Менің қолымнан бәрі келеді, - деді Таразда «Анар» ЖК басқаратын 37 жасар әйел Анар Бексұлтанова әңгімелесу барысында.
Шынымен, тігу, кестелеу, техниканы басқару, сурет салу, әзірлеу, кез келген үй шаруасымен айналысу оған еш қиындық тудырмайды. Сонымен қатар ол екі қыз тәрбиелеп отыр, суреттерінің көрмесін өткізіп тұрады, өз ісін ашып, әйелдерге жұмыс орнын ашуда.
Мұның бәрін жасап отырған Анар Бексұлтанованың туғаннан бері екі қол жоқ, бұл жұмыстың барлығын ол аяғымен жасап үйренген.
«Талас ауданында, үлкен, тату отбасында дүниеге келдім, жеті баланың бесіншісімін, - деді Анар Бексұлтанова. - Анам маған жүкті кезінде қатты ауырған екен, сондықтан да осы диагнозбен тудым. Ауылда 11 жылдық бітірдім. Төрт қабырғаға қамалып қалуды жөн санамадым, мектепке бардым, сүйіспеншілікке бөленіп, толыққанды отбасыда дүниеге келдім. Сондықтан да өзімді бақытты сезінемін», - деді ол.
Оны кез келген уақытта дәріс оқуға, таныстырылым ұйымдастыруға, түрлі тақырыптар (Жеңістің 70 жылдығы, ҚХА 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы) бойынша көшпелі көрмелер ұйымдастыруға шақырады.
Үш жыл бұрын Анар барлық жинағын іске салып, тапсырыстарға орай тігін тігумен айналыса бастады.
«Тауар сатып алу үшін Бішкекке барамын. Өз үйім бар, әпкеммен, қыздарыммен үйдің бір бөлігінде тұрамыз, бір бөлігін шеберхана қылдық. Алла қаласа, қосымша ғимарат, қойма салу жоспарымызда бар. «Дамудан» алған 3 миллион теңгеге екі өнеркәсіптік машина, бір тұрмыстық, бір компьютерлендірілген тігін машинасын сатып алдым», - деді ол.
kaz.caravan.kz