы, көрменің тиімді болғанының тағы бір дәлелі болса керек» деді Пірметов.Сұхбат барысында Әлішер Пірметов көрменің экономикалық тиімділігіне тоқталды. «ЭКСПО – бұл коммерциялық шара емес. Әйтсе де, біз 70 млрд теңге пайда көрдік. Бұл тек билет сатудан ғана түскен пайда емес. Бізді демеушілер қолдады. Сонымен қоса, коммерциялық қызметтен, лицензиялық тауарларды сату құқығын беру, тауар белгісін пайдалану, т.с.с. кіріс әкелді. Көрмеге дайындық барысында 452 млрд теңге жұмсалғанын сіздер жақсы білесіздер. Ол қаржының басым бөлігі құрылысқа жұмсалды. Енді ол құрылыс нысандары мақсатты пайдаланатын болады. Елбасы оның концепциясын белгілеп берді» деді ол. Сонымен қатар, маман 2015 жылы тамызда ЭКСПО Ұлттық компаниясының жобаны қайта қарап, қаржат үнемдегенін айтты. «Топ- менеджментті екі есе қысқарту жыл сайын 100 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, көрменің жобасы қайта қаралып, ықшамдалып, артық элементтер алып тасталды. Нәтижесінде 300 млрд теңгеден астам қаржы үнемделді. Жалпы алғанда 364 млрд теңгеден аса қаржы үнемделді. Бұл жобаның бастапқы құнының 44,6% құрайды» деді ол.Сондай-ақ Әлішер Пірметов 2015 жылдың қыркүйек айында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы басқарма төрағасы қызметіне Ахметжан Есімов келген соң, еліміз бойынша он мыңдай жұмыс орны ашылғанын да тілге тиек етті. Сонымен қоса, ол, көрме барысында ұйымдастырылған шаралар мен көрмеге келген шетелдік қадірлі меймандар жайлы да айтып өтті.«ЭКСПО-2017 халықаралық көрме аясында 220 ресми шара ұйымдастырылып, оған 28 елдің президенті, 13 парламент спикері мен мемлекеттік хатшы, 10 премьер-министр, 26 премьер-министрлердің орынбасары, 70 министр мен 48 министрдің орынбасары, 22 халықаралық ұйымның өкілі қатысты. Жалпы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысушы 45 елдің делегациясы келді» деді ол.Сұхбат соңында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Пірметов көрменің тиімді болғанын және бұдан кейін де оның тиімділігі арта беретінін айтты.
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста