Экономиканың қозғаушы күші – технократтар

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев елдігімізді бекемдейтін 5 институционалды реформаны жүзеге асыруды ұсынған болатын.

Біз осы реформаны тереңірек талдап, елге жеткізу мақсатында Рысқұлов атындағы Қазақ ұлттық экономикалық университетінің доценті Ілияс ИСАЕВ ағамызды әңгімеге тартқан болатынбыз:
– Елбасы ұсынған 5 реформаның бірі – әртараптандыруға бағытталған индустриалды және экономикалық өсім жасау. Жаңа кәсіпорындар немесе жаңа жұмыс орындарын ашу және міндетті түрде Елбасы өзі бастаған индустриалды-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру. 2050 бағдарламасын жүзеге асыру, сосын ең негізгісі – «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы дағдарыстан қиналмай шығу.
Елбасы бір сөзінде қазақ елі экономикасына 100-ден астам трансұлттық корпорациялар қызығып отырғанын айтқан. Бізге үлкен зауыт, нысандарды салып, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін, индустриалдық-инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін бізге үлкен, тікелей инвестиция керек. 100 шақты трансұлттық корпорациялар бізге инвестиция салуға ықылас білдіріп отырса, оған кепіл керек. Кепіл – Елбасының өзі. 2050 бағдарламасын жүзеге асырудың бастамасы бұл. Сондықтан Президенттің экономикалық платформасы – Қазақстанның экономикалық даму қарқынын төмендетіп алмай, дағдарыстан алып шығып, тікелей инвестиция тарту. Индустриалдық-инновациялық бағдарлама содан кейін ғана жүзеге асады.
Біздің алдымызда атом электр стансасын салу, мұнай өңдейтін зауыт салу, Қашағанды игеру, алюминий зауытын салу, жаңа металлургиялық комбинат салу арқылы осы саладағы ғылыми жаңалықтарды жүзеге асыру, ауыр өнеркәсіп саласын дамыта отырып, машина жасау саласын дамыту міндеттері тұр. Машина жасау саласының іргесі қаланған. Енді оны дамыту керек. Оның ішінде жеңіл және ауыр машина жасау, тепловоз жасауды дамыту.
Елдегі саяси жағынан тұрақтылық, тыныштық трансұлттық корпорациялардың қызығушылығын арттырып отыр. Шетел инвесторларына жасалатын жеңілдіктер бар. Бұл да оларды тартудың, қызығушылығын арттырудың жолдары. 10 жыл бойы мүлік салығынан босату, 10 жыл бойы корпоративтік салықтан, 8 жыл жер салығынан босату жеңілдіктері қарастырылған.
Егер бізге шетел инвесторлары келіп зауыт-фабрикалар салатын болса, сол  зауытты салуға, инфрақұрылымға кеткен ақшаның 30 пайызын өзіне қайтарып берем деген сөз. Президент егер шетел инвесторлары келіп зауыт-фабрикалар салса, жұмыс күшін сырттан әкелуге ешқандай шектеу қойылмайды деген болатын. Индустриалды-инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін бізге үлкен инвестиция, жоғары кәсіби мамандар, техника-технология керек. Президент осыларға кепіл болады. Осылайша, біз индустриалдық-инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыра аламыз. Ондай жобаларды іске асыруға біздің өз шамамыз келмейді. Өйткені адами, техникалық ресурстарымыз шектеулі. Бізге еңбекке жарамды 7 миллиондай адам бар десек, оның барлығы технократ емес қой. Ауыл шаруашылығында жұмыс істейді біразы. Бізге технократтар керек. Олар Президенттің өзі айтқан орта тап. Орта тап – зауыт-фабрикаларды үйіріп басқаратын, мамандық жағынан терең білім алған инженер мамандар. Осыдан кейін экономика дамиды. Елбасының жастарымызды техникалық, инженерлік мамандыққа келіңдер деп тартып жатқаны осы саясатқа байланысты. Кәсіби техникалық оқу орындарын жандандырып, техникалық, инженер мамандарға грант көбірек беріліп жатыр. Біз көптеген технократтар дайындауымыз керек. Технократтар – орта тап. Біздің экономиканың, өндірістің қозғаушы күші – солар.

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста