Болат арқандар өндірісі іске қосылды

Болат арқандар өндірісі іске қосылды

Қарағандыда болат арқандар өндірісінің жаңа желісі іске қосылды. «Каз-метиз» ЖШС-нің тау-кен және металлургия өнеркәсібіне, энергетика және құрылыс секторына арналған болат арқандар халықаралық талаптарға сай» деп отыр өндіріс басшылары. Жаңа желінің іске қосылу салтанатына облыс әкімі Бауыржан Әбдішев қатысты.
Жоба жетекшісі – «Каз-ме­тиз» ЖШС. Жобаның құны 905 млн теңгені құ­рай­ды. Ал жо­ба­лық қуаттылығына 2017 жы­лы шығуды көздейді. Нарыққа шы­ға­ра­тын елдерді де анықтап қойыпты. Олардың қатарында Ресей мен Өзбекстан бар.
Мәліметтерге жүгінсек, өнер­кәсіптің бо­лат сым шы­ға­руда өзіндік тәжірибесі бар кө­рінеді. Дәлірек айтсақ, 2008 жылдан бе­рі болат арқанның негізі болып табылатын бо­лат сым шығарумен айналысқан. Ол сым болат арқан жасайтын елдерге жет­кі­зі­ліп келген. Енді зауыт сол болат арқанды өзі жа­сап шығаратын деңгейге жетіпті.
Бұл жоба отандық болат арқандар өн­ді­рісінің өрісін ке­ңей­тіп, қазақстандық маз­мұн­дағы өнім шығаруға мүмкіндік бе­реді деп күтілуде. Жоба мем­ле­кеттік қол­дау бағ­дар­ла­малары арқылы жанданған.
Аймақ басшысы Бауыржан Әб­дішев жаңа өндіріс же­лі­ле­рі­нің іске қосылуы Мем­лекет бас­­шысының тапсырмасы ар­қы­­лы жүзеге асып жатқанын атап өтті.
Бауыржан ӘБДІШЕВ, Қарағанды облысының әкімі:
 – Кәсіпорынның кезекті жа­ңа желісін іске қосып отырмыз. 2008 жылдан бері бо­лат сым өн­дірісімен айналысып келе жат­қан өнеркәсіптің жаңа желісі мемле­кет­тік бағдарламалар арқылы жүзеге асты. «Биз­нестің жол картасы-2020» бағдар­ла­ма­­лары арқылы қолдау жа­сал­ды. Құрыл­тай­шылармен де ал­да­ғы уақыттағы жо­­ба-жос­­пар­­лар жөнін кеңесіп отыр­­мыз.

Зауыт құрылтай­шыла­ры­ның ай­туынша, жал­пы, болат ар­­қан­дар өндірісімен ай­на­лысатын ТМД аймағында екі ға­на зауыт бар. Ал Қара­ған­дыда ашылған жа­ңа өн­ді­ріс Қа­зақстан ғана емес, Орталық Азиядағы бі­ре­гей өндіріс ор­ны­на айналмақ.
Дмитрий МАЛАХОВ, «Каз-метиз» ЖШС директоры:
– Зауыттың қуаты жылына – 5 мың тонна болат арқан. Бү­гін­гі таңда біз 1000 тонна ар­ма­ту­ралық сым шығарамыз. Жаңа желі іске қосылғанда өнімнің барлық түрінен шығаратын өнім көлемі 2000 тоннаға жетеді. Бо­лат арқандар ішкі нарықтағы сұ­ранысты толық қамтамасыз ете­ді. Сонымен қатар жақын ше­телдерге шығару да жос­па­рымызда бар.

Негізі, бұл зауытта 200 жұ­мыс­шы нәпа­қасын айырып отыр­са керек. Жаңа желінің іске қосылуымен 40 жаңа жұмыс орны ашыл­ған. Зауыт құрыл­тай­шылары да мем­ле­кеттік қол­даусыз жаңа өндіріс орнын ашу мүмкін еместігін ерекше атады. «Біз шағын ғана кәсіпорын құр­дық. Бірақ өзі шағын болса да, болашағы зор кәсіпорын» деп, жаңа желіні тек бас­тама ғана деп баға­лаған олар өсіп-өркен­деу ке­ле­шектің ен­ші­сінде еке­ні­не сен­дір­ді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста