Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,36 теңгеге төмендеп, 455,04 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақытымен 12:00-де төмендеп, 65,93 теңге (-0,02) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 501,93 теңге, рубль бағамын 5,62 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 451,5-455 теңге, еуро 499-504 теңге, ресей рублі 5,4-5,7 теңге аралығында сатылып жатыр.
Мұнай бағасы тұрақты болып қалды. Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің бағасы 0,1%-ға төмендеп, барреліне 82,46 доллар болды, ал WTI маркалы мұнайдың маусымындағы фьючерстері 0,09%-ға арзандап, 78,69 доллар болды.