Денсаулық жеке табысқа байлынысты ма?

Кедейлік пен нашар денсаулық арасындағы байланыс ерте заманнан байқалған. Бұндай фактілер Ежелгі Греция мен Ежелгі Қытай хроникаларында көрсетілген, ал оның тәжірибеге негізделген толық сараптамасы XIX ғасырда Лондон мен Париждегі ғылым орталықтарында жасалған. Экономикалық даму өмір сүру ұзақтығының өсуіне әкелетін негізгі фактор болғанына қарамастан, өсу нәтижелері халықтың әр түрлі санаты үшін бірдей болмады. Зерттеушілер ең төменгі кедейлік деңгейі адамның денсаулығына біршама әсер етеді және адамдардың табысы мен олардың денсаулығы жағдайы арасындағы байланыс өспелі емес. Өмір сүру ұзақтығының өсуі табыстың өсуімен баяулайды деп санайды. Ұлыбританиядағы мемлекеттік қызметкерлердің денсаулық жағдайы туралы «Блэктің баяндамасында» жоғары жалақы алатын қызметкерлер арасында өлім-жітім деңгейі тек олардың ішіндегі ең бай топтарында ғана төмен болған. Ұлыбританияда азаматтарға тегін медициналық қызмет көрсететін мемлекеттік денсаулық сақтау қызметі құрылған. Адамның әлеуметтік мәртебесінің маңыздылығы өмір сүру ұзақтығында жиі байқалған. Бұл жаңалық денсаулықты сақтандыру жүйесі халықтың кедейшілігін жоя алмайтындығының дәлелі болды. 

Табыс пен медициналық қызмет көрсету бағасы. Табыс және өлім-жітім деңгейі арасындағы тығыз байланысты ескерсек, өмір сүру ұзақтығын өсірудегі медициналық қызмет көрсету рөлі туралы сұрақ туады, себебі сапалы емделу үлкен табыспен байланысты. Мүмкін бұған сену қиын болар, бірақ медициналық қызмет көрсету өмір сүрудің орташа ұзақтығына әлсіз әсер ететіндігі дәлелденген.
Ұлыбританияда мемлекеттік денсаулық сақтау қызметін құру ең жоғары және ең төмен табысы бар адамдар арасындағы өлім-жітім деңгейіндегі айырмашылықты жоя алмады. Медициналық көмектің «Медикэр» атты мемлекеттік бағдарламасы тегін медициналық қызметке қол жеткізуде кедейлерді байлармен қатар қойған. Бірақ әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы өлім-жітім деңгейіндегі айырмашылық азаймады. 1900 жылдан бастап 2000 жылға дейінгі кезеңде АҚШ-тағы тегін медициналық қызмет көрсету жүйесі өлім-жітім деңгейінің төмендеуіне қатты әсер етпеді.
Көптеген зерттеулердің нәтижелері медициналық қызмет көрсету сапасы өмір сүру ұзақтығына қатты болмаса да біршама әсер еткендігін айтады. Медициналық қызмет көрсету тиімділігінен XX ғасырда адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 47-ден 77-і жасқа дейін өскен.
1970-1980 жж. Африка құрлығындағы өлім-жітім деңгейінің үрдісіне қарасақ, медицина ғылымын дамыту қажеттілігі айқын көрінеді. Халықтың табысы азайған апатты бірнеше онжылдықтарға қарамастан, медицинадағы жетістіктерге байланысты Африкада орташа өмір сүру ұзақтығы мен жұмыскерлердің жұмыс істеу қабілетінің үнемі өсуі байқалған.
Жұмыскерлер өзіне жұмыс берушіден және мемлекеттен қоғамдық қауіпсіздік және медициналық сақтандыруды күтті. Көмір кендерінде жұмыс істейтін шахтерлер жоғары еңбекақы үшін жердің астында жұмыс істеуге келіскен. Содан кейін олар жұмыс талаптары қауіпсіздігін жоғарылату, өндірістегі бақытсыз жағдайлар және еңбекке қабілетсіздік үшін өтем төлеу туралы, сондай-ақ зейнетақыны қамтамасыз ету талаптарын қоя бастады.
1700 жылдары Англияда кейбір өндірістік кәсіпорын иелері өз жұмысшыларына денсаулықты сақтандыру қызметін ұсынған. Мұндай шарттар кәсіпорынды жұмыскерлер үшін біршама тартымды етті және олардың ұзақ және жақсы жұмыс істеуіне түрткі болды. Жұмыскердің еңбекке қабілетсіз болу немесе ауырып қалу тәуекелі енді тек жұмыскердің өзіне ғана емес барлық компанияның мойнына жүктелді. Жауапкершіліктің осылай бөлінуі жұмыскердің ертеңгі күнге және жалақы мөлшерінің өзгеруіне деген сенімсіздігін азайтты.

Индустрияландыру мен жалақы төленетін еңбекке өту саяси биліктің бөлінуіне өзгерістер әкелді. XIX – ғасырда жұмыскерлердің реніш толқыны 1798 ж. Парижден басталып 1917 ж. Ресейде аяқталды. 1883 ж. Германия канцлері Бисмарк ереуілдердің алдын алу үшін мемлекетте қоғамдық қамтамасыз ету жүйесін құрды, жұмыскерлерге 65 жастан кейін зейнетақы төлеу, еңбекке жарамсыздық қағазын алу және медициналық сақтандыру құқығын берді. 1950 жылдарда АҚШ-та денсаулық сақтауды қаржыландырудың негізгі формасы жұмыс берушілер ұсынатын жеке сақтандыру пайда болды. Бұл жүйені «Медикэйд» – ауқатсыздарға медициналық көмек федеральдық бағдарламасы және «Медикэр» – қарттарға медициналық көмек федеральдық бағдарламасы толықтырды. Бүгінде денсаулық сақтау шығындарының 77 %-ы және ауруханаларды ұстау шығындарының 95 %-ы тартылған қаржылар көмегімен төленеді. 1850 ж. медициналық қызмет көрсету төлемі жекелеген тәртіпте жүзеге асырылған. Жұмыскерлер өздері сатып алатын заттар үшін төледі, көп жағдайда бұл тағам, киім және пеш отыны болатын. Дамыған елдерде 1960 ж. бастап денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру мемлекеттік және жеке сақтандыру қаражаттарына негізделген. Бүгінгі күнде медициналық қызмет көрсету саласындағы жағдай әр жекелеген тұтынушының қаржылық шешімімен емес сақтандыру пакеттері мен мемлекеттік қаражат жиынтығынан жүзеге асырылады.

Ләззат Сейтқазықызы СПАНКУЛОВА,
экономика ғылымдарының докторы, профессор.
Шолпан Карлқызы ӨТЕЛБАЙ,
аға оқытушы.
Нархоз Университеті

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста