Денсаулыққа қатысты өмір сүру салты: әлеуметтік теңсіздіктің тигізер әсері бар ма?

«Экономикалық мониторинг және халықтың денсаулығы» атты зерттеу қорытындысы салауатты өмір сүру салтының (спортпен шұғылдану, зиян қылықтардың болмауы, дұрыс тамақтану) әр түрлі әлеуметтік – экономикалық факторларға - әлеуметтік топ, демографиялық сыныптама (жынысы, жасы), өмір сүру шарттары, әлеуметтік топтар (көршілері, жұмыстастары) тәуелділігін анықтады. Әлеуметтік статустары «жоғары» және «орташадан жоғары» топтар үшін «денсаулығы жақсы» өмір сүру салты тән, ал әлеуметтік статустары «орташа» болып келетін сыныптары үшін «пассивті» және «шылым шегетіндер» өмір сүру салты, әлеуметтік статустары «төменгі» болып келетіндер үшін «денсаулықтары нашар, ішімдік қолданатын» өмір сүру салты тән екендігін анықтады.
Адам баласының амандығы үшін ең маңызды компонент болып саналатын және адамның табыс табуына, басқа да мүмкіншіліктеріне әсер ететін негізгі фактор бұл - денсаулық. Қоғамда халықтың денсаулық жағдайының көрсеткіші мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық жағдайын көрсетеді. Халықтың денсаулық жағдайының көрсеткіштерінің ішіндегі ең маңыздысы – өмір сүру деңгейінің ұзақтығы. «Өмір сүру деңгейінің ұзақтығы» көрсеткіші «адам дамуының индексін» есептегенде қолданылады.
Ең алдымен, халықтың денсаулығын сақтау мүмкіндігі тұрғындардың табысының деңгейіне және мемлекеттегі медицина саласының дамуының деңгейіне тәуелді. Ең жоғарғы өмір сүру ұзақтығының көресткіші – Жапония, Сингапур, Еуропа мемлекеттерінде, ал ең төменгі өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші – Африка мемлекеттерінде болып табылады. Алайда, зерттеулер негізінде, экономикасы дамыған мемлекеттерде өмір сүру ұзақттығының төмен деңгейі салауатты өмір сүру салтын ұстану деңгейімен түсіндіріледі.
Халықтың денсаулық жағдайының төмендігі мен ауруға шалдығуы сол халықтың өзіне ғана емес, сонымен қоса мемлекет пен ұйымдар үшін де зиян. Мемлекеттегі өлім деңгейінің жоғары көрсеткіші мен өмір сүру ұзақтығының төмен деңгейінің зардабы еңбек ресурстар көлемінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, өндіріс пен өндірістік еңбек көлемі төмендейді, бұл өз алдына табыстарға негативті әсер етеді. Мемлекет міндетті медициналық сақтандыру негізінде медициналық қызмет көрсету бойынша шығындарында зиян шексе, халық ерікті медициналық сақтандыру мен ақылы медициналық қызметтер бойынша шығындарында зиян шегеді. Осы себептен, мемлекетте салауатты өмір сүру салтын ұстау саясаты жүргізіледі.
Адам капиталының бірі болып саналатын денсаулықтың теориялық аспектісін М. Гроссман ойлап тапты. Бұл концепцияға сәйкес адам баласы денсаулық капиталының белгілі бір деңгейімен дүниеге келеді. Бұл капитал бір жағынан, адам жасының өсуіне байланысты төмендеп отырса, екінші бір жағынан факторлардың әсерінен төмендеп немесе өсіп отырады. Денсаулық адам баласы үшін тұтынушылық игілік болып та саналып, капиталдың функциясын атқара отырып, кері қайтарылым қызметін атқарады. Бұл кері қайтарылым, яғни, денсаулық деңгейінің жоғары болуы, ауруға шалдығып қалу себебінен жұмыста болмаған күндері үшін табыс ала алмау ықтималдылығын төмендетеді. Осы жерде М. Гроссманның мынадай қорытындысы маңызды: жоғары табыс табатын және жоғары білімі бар адамдардың денсаулыққа салатын инвестицияларының мөлшері де жоғары болады. У. Кокерхам «өмір сүру салты» мен «денсаулық» түсініктерін байланыстырып, «денсаулыққа қатысты өмір сүру салты» деген категорияны енгізді. Эмпирикалық зерттеулер бойынша әлеуметтік сыныптардың жоғары деңгейлеріндегі тұлғалар үшін денсаулық жағдайының жоғары көрсеткіші тән, ал төменгі сыныптағы тұлғалар үшін денсаулық жағдайының төменгі деңгейі тән. У. Кокерхам теориясын эмпирикалық талдау үшін В. Кристенсен мен Р. Каприано зерттеулерінің нәтижесі даттық әйелдердің денесінің массасының индексі олардың әлеуметтік сыныптарының деңгейлеріне байланысын көрсетті.
Ч. Чан мен С. Леунг өздерінің Гонконг бойынша кластерлік талдауында (спортпен шұғылдану мен дұрыс тамақтануды қоса алғанда) екі өмір сүру салтын бөлген болатын. Біріншісі- денсаулығы жақсы, екіншісі денсаулығы онша жақсы емес. Денсаулығы онша жақсы емес өмір сүру салтына көбінесе ер адамдар, жастар, қолы бос еместер және жоғары білімі бар тұлғалар жатады деген.

Ләззат Сейтқазықызы Спанқұлова, 
Мадина Жазымбаева.
Нархоз Университеті

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста