Девальвация керек пе? Екі олигархтың көзқарасы

Девальвация керек пе? Екі олигархтың көзқарасы

«Теңгені тағы девальвациялай ма?» деген сұрақ – қазіргі ең өзекті мәселе. Бұл сауалдың әр жерде жиі қойылатыны соншалық қазір қарапайым халық та бұл терминнің мағынасын ұғып қалды. Девальвация болса, артынша бәрі қымбаттайтынын жақсы біледі. Бәрі қымбаттайды, бірақ жалақы да, басқа табыс түрлерінің де деңгейі бұрынғыша қалады. Оның үстіне соңғы девальвацияны ұмытатын уақыт та, мүмкіндік те болған жоқ. Ұзын сөздің қысқасы, халық девальвациядан зәрезап болған. Әсіресе, ол ипотекамен үй алғандарды есеңгіретіп жіберді.

Сонымен девальвация бола ма, жоқ па? Ешкім анық білмейді. Иә, Орталық банк біледі. Бірақ ол өтірік айтады. Сондықтан оның пікірі есеп емес. Ендеше бұл жерде ақша саласында жүрген кәсіпкерлер мен эксперттердің пікіріне құлақ қойған дұрыс. Олар да қазір бұл мәселе туралы күнде бір нәрселерді айтып жатыр. Солардың ішінен екі бизнесменнің және бір маманның пікірін келтірейік.

Айдан Карибжанов, «VISOR Capital» компаниясының басшысы:
Күтетін не қалды?

Девальвацияның болмағаны жалпы бәріне жақсы. Ресейден арзанға машина сатып ала аласың, азық-түлік кәрзеңкесі де әлі құнсыздана қойған жоқ. Мұның бәрі түсінікті. Ал елдің алтын-валюта қорының азайғаны туралы ешкім сөз қозғағысы келмейді: жанға жағымсыз тақырып. Бірақ ондағы қаржы азайып жатыр ғой. Қиын күнде олжаға кенеліп жатқанымыз соның – қордағы қаржының азаюы есебінен болып жатқан нәрсе. Мейлі, «тойласақ, өз ақшамыз ғой» дейік. 
Бірақ бұдан да қиын бір проблема бар. Біздің алты облысымыз Ресеймен шектеседі. Теңге мен рубльдің қазіргі бағамының салдарынан ол облыстардағы кәсіпорындар жұмысын тоқтатып жатыр. Ресеймен шекараласпайтын аймақтардың өзінде кәсіпорындар қиындыққа тап болуда. Мүмкін ол сүт зауыттарының, құс фабрикаларының, азық-түлік кәсіпорындарының Жалпы ішкі өнімімізге қосатын үлесі орасан емес шығар. Бірақ оларда жүздеген мың адам жұмыс істеп жатқан жоқ па? Олар – бюджетке тәуелділер емес, олар – аз ғана уақыт бұрын тәуір жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жұмысшылары. Ол кәсіпорындардың көбі қазір тоқтап қалды, қалғандары әне-міне тоқтағалы тұр. Теңге күшті қалпында тағы біраз уақыт тұрса, ол адамдарды да үйді-үйіне таратады.
Күтетін не қалды?
 
Нұрлан Смағұлов, «Астана-моторс» компаниясының басшысы:
Ендігі девальвацияны жұрт көтере алмайды

Девальвация барлық проблеманы шешеді, біздің компаниялар бірден бәсекеге қабілетті болып шыға келеді дегенге сенуге болмайды. Тұтыну қатты төмендеп, жұрт девальвацияны күтіп отырған бүгінгідей жағдайда девальвация жасасақ, онда оның әсері алдыңғыдан да жаман болады. Меніңше, теңгені әлсіреткеннен ешқандай пайда шықпайды. Жұрттың жағдайы қандай екенін көріп-біліп отырмын. Екінші девальвацияның соққысын, бағаның тағы да күрт өскенін олар психологиялық тұрғыдан көтере алмайды. Ол қайта ұлттық валютаның беделін жоқ қылады. Бізде қазір долларизация онсыз да тым жоғары деңгейде. Ал мұндай жағдайда девальвацияның тұтыну рыногына әкелетін зардабы орасан болады. Рынок 2-3 айға мүлдем тоқырайды, инфляциялық процесстер де күшті болады.

Олжас Құдайбергенов, Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры: 
Девальвацияны біртіндеп енгізу керек

Өткен девальвациядан кейінгі уақыттан бері халық девальвацияны күтіп отыр. Ал рубль күйрегелі қорқыныш күшейе түсті. Халық та, бизнес те евро мен доллар сатып алып жатыр. Бірақ бұл істе бәрінен озып кеткен мемлекеттік сектор болды. Қазан-желтоқсан айлары аралығында валютаға сұраныстың шамамен 50-70 пайызын мемлекеттік сектор туғызды. Мемлекеттік сектор қайтадан теңге сатып ала бастаса, дұрысы осы болар еді. Осылайша ол «міне, мемлекет теңгеге сеніп отыр, сендер де сөйтіңдер» деп халық пен бизнеске үлгі көрсетер еді. Халықтың ақшаны теңгемен салуы үшін тағы бір нәрсе керек. Ол – ұлттық валютаны алдағы 5-6 жылға арналған есеп бойынша біртіндеп девальвациялау. Қазіргі жағдай сыртқы факторлардың ықпалымен қалыптасып отыр. Ресейдің ұлттық валютасының девальвациялануы бізді теңгені төмендетуге мәжбүрлейді. Билік теңгені бүгінгі қалпында ұстап тұра алмайды, бұл көпшілікке түсінікті шығар деп ойлаймын. Теңге күшті болса, экспортты өсіре алмаймыз. Девальвация керек, бірақ теңгені ақпан айындағы сияқты бірден құлатпай, біртіндеп – жылына 6 пайыздан аспайтын деңгейде төмендету қажет. Жылына 6%-ға төмендетіп отырсақ, теңгеге сенім артады, өйткені, мұндай жағдайда бір аптадан соң, екі апта немесе, бір айдан кейін не күтуге болатынын жұрт біліп отырады. Егер Ұлттық банк осы жолды таңдаса, онда девальвация шамамен айына бір теңге болады. 
Бұлай біртіндеп төмендетудің тағы бір плюсі – инфляциялық қысымның болмайтыны. Өткен жылғы девальвациядан кейін компаниялардың барлығы бағаны 20%-ға көтеріп алды. Мен өзім базарларға барып бәрінің бағасы көтеріліп кеткенін көрдім. Күрт девальвация жасалса, биыл да былтырғы жағдай қайталанады. Ал теңгені жылына 6 пайызға төмендетіп отырсақ, бағалар күрт өспейді.

serke.org

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста