Бизнес әліппесі: Артық шығынсыз амалдай білесіз бе?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бизнес әлемінде «артық шығынсыз амалдау» деген жақсы бір ұғым бар. Байыбына барсақ, бұл тек кәсіп иелеріне ғана емес, қарапайым адамға да керек қасиеттер. Мысалы, сіз, жалақыдан жалақыға әрең жетіп, нақ сол жалақы алған күні табысының кем дегенде 20 пайызын «құртып» жіберетін адамдардың қатарынан емеспін деп сенімді түрде айта аласыз ба? Мұны көпшілігіміз сенімді түрде айта алмаймыз. Демек, біразымыз артық шығынсыз амалдаудың не екенін сезіне бермейміз. Ендеше біз бүгін «Алаш айнасының» Бизнес әліппесі айдары арқылы шығынсыз үнемдеудің жолдарын көрсетпекпіз.

Бүгінгі санымызда біз оқырмандарымызға алдымен әлемге әйгілі кәсіпкер Герберт Н.Кэссон «Баюдың жолдары» туралы жазған кітабынан бірқатар мысалдар келтіруді жөн көрдік.
Герберт ақшаны үнемдеудің амалдарын былай деп жазады:
• Мен әрбір аптаның арнайы бір күнінде дүкеннен ештеңе сатып алмаймын. Дәл сол күні бір рупий жұмсамауға ант беремін.
• Мен «көненің көзі – асыл» деген қағиданы берік ұстаймын. Іске жарамсыз ескілерді пайдалануды көздеймін.
• Сонымен қатар түрлі бәйгелерге қатысамын. Бәлкім, жүлде алудың реті келіп қалар.
• Егерде үйде бос бөлме болса, онда оны уақытша жалға беремін.
• Мен банктегі сақтық жинау есебімді өзімнің атыма емес, балаларымның атына ашамын. Сонда оны қайта-қайта алуға мүмкіндігім болмайды.
• Ешқашан қарыз ақша сұрамаймын. Егерде қарыз тіпті қажет болса, онда ақша емес, ақшаны қалайша көп табу керек екенін білу үшін ақыл-кеңес сұраймын.

Міне, қарапайым отбасынан шыққан Кэссон үнемдеудің, артық шығынсыз амалдаудың қағидаларын осылай ашып көрсетсе, құрыш құюдың алпауыты Карнеги «үнемдеу үшін алдымен сауда жасау мәдениетін меңгеру керек» дейді. Ал біз осы заманға сай сауда жасауды білеміз бе?
Сауда жасау мәдениетін меңгергенбіз бе?
Жалпы, біз осы саудаласу турасында не білеміз? Көптеген елдерде нақ осы сауда жасау мәдениетіне қатысты арнайы ұстаным да бар екен. Мәселен, бұл ретте жапон халқы «Кез келген сауда жасап тұрған адам эмоцияға берілмеуі тиіс. Дүкенге барғанда дүкен сатушыларының амал-айласын және маркетингтік жүрістерді бақылап тұру керек. Сондай-ақ сауда жасауға қомақты қаржымен барудың да қажеті жоқ» деген қағиданы ұстанатын көрінеді. Ал біз ше? Бізде бұл үрдіс керісінше емес пе? Біздің қаракөз қазақтарымыздың басым бөлігі гу-гу ақшаны қалтаға басып алып базар аралауға, дүкенге барса жалақысының кем дегенде 20 пайызын сол дүкенге қалдырып кетуге бейіл. «Осыдан барып елде айлықтан айлыққа әрең жететіндердің қарасы көбейіп келеді. Біз ақшаны тіршілік етудің бір құралы деп есептер болсақ, қолымыздағы қаржыны үнемдей білуді үренгеніміз абзал» дейді сарапшылар. Ал оны қалай үнемдейміз? Ол үшін біз ең алдымен бірінші кезекте сауатты сауда жасай алуымыз керек екен...
Сауатты сауда дегеніміз не?
Нақ осы сауатты саудаға қатысты қаржы әлемінде мынадай ұстанымдар да бар:
• Бірінші, жоспарсыз сауда жасаудан сақтану үшін әмиянға көп ақша салып жүрудің қажеті жоқ. Бұл - үнемділікке бастайтын алғашқы жол.
• Екінші, жалақы алған күні дүкендерге әсіресе киім дүкендеріне, базарға барудан бас тарта тұрыңыз. Себебі сіз қолыңызға тиген ақшаның буымен ертеңгі күніңізді ойламай, өзіңізге қажетсіз нәрселерді көптеп алып қоюуыңыз мүмкін.
• Үшінші, қолыңызға қаржы тиген соң алдымен үйіңізге қажетті азық-түліктің легін жазып, тізіп алыңыз. Сосын азық-түлік алуға барғанда әрқайсысының тұсына қанша мөлшерде ақша кеткенін белгілеп қойыңыз. Бұл да кеткен ақшаның есебін шығаруға өте қолайлы дүние.
• Бұдан соң күнделікті жұмсаған қаржыңызды дәйім белгілі бір дәптерге есептеп жазып отырыңыз. Бұл да шығыс пен кірісті есептеуге, үнемдеуге таптырмайтын – тәсіл.
«Міне, осы қағидаларды меңгерген адам сауда жасауда ұтылмайды» деседі мамандар.
Маркетингтік жүрісті білеміз бе?
Сауда жасауда біз білуге міндетті тағы бір жайт бұл - маркетингтік жүріс. Яғни, қандайда бір сауда жасайтын адам алатын тауарының өзіне қаншалықты қажеттілігін тереңірек білгені дұрыс. Мысалы, дүкеннен шығар тұста өндірушілер мен дүкен иелері сыйлықтарды қайсыбір тауарларға қосып сатады. Мұның бәрі эмоциялық факторда есеп айырысу арқылы шешіледі. Сөз жоқ, жұрттың көбі сыйлық алғысы келеді. Осы сыйлық үшін сізге қажеті жоқ, керегі аса шамалы тауардың құнын төлеу керек болуы да мүмкін. Оындай сәтте жарнамалық акциялар мен бағасы төмендетілген науқандарға аса сақ қараңыз. Бұл турасында мамандар «кез келген адам сауда жасап, жоспарлаған бойынша аяқтаған соң, не тындырғанына салқынқандылықпен бір үңіліп көріп, сараптау жасау қажеттігін» алға тартады. Жалпы, маркетингтік жүріс дегенде алдымен жоспарланбаған шығыс жасаған себепті жазып отыру керек. Сондай-ақ өзіңіздің көңіліңіз әбден толғанша болған жағдайларға талдау жасауды жалғастыра берген жөн.
Негізінен сауатты саудаласуға қатысты біз тілдескен қаржыгерлердің дені: «соңғы уақытта «ақша жоқ» деген сөз тіркесін жиі-жиі естуге тура келеді. Ақша, әрине бәрінде де бар, бірақ неге екені белгісіз, әйтеуір ешкімге жетпей жатады. Ақшаның жетіспеушілігі еңбекақысы төмен адамдарда ғана емес, жалақылары әжептәуір адамдарда да кездесіп жатады. Сондықтан бізге заманға сай үнемдеуді үйренген абзал. Үнемделген теңге де таза еңбекпен келеді. Негізінде еңбектеніп тапқаннан гөрі, үнемдеген әлдеқайда жеңіл болады» деседі.
Байыған кезде базарға бармау да дұрыс
Ал отандық кәсіпкерлер шығынсыз амалдауға қатысты қарапайым жұртшылыққа «байыған кезде базарға бармау жағын» баса ескертеді. Қаржыны үнемдеу тұрғысында ел-жұртқа біраз ақыл-кеңес берген олардың пікірлері біздің де назарымыздан тыс қалмады. Мәселен, отандық кәсіпкерлер қолда бар ақшаны үнемдеудің, қарызға белшеден батпаудың, қажетті затқа қиналмай қол жеткізудің мынадай біршама тетіктері бар екенін алға тартады:
а) Біріншіден, әмияныңызға көп ақша салып жүруден сақтаныңыз. Бұл сізді үнемділікке бастайтын бірінші жол.
ә) Екіншіден, жалақы алған күні дүкендерге әсіресе киім дүкендеріне, базарға барудан бас тарта тұрыңыз. Себебі сіз қолыңызға тиген ақшаның буымен ертеңгі күніңізді ойламай, өзіңізге қажетсіз нәрселерді көптеп алып қоюуыңыз мүмкін.
б) Үшінші бір жадыңызда ұстайтын нәрсе – қолыңызға қаржы тиген соң алдымен үйіңізге қажетті азық-түліктің легін жазып, тізіп алыңыз. Сосын азық-түлік алуға барғанда әрқайсысының тұсына қанша мөлшерде ақша кеткенін белгілеп қойыңыз. Бұл да кеткен ақшаның есебін шығаруға өте қолайлы дүние.
в) Төртінші бір ескерер жайт – егер жекеменшік көлігіңіз болып, ал оның шығынын өтеуге қолыңыздағы қаржыңыз жетпесе, дереу көліктен бас тартыңыз немесе шығыны аз көлікке ықыласыңыз аусын.
г) Бастысы күнделікті жұмсаған қаржыңызды дәйім белгілі бір дәптерге есептеп жазып отырыңыз. Бұл отбасы бюджетінен шыққан шығыс пен кірісті есептеуге, үнемдеуге таптырмайтын – тәсіл.

Міне, мамандар қарапайым жұртшылыққа қағиданы осылай қалыптастыра білу қажеттігін ескертеді. Байыптап қарасақ, бұл ақыл-кеңестердің қонымды тұстары баршылық. Ендеше түртіп алып, көңілге түйіп жүргеннің артығы жоқ тәрізді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста