Блогерлерге қыркүйек айына дейін кәсіпкер ретінде тіркелу міндеттеледі – БАҚ
Әлеуметтік желілерде өз парақшаларына жарнама орналастыратын қазақстандық блогерлер қыркүйек айына дейін ресми түрде кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Kznews.kz ілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап жазды.
Телеарнаның мәліметінше, бұл салықтан жалтарып, таза табысын көрсетпейтіндерге қатысты болмақ. Мұндай талап «онлайн-платформа және онлайн-жарнама туралы» жаңа заңда жазылған.
Сондай- ақ блогерлерге жарияланған ақпаратты тексеріп қана қоймай, жарнама үшін салық төлеуге міндеттелетін болады.
«Соңғы уақытқа дейін олар заңнамалық реттеу бойынша көлеңкеде қалды. Неліктен журналистердің өз заңы бар? «БАҚ туралы» заңда бәрі анық жазылған. Журналистің құқықтары мен міндеттері, не істеу керек, не істемеу керек, қалай жариялау керек деген сияқты. Блогерлерге келетін болсақ, бұндай болмады. Не қалайды, не жазады, не істегісі келеді өз еркінде болды. Сондықтан оларға осы Заңға өте мұқият қарау керек», — деп ескертті Парламентаризм институтының сот жүйесі орталығының басшысы Асқар Өстембаев.
Айта кетсек, Мәжіліс депутаттары онлайн-платформалар мен онлайн-жарнама туралы заңды бірінші оқылымда-ақ мақұлдаған.
Алдағы уақытта әлеуметтік желң қолданушыларының жауапкершілігі артып, заңнамада «блогер» және «инфлюенсер» ұғымдары пайда болады. Мәселен, онлайн палтформаны табыс көзіне айналдырған пайдаланушылар салық төлеуге міндеттеледі.
Ал ақпараттың жалған екендігін біле тұра таратқан кісі жауапқа тартылады.