Биыл «Жастар бағдарламасы» аясында 857 пәтер беріледі
Биыл Шымкент қаласында 1 605 баспананы сатып алу құқығынсыз, жалға беру жоспарланған. Оның ішінде 857 пәтер жұмыс істейтін жастарға табысталады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазіргі таңда бұл тұрғын үйлерде абаттандыру және инфрақұрылымдық жүйелерге қосу жұмыстары жүргізілуде. Тиісті жұмыстар аяқталған соң тұрғын үй басқармасында конкурс өтеді. Бұл туралы алдын ала құлағдар ету үшін хабарландыру барлық бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланады.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша Шымкент қаласында 2021 жылы 300 жас жалдамалы баспанамен қамтылған. 2020 жылы аталған бағдарлама бойынша – 904 азаматқа пәтер кілті табысталды.
Тұрғын үй-коммуаналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз берілген пәтерлер 5 жылдық мерзімге пайдалануға беріледі.
BAQ.KZ