Бизнесті неден бастаған жөн?
Еліміздің жалпы ішкі өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі жыл санап артып келеді. Төл кәсібін ашуға ынталы азаматтар саны да ұлғаюда. Оларды мазалайтын басты сауал – бизнесті неден бастаған жөн? Мемлекеттік бағдарлама бойынша екінші деңгейлі банктерден жеңілдетілген несие алу үшін қандай құжаттар қажет? Гүлмайра Қуатбайқызы, тілші -Бизнес-жоспарды жасамас бұрын, кез келген азамат «Даму» қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барып, кеңес алғаны жөн. Қазір мұндай орталықтар еліміздің барлық өңірінде бар. Ол жерден қандай өнім немесе қызмет түрлеріне сұраныс жоғары екендігін біліп, қай саланың игерілмегендігі туралы ақпарат алуға болады. Бір сөзбен айтқанда, нарықты зерттеп алған дұрыс. Содан кейін орталық мамандары болашақ кәсіпкерге бизнесті ашуға қажетті анықтамаларды Egov.kz сайты арқылы алып беріп, бизнес жоспарын жасауға көмектеседі. Ғабит Лесбеков, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарушы директоры -Бизнесін жаңа бастап жүрген немесе бастаймын деген азаматтар алғашқы мемлекеттік қолдау көрсету құралдары бойынша кеңес беруден өтеді. Сондай кейін олардың қалаулары бойынша белгілі бір бизнес идялары бар болса, онда оларды сол бизнесті бастауға оны ары қарай жүргізуге байланысты арнайы оқудан өткізеді. Екі күндік оқу, екі күндік оқудан кейін арнайы сертификат алынады. Одан кейін ол азаматтарға бизнесті ашуға байланысты толыққанды тәжірибелік көмек көрсетіледі. Осы тұста айта кетерлігі, 2015 жылы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында 57 мың 500 азаматқа кеңес берілген. Олардың 60 пайызы ер азаматтар болса, қалған 40 пайызы – әйелдер. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға жоғары көрсеткіш. -Гүлмайра, қазіргі кезде кәсіпкерлер «Даму» қорының қандай бағдарламасы бойынша төменгі пайыздық үстемемен несие ала алады? Гүлмайра Қуатбайқызы, тілші -Қор жуырда ғана «Даму-микро» бағдарламасын іске қосты. Оның аясында кәсіпкерлер 3 млн-нан 30 млн теңгеге дейін несие ала алады. Жылдық үстеме – 14 пайыз. Бүгінде нарықтағы ставка 20 пайыз екендігін ескеретін болсақ, бұл – өте тиімді бағдарлама. Сонымен қатар, кәсіпкердің несие алуға берген өтініші қарыз мөлшеріне байланысты 3 күннен 7 күнге дейін қаралады. Ал әдетте банктердің өтінішті қарау мерзімі бір айға ұласатындығы белгілі. Жедел-несие 1 жылдан 3 жылға дейін беріледі. Әзірге «Даму-микро» бағдарламасы Алматы және Ақмола облыстарында жүзеге асырылуда. Пилотты жобаның тиімділігі дәлелденсе, жаңа бағдарлама жыл аяғына дейін өзге өңірлерде де іске қосылады деп жоспарланған. Қордың ел аумағын қамтитын өзге де бағдарламалары бар. Ғабит Лесбеков, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарушы директоры -Ол «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде берілетін несиелерге де қатысы бар. Яғни кепілдеме беру. Ең алғашқы негізгі құралымыз – кепілдеме беру. 20 млн теңгеде ол 85 пайызға жететін болса, одан артық сомаларға жалпы несиенің 50 пайызына беріледі. Яғни осы кепілдеме беруден кейінгі инструменттердің бірі ол – субсидия алу. Субсидия дегеніміз – кәсіпкердің банктен алатын несиелерінің пайызын бір бөлігін мемлекет өз мойнына алып төлеу. Кәсіпкерлерге берілетін несие үстемесін субсидиялаудың арқасында аталған салада қарқынды өсім байқалады. Мәселен, экономикадағы басымдық берілген бағыттағы жобаларға 7 пайыз көлемінде субсидия қарастырылса, өңдеу өндірісі және шағын қалалар мен ауылды жерлердегі жобаларға 10 пайыз көлемде 3 жылға дейін субсидия беріледі. Кәсіпкерлікті қолдаудың арқасында өткен жылы шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 26 пайызға жеткен. Ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 18 пайыз көлемінде болған еді. Төл бизнесіңді ашу ойыңда болса, уақытты оздырмай осы бағдарламалар бойынша «Даму» қорына барып, кеңес алғаның жөн. Жедел түрде несие беру бағдарламасы өзге отандастарымызды да қызықтырды деген сенімдемін.