Дедолларизациялауға көшсек теңгенің теңгерімі доллармен теңесе ме?

Жақында Қазақстанда ұлттық экономиканы долларсыздандыру жоспары қабылданды. Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов жоспардың үкімет отырысында мақұлданғанын және жоспарда бірқатар шаралар қамтылғанын айтты. 

Нақтырақ айтқанда, тауар, қызмет көрсету бағаларын шет ел валютасымен, оның ішінде доллармен көрсетуге тыйым салу, тұрғындардың ұлттық валютада ашқан депозиттеріне кепілдендірілген депозит көлемін бес миллион теңгеден он миллион теңгеге дейін көбейту, шет ел валютасымен ашылған депозиттерге жылдық сыйақы мөлшерлемесін үш пайызға дейін азайту қарастырылған. 
«Қандай да бір валютаның қолданылуына тыйым салынбайды. Мұнда әңгіме Президент таяуда Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан ұлттық валютаның рөлін арттыру жайлы болып отыр», ̶ деп Қайрат Келімбетов мән-жайды осылай түсіндірді. Оның айтуынша, ұлттық экономиканы долларсыздандыру жоспары бойынша жеке тұлғалар арасында жылжымалы және жылжымайтын мүлік саудасында қолма-қол төлем жасауды түрлі жолдармен реттеу қарастырылған. Ел экономикасын долларсыздандыру жоспарын жыл басындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы арнайы тапсырған еді. 
Осы негізде елде дедолларизациялауға көшетін кездің жеткендігін, қолдағы қаражатты доллар емес теңге түрінде ұстауды көбейтуді басшылыққа алған Ұлттық банк арнайы жоспар жасап, ел Үкіметімен бірлесе, түрлі шаралар ұйымдастырмақ. «Жалпы холдингтер мен ұлттық компанияларға ақшаны айырбастау арқылы қазақстандық валютаға қолдау көрсетуді ұсынамын. Әрине, келісу қажет, мұның теңге үшін маңызды екенін ескерген жөн. Бұл барлық ұлттық компанияларға айтқан сөзім. 
Барлығының мүддесін ескерген жөн, бірақ қазір теңгеге қолдау көрсетуіміз керек. Қазақстанда ұлттық валютаның күрт ауытқуына жол бермеуге тиісті шаралар қолданылады», - деген Елбасы теңгенің қолданыс аясын ұлғайту керек деген мәселенің көтерілуіне негіз болған жайыттар мен ертеңгі ел экономикасының тұралап қалуына әкеп соғатын жағдаяттардың алдын алатын уақыттың туғандығын меңзеген еді. 
Ендігі әрбір азамат ұлттық валютаның тұрақтылығына өз үлесін қосуға мүдделі.  Ол үшін жылжымайтын мүлік және көлік сатып аларда долларды емес, теңгені пайдалану керек. Ұлттық банк төрағаның мәлімдеуінше, Қазақ­стандағы тұрғындар арасындағы сауда-саттықтың 93 пайызы банктік аударым процестерінен тыс, қолма-қол жүргізіледі. Сонымен қатар, елімізде бағалау және саудалау доллар бойынша жүргізілетіндігі анықталып отыр. 
 Бұл жағымсыз тенденция ұлттық валютаның на­рықтағы өз салмағын жоғалтуына сондай-ақ, сауда-саттық жүргізушілердің мемлекетке түсуі тиіс салықтық төлемдерден жалтарып кетуіне себеп болып отыр. «Біздің ойымызша, ірі саудалар, мәселен, пәтер немесе көлік құралын сатып алу қолма-қол ақшамен емес, басқа жолдармен жүзеге асырылғаны дұрыс. Қаражат белгілі бір шоттар арқылы өтуі керек, сол арқылы біз салық органдарымен бірге барлық төлемдер анықталып отырылмақ. Ал қазіргі алып-сатулар кез келген экономикадағы сорақы жағдай саналады. Неге десеңіздер, барлық төлемдер салықтан тысқары, көлеңкеде қалады. Енді бұл саланы аздап тәртіпке келтіру керек деп ойлаймыз және дол­лар­мен есептелетін бағаларды да реттеу қажет. Біз еліміздегі бағаның қа­лыптасуы ұлттық валютаға негіз­делетінін санамызға әбден сіңіруіміз керек», ̶ деген бас банкир бар байлығын көк қағазбен емес, ұлттық валютаның шеңберінде жүргізуге шақыруда. Қ. Келімбетов айтпақшы, өкінішке орай, бізде долларландыру сана-сезімі басымдылық танытып отыр. Бұған себеп не екендігін?
 Оның алдын алу үшін не істеу керектігін бас банкир жақ ашып айтқан яки түсіндірген емес. Тек ханнан ақысы, биден кегі алынбаған қанжарсыз батырдай долларға қарсы шабуылға шыққанды жөн көреді. Өткен жылғы ақпандағы девальвациядан кейін ел-жұрттың аңсары долларға ауып кеткенін жасыруға болмайды. 2014 жылы  тұрғындардың шетел валютасындағы салымы теңге салымымен салыстырғанда, 49 пайыздан 65 пайызға артқаны белгілі. 
Бұған қоса, отандық банктердің резидент емес банктерге сатқан валютасына қарағанда, шетел валютасын әдеттегіден 4 есе артық сатып алған. Ұлттық Банктің мәліметі бо­йынша, өткен жылдың қазанында ақша айырбастау орындары валютаны сатып алуға қарағанда, 3,5 есе артық сатқан. Анығы, 2680 миллион доллар, 191 миллион еуро, 11240 миллион рубль сатса, 781 миллион доллар, 53 миллион еуро, 3251 миллион рубль сатып алған. Мамандар осы жылы да шетел валютасына деген сұраныстың басым екенін айтады. 
Бірақ 2015 жылдың аяғына дейін Келімбетовтың долларға кері әсер ететін жоспары жүздеге асса,мұндай төмен көрсеткіштің орын алмауы да бекмүмкін.Үлкенді - кішілі сауданы төл валютада жүргізуге әркет жасау кез келген елдің экономикасына оң әсер етуші фактор. Бұл процессті жүзеге асыру үшін ең алдымен төл валютада есеп айрылысу мәселесін шешу керек. Оның артында ұлттық валютаға деген сенім мен тұрақтылық жатқандығы айтпаса да түсінікті. Ал, біздің елде осы күнге дейін теңгенің құнсыздануы бір емес, бірнеше рет орын алды. Соның салдарынан халықта теңгеге деген сенім кетіп, дипозиттен бастап, сауда-саттыққа дейін доллар арқылы жүргізу кезеңі 2007-2008 жылдары қалыптасты.  Содан бері халық шұлыққа, көрпенің астына тыққан ақшасын  банкке апарып, оны теңгемен сақтауға түрткі болатын бастама жоқтық қасы еді.
Елбасының тапсырмасымен биылдан бастап, іске асатын жаппай долларсыздандыру кезеңі теңгенің бағамын арттыратын болса, ЕАЭО аясындағы мемлекеттермен сауда-саттық қалай жүздеге асады деген сауал да туындауы мүмкін. Ол жағы да жақында өзі шешімін тапты. Қазақстан кәсіпкерлері ұлттық палатасының өкілдері Ұлттық төлем кеңесі директорлар кеңесінің төрағасы Александр Мурычевтің ЕАЭО аумағында доллар мен евро бойынша еларалық операцияларға тыйым салу қажеттілігі турасында соңғы мәлімдемесінен одаққа мүше әр ел өз валютасында есеп айырылысу керектігін айтып қалды.  
«Ұлттық палата Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта ЕАЭО-ға мүше елдер резиденттері арасында шетел валютасымен өзара есеп айырысудан бас тарту қарастырылмағанын хабарлайды. Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметінше, қазіргі уақытта мұндай құжатты жасау жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатқан жоқ. ЕАЭО шеңберінде келісілген валюта саясаты сыртқы сауда және инвестициялық операцияларды ұлттық валютаның ролін арттыруды және ұлттық валюталарға деген сенімді қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық саясат жүргізуді қарастырады», - дейді. 
Алдағы уақытта теңге саясатын жүргізетін Ұлттық банкке де, төл валютаға да қолдау ауадай қажет. Жасалған жоспардың ертеңгі нәтижелі болуы теңгенің болашағымен тығыз байланысты болмақ. Осы мәселе төңірегінде арнайы БАҚ өкілдерімен бас қосып, мәлімдеме жасаған Нұртай Сабильянов:«Елбасы үкіметтің кеңейтілген отырысында халықтың көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға, қордаланған мәселелерге жауап берді. Ең алдымен, халық теңге бағамы күрт өзгере ме, жоқ па деген сұраққа толық жауап алды. Мемлекет басшысы теңге бағамының күрт ауытқуын болдырмаймыз деп айтты. 
Енді осыны пайдаланып, өзімзідің кәсіпкерлікті, жалпы экономикамызды дамытуымыз керек. Осыған байланысты парламент мәжілісінде теңгемен салынған халықтың депозитіне берілетін кепілдендірілген төлемді 5 миллион теңгеден 10 теңгеге өсіру туралы норма қабылдады. Бұл да меніңше, өзіміздің ұлттық валютаға деген үлкен қолдау, ұлттық валютаға деген зор сенім. Бәріміз де ұлттық валютамызды қолдауымыз керек. Сол арқылы төлем жасап, салымдарымызды теңгемен сақтауымыз қажет деп ойлаймын», ̶  деді. Қалай десек те, доллардан бас тарту өте-мөте қиын әрі күрделі құбылыс. Әлем елдерінің өзі аяқ қолымен баяланып, долларды айналшықтап кете алмай жүргендігі жасырын емес. 
Әлем экономикасынның тамырына айналған доллардан бір жола бас тартып, шектеп тастауға ешбір елдің қауқары жетпеді. Өйткені, сыртқы нарық пен мұнай бағасының ОПЕК елдерінде доллармен ғана есептелетігін, кез-келген екі ел арасындағы сыртқы сауда-саттықтың да доллармен жүргізілетіндігін сол сияқты басқа да факторларды себеп ретінде алуға болады. Десе де, біздің жағдайда теңгенің статусын арттыру бірінші орында болмақ. Өзге дегенде өзегі түсетін ақкөңілдікті бір жола сырып қойып, өз жағдаймызды жасауға бет алғандығымыз дұрыс та шығар.

turkystan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста