Экономикалық дербестігіміздегі отандық өнімдердің рөлі қандай?

Экономикалық дербестігіміздегі отандық өнімдердің рөлі қандай?

Еркін экономикалық одаққа кірігіп, өзара бәсекелестік додасында тізгін қаққан Қазақстанның мақсаты, әрине, әлемдегі ең мықты дамыған 30 елдің қатарына ену болып табылады. Бастапқыда Кеден одағы аясында жүзін қайрап, Дүниежүзілік сауда ұйымына енуде өткір қылыштай жарқылдауы тиіс біздің ел Орталық Азияның айбарлы да азулы барысына айналуды көздейді. Елбасымыздың «Қазақстан – 2050 стратегиясындағы» басты мақсат та осы. Сондықтан мұнай табысына байланбас үшін бүгіндері экономикамызды әртараптандыруға басымдық берілуде. Бұл жоспар кезең-кезеңдік сипаты бар Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жүзеге асырыла бастады. Шүкір, Тәуелсіздігіміздің 21 жылдық ақ таңында отандық және шетелдік нарыққа «Қазақстанда жасалған» деген белгімен 200-ге жуық ұлттық тауарымыз жол тартқан.
Алғаш рет Үдемелі индустриялық-ин­но­вациялық даму бағдарламасы іске қосылып, жаңа инновациялық жобаларға көлемді қаржы бөлінген кезде бұған күмәнмен қараушылар көп болды. Бірақ ұзақмерзімді инвестицияны қажет ететін жобалар бір күнде тауарға айналып шыға келмесі белгілі емес пе? Міне, бұл фак­тормен санаспай, қоғамда ши шығарғысы келетіндер асығыс пайым жасап та жатты. Алайда «Бәріне уақыт төреші» демекші, тәуелсіздігімізді экономикалық тұрғыда дәлелдей алатын жобалар біртіндеп өмірге келе бастады. Негізінен, кез келген ел өз тасымал нарықтарының тәуелсіздігін қамтамасыз етпейінше, егемендікті толық түйсінбейді. Осы жағынан алғанда, ҮИИДБ аясында алғашқы болып қолға алынған жобалардың стратегиялық маңызға ие болуы кездейсоқтық емес. Елбасымыздың сарабдал сыртқы саясатының арқасында он жыл бойына бойымыз үйренген «Ста­тойл», «Тотал», «Шеврон» секілді компания­лардың қатарына инновациялық техно­логия саласында әлемдегі озық көшбас­шылар қосылды: «Дженерал Электрик», CNNC, CGNPC, Тоshiba, Alstom Transport ТМД мемлекеттері ішінде тек Қазақстанға ғана бас бұрып, оның бірқатарымен мем­лекетаралық маңызды келісімшарт­тарға қол қойылды. Соның арқасында «ғасыр жобасы» деген атқа ие болған мұ­най мен газ саласында ғана емес, жоғары техно­логиялық машина жа­сау, мұнай-химиясын, сирек және жерүсті металдары өндірісін дамыту, атом реакторы құры­лысы, теміржол желілерін орнату, жүк тасымалына арналған вагоннан бастап оны сүйрейтін электровоз өндірісіне дейін отандық үлесті арттыра алдық. Нақтырақ айтқанда, «ғасыр жо­басы» атауына те­ңелген теңдесіз жобалар мыналар болып табылады: былтыр Мойнақ су электрстансысы мен елімізді көрші Қытаймен жақындата түсетін екінші шойын жол тармағы – Жетіген – Қорғас теміржолы желісі жобасының алғашқы кезеңдері бел­гіленген мерзімінде пайдалануға берілді. Мойнақ су электрстансысы толық қуатымен іске қосылса, оңтүстік облыстың ток сұра­нысының басым бөлігін жаба алатын болады, ал Алакөл ауданындағы Достық-Алашаңқай теміржол желісіне барып қо­сылатын Жетіген – Қорғас шойын жолының арқасында халықаралық жүк және жолаушы тасымалы артады. Бұл арада екі ел арасындағы жүк тасымалы 15 млн тоннадан астам екенін ескерте кетелік. Қазір Қазақстан, Түрікменстан және Иран елдері Өзен – Берекет – Горган теміржол желісінің құрылысын жүзеге асыруда. Қазақстандық тарап аталған теміржол желісінің 146 шақырымын құрайтын құрылысты 2009 жылы бастап, өткен жылдың соңында барлық нысанымен бірге аяқтаған еді. «Өзен – Түрікменстан шекарасы» Қазақ­станды Қытай, Кеден ода­ғындағы әріп­тестері Ресей және Бела­русь мемлекет­терімен сауда қатынас­тарын одан әрі дамытуға, Парсы шығанағы мен Иранның теңіз порттары арқылы халық­аралық нарықтарға тікелей шығуға мүм­кіндік беріп, еліміздің экспорттық әлеуетін арттыратын маңызға ие.
Бірінші кезеңі мерзімінен бұрын аяқ­талған, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағы бойынша өтетін «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбыры Орта Азия газы экс­портын әр­тараптандыруға мүмкіндік беріп, еліміздің оңтүстік өңірін өзбек газына тәуелділіктен босатады. Сондай-ақ кейіннен осы газ құбырына барып қосылатын «Қа­зақстан-Қытай» газ құбыры құрылысының үшінші тармағына инвестиция құюда оның экономикамызға мультипликативтік әсер беретіндігін бажайлап отырмыз. Осы заманның ең көлемді энергетикалық жобасы – трансазиялық газ құбырының іс­ке қосылуы. Яғни «Түрікменстан – Өзбекстан – Қазақстан – Қытай» газ құбырының арқасында мұхиттың арғы жағына шикізатты, соның ішінде көгілдір отынды тасымалдауда біз бұрынғыдай Ресейдің нарығына тәуелді болмаймыз. Сондай-ақ елімізде бірнеше металлургия комбинаты, машина жасау кәсіпорындары салынды, үш мұнай өңдеуші зауыт модер­низация­ланды. Бүгіндері 70-ке жуық электровоз шығарып үлгерген «Электровоз құрастыру» зауыты бірінші кезеңде Қазақстан темір­жолы тапсырысы бойынша 200 жүк, 95 жолау­шылар тасымалына қажетті электровоз­дарды өндіруді көздейді. «Қазақстанда жасалған» деген таңбамен неше түрлі көліктер елімізде құрастыры­лып шыға­рылып та жатыр. Біз бұл арада ресейлік модельдер­мен шектеліп қалған жоқпыз, автокөлік нарығындағы танымал шетелдік компаниялармен шарт жасастық. Мақсат – елімізде көптеп жұмыс орнын ашу, ел бюджетіне салық түріне қаржыны тарту әрі көлік өндірісі бойынша тәжірибе жинақтау. Бұл арада ең ірі инвестиция мен техника мен технологияны қажет ететін бұл жобаларға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры оператор болғанын баса айта кетелік.
Отандық тауарды сыртқы және ішкі нарыққа өткізудің мемлекеттік тетіктері де қарастырылған. «Қазақстандық қамту туралы» арнайы заңға бап енгізілді. Өндірген тауары экспортқа бағытталған­дар­ды халықаралық нарыққа тегін шығарып, жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсететін KazNex INVEST ұлттық агенттігі де құрылды. Жалпы, «қазақстандық қам­тудың» мақсаты отандық өнімдер тұты­нысын шоғырлан­дыру болып табы­лады. Бұл бағытта Еуразиялық табиғи ресурстар корпорация­сының (ENRS) жұмысы жемісті нәтижеге ие. Мәселен, осыған дейін кор­порация өндірісте пай­даланатын жарылыс заттарын (аммо­ниттерді, граммониттерді, оқ-дәрілерді) ресейлік компаниядан алса, биылдан бастап 345 млн теңгеге осы қажетті жарақ­тары бойынша отандық кәсіпорындармен келісімшарт жасасқан. ENRS өз тобына Павлодар машина жасау зауытын енгізу арқылы құрал-жабдық­тармен, техникамен қамтамасыз ету мә­селесін де шешіп алды. Бұл зауыт тек атал­ған корпорацияны ғана емес, Ресей мен еліміздің ірі компания­ларын кран, металл конструкциясы секілді техникамен қам­тамасыз етіп отыр. Өндіріс ошақтарына, негізінен, жергілікті отындар пайдалануда. Сондай-ақ аталған кор­порация аясында Қазақстан Электролиз зауытында алю­миний өндіріледі. Мұнда алюминий өн­дірісіне қажетті ашық анод­тар шығаратын цех құрылысы жүргізіліп те жатыр. Бұл өз кезегінде еліміздің аллю­миний бойынша сыртқа тәуелдігімізді белгілі бір деңгейде қысқаратуы тиіс. Сондай-ақ бұл арада энергетика, элек­троника саласына қажетті сым темірлердің өндірісі де бір жолға қойылмақшы. Ал Талдықорғандағы ак­кумулятор шығаратын зауыт «Қайнар–АКБ» ЖШС жаңа италиялық Sovema құрал-жабдығымен жарақталып, халықаралық стандартқа сай өнімдерін Орталық Азия елдеріне тасымалдауды бастап та кеткен. Егер бертінде ғана ашылған Атыраудағы коммуналдық шаруа­шылыққа арналған арматура өндірісін еліміздің осы сала­сындағы қарлығашы деп айтатын болсақ, бүгінгі таңда біздегі мұндай өндірістің саны 12-ге жеткен.
Осы жағынан алғанда, жылдан-жылға «Қазақстанда жасалған» тауарлар легі толығып жатыр деп айтуға негіз бар. Біз бұл арада, негізінен, стратегиялық маңызы бар жобаларға ғана кеңінен тоқталдық. Әйтпесе бәрін нөлден бастаған тәуелсіз Қазақстанда еңсесін тіктей келе, әлемдік брендтегі астықтан бастап, ұн, ұн өнімдері, дәрі-дәрмек, тәтті нан өнімдері, «Рахат» кондитерлік компаниясы көш бастайтын онға жуық кәмпит шығаратын отандық цехтар, әйелдер мен еркектерге, балаларға арналған сыртқы киімдер, тоқыма киімдер, спорттық киімдер, «ФудМастер» бастаған түрлі сүт өнімдері, экспортта үлкен сұра­нысқа ие батыс өңірдің балық өнімдері, ақыры дәретхана қағазы мен кір ысқышқа дейін шығаратын шағын өндірістер пайда болды (аталған отандық тауарлар бойынша «Сделано в Казахстане» сайтынан кең мағлұмат ала аласыздар). Келесі жылдан бастап іске қосылатын «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында отандық азық-түлік өнімдері үлесін арттыру да көзделіп отыр.
Жалпы, Елбасымыз Үкіметке «жылдан-жылға отандық тауарлар легін көбейте беру керек» деп тапсырма берген. Демек, Тәуелсіздікпен дүниеге келген жоғарыда аты аталған төл туындылар – отандық тауарлар, брендтер, өнеркәсіптер таяу болашақта ел экономикасының дамуында ерекше орын алады, кіріктірілген жаңа салалардың ашылуына жол салады деп айтуға толықтай негіз бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста