Goldman Sachs – бір триллион активтерді басқаратын, Уолл-стритте үлкен құрметке ие, өз қызметкерлерін АҚШ Қаржы министрлігіне жоғары қызметке тұрғыза алатын, сондай-ақ, "кальмар-вампир" корпоративтік лақап атына ие қаржы құрылымдары ортасында кеңінен танымал мекеме. Аталған лақап ат бұл банкке 2008 жылғы дағдарыстан кейін зерттеуші-журналист Мэтт Тайббидің арқасында "жабысып" қалды. "Әлемдегі ең ірі инвестициялық банк – ақшаның иісі шыққан жерген өзінің қанды шұңғысын аяусыз тығатын алып кальмар-вампир" деп жазды журналист 2010 жылы The Rolling Ston журналындағы зерттеуінде, деп жазады РИА Новости.
Жоғарыда аталған себептердің негізінде айтсақ, "кальмар-вампир" қандай да бір мәлімдеме жасаған кезде, әсіресе, оның бағалауы мейнстримдік медиатоптың түсінігіне қайшы келетін болса, онда банк болжамына құлақ асуға болады. Доллардың әлемдік валюта ретіндегі рөліне қатысты дәл осы америкалық банктің сын айтуы екі есе таңғалдырар жайт болып тұр. Себебі, АҚШ-тағы жаһандық қаржы құрылымдарының өзінде көзге ұрарлық патриотизм бар болады.
Қандай да бір ұғымда Goldman Sachs банкін Америка деп, ал, нақтырақ айтсақ – заманауи әрі қаржы манипуляциясына тереңдеп кеткен Америка деп қарастыруға болады. Бір кездері Құрама Штаттардың сивмолы банк емес, General Motors өнеркәсіптік корпорациясы болатын. Бұл корпорация жөнінде Вильсон былай деген еді: "General Motors үшін жақсының барлығы Америка үшін де жақсы". Қазір символ ретінде өндірістік бірлестікті емес, өз логотипін мерзімді түрде азшылықтардың түсіне өзгертіп отыратын, бейморальді, бірақ, ықпалды беделге ие және Американың келешегіне едәуір ықпал ете алатын америкалық валютаның келешегі қазіргі проблемасы болып отырған дәл осындай инвестициялық банкті атауға болады.
Америкалық қаржы ақпаратының агенттігі Bloomberg беделді банктің қорқынышы жайлы былай деп жазды: "Goldman Sachs Group Inc. АҚШ-тағы инфляция жайына қатысты аяқасты үдеген мазасыздануына көңіл аударды және ол доллар өзінің әлемдік резервтік валюта беделінен айырылып қалу қаупі бар екені жайлы батыл ескерту жасады".
Конгресс пандемиядан оңбай қалған экономиканы қолдау үшін кезекті фискальдік ынталандыруларға жақындап қалса, Федералдық резерв осы жылы өз теңгерімін шамамен 2,8 трлн долларға ұлғайтты. Goldman стратегтері АҚШ саясаты "валютаның құнсыздануына қауіп төндіріп тұрғанын және бұл доллардың әлем нарығында басымды күшке ие мәртебесінің аяқталуына алып келуі мүмкін екенін ескертті".
Goldman Sachs сарапшылары болжамының туралығын мойындау керек: көктемгі эпидемия кезінде АҚШ бюджеті мен қаржы нарықтарын қолдау үшін АҚШ ФРЖ баспа станогі негізгі жүктемеден тыс жұмыстарды бастаған және конгресс пен сенат экономикаға бюджеттік салым мен тапшылықтың ілеспелі ұлғаюы туралы ойланып жатқанда, банк клиенттермен арнайы жиын өткізіп, алдағы инфляцияның қаупі тұрған шақта долларды алтынға айырбастау қажеттілігі жайлы хабардар етіп отырды. Қазір банк дәл сол проблеманы үлкен аудиторияға шығаруды ұйғарды. Бұл ойы сәтті жүзеге асты десек болады. Себебі, доллардың ғаламшардағы басты валюта мәртебесінен айырылу қаупі туралы әлемнің барлық жетекші БАҚ-тары жарыса жазды.
Алайда, бірқатар басылымдар мен медиакомментаторлар атап өткендей, "қаржы орталарының басым бөлігінде бұл пікір әлі де азшылдық деңгейінде тұр және Goldman сарапшылары доллардың өз мәртебесінен айырылуы міндетті түрде орын алады деген жоқ".
Barclays британдық банкінің Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы валюталық сауда басшысы Майкл Крупкин мәлімдегендей, осы тектес ұстаным "капитал нарығының тереңдігі мен АҚШ долларында жүзеге асырылатын жаһандық транзакциялардың көлемін ескере отырып, АҚШ доллары өзінің резервтік валюта мәртебесінен айырылуға бір қадам да жақындаған жоқ".
Мәселе дәл осы ұстанымды америкалық аналитика қауымдастығының басшылыққа алуы тым кеш қол сермеуге алып келетінінде болып тұр. Яғни, америкалық валютаның басымдығына негізделген әлемдік жүйені бөлшектенуі не аяқталады, не қайта орнына келмес деңгейде болады.
Доллар жүйесі өз сыншыларына қарағанда ғұмырлы болатынының тағы бір дәлелі ретінде оның 2008-2009 жылдары Федералдық резервтің тоқтаусыз ақша басуынан да аман қалғанын айтуға болады. Алайда, баспа станогінің қазіргі жұмысын алдыңғы дағдарыс кезіндегі қарқынмен салыстыруға келмейді және 2008-2009 жылдары АҚШ бірполярлы әлемнің мінсіз көшбасшысы еді.
Қазіргі жағдай мүлде бөлек болып тұр: америкалық қалалар өртеніп жатыр, елдегі қос жетекші партия алдағы президент сайлауының нәтижесін мойындамайтыны және азаматтық соғыс қаупі жайлы мәлімдеуде, ал, бірполярлы мемлекет бүгінде жоқ. Мәселе басқада – АҚШ пен Қытай арасында басталған 2.0 соғысы қандай сипатта болмақ?..
Кемеңгер әрі ақпаратқа қанық "кальмар-вампир" тектен-тек дабыл қағып жатқан жоқ. Ол соңғы 50 жыл бойы АҚШ-қа үлкен артықшылық беріп келген жүйені қорғауға және бюджеттік тәртіпке шақырып жатыр. Ықпалды банктің бұл ескертуі естір құлаққа жетері анық. Алайда, доллардың әлем валютасы дәрежесін сақтап қалу үшін америкалық саясаткерлердің батыл шара қабылдайтыны күмән тудырып отыр.