Бит сату да бизнеске айналды

Бит сату да бизнеске айналды

Алматыдағы Көкбазардың маңынан «Бит сатамын!» деген жарнаманы көзіміз шалды. Кәдімгі биттің медициналық мақсатқа пайдалану үшін сатылатынын бұрын арагідік еститінбіз. Мұндаймен сыған халқының өкілдері айналысады деп естуші едік. «Бит сатамын!» деген жарнаманың жайын тексермек болғанда  сығандарға не тәжіктерге, басқа келімсектерге жолығып қалармыз деп ойладық. Бірақ адамның бойында кірден пайда болып, ауру туғызатын жәндіктің бір талын 500 теңгеден сатуды кәсіпке айналдырғандар өзіміздің қаракөздер болып шықты. Мәселен, біз көрген хабарландыруды Жұлдыз есімді әйел беріпті.
Ерекше бизнесі бар алматылық саудагер кәсібінен еш қысылып тұрған жоқ. Керісінше, табыстың көзін тапқанына риза. Ол үшін педикулез – ауру емес, пайда.
Жұлдыз, бит сатушы:
– Бит – асқазанға, сарауруға бірден-бір ем. Егер алатын болсаңыз, оны ертең алып келемін. Оның бір данасы 500 теңге тұрады. Оны негізі айранмен пайдалану керек. Егер үлкен адамға беретін бол­саңыз, айранға жеті немесе тоғыз дана битті салып берген жөн. Ал кішкентай бала болатын болса, онда үшеуін немесе бесеуін салып бересіз. Бит бүйрек ауруын, сарауруды, бауыр ауруларын емдеп, қан айна­лымын жақсартады. Битті айранға салып ішкен соң 10 күннен кейін дәрігерлік тексеруден өтесіз. Егер нәтиже жақсы болса, онда ары қарай битті пайда­ланудың керегі жоқ. Ал ауру қайта қозатын болса, онда созылмалы дертке үлкен адамға тоғыз биттен үш рет ішкізген жөн. Алайда битті пайдаланғаннан кейін біраз уақыт майлы тамақ жеуге болмайды. Ол бауырға зиян. Оның орнына қарбыз, қауын, құл­пынай жеген дұрыс. Қарбыз асқазанды таза­лайды. Негізі, қазір битті сатып алушылар өте көп. Әсіресе студенттер жиі алады.

Міне, енді бит те сатылатын болды. Қазір мұны сатып алып, пайдаланып көрушілер де аз емес екен. Сатушылардың айтуынша, негізі, сараурумен ауыр­ған адамның бауыры сарғайып кетеді. Бит ішке барғанда бауырға түсіп, бүкіл сараурудың сөлін өзіне тартып, ісінетін көрінеді. Кейін үлкен дәрет ар­қылы түседі-міс. Дегенмен бүгінгідей технология мен медицинаның дамыған заманында бұрыннан қалған халықтық емді қолданған қаншалықты дұрыс? Бұл қауіпті емес пе?
Абай ЖАНҒАБЫЛОВ, медицина ғылымының докторы, профессор:
– Мен осы асқазан, ішек ауруларын та­лай жыл­­дардан бері зерттеп келемін. Са­р­ау­­руды емдеудің түрлі жолдарын кітап­тан да оқы­дық, өзіміз де талай зерттеу ма­те­­риал­да­рын жаздық. Оны қалай емдеу ке­рек­ті­гінің барлығы жазылып, схемасы сы­­зылып қо­йылған. Енді бит арқылы сар­ау­­руды ем­деуге болатынын бірінші рет естіп тұр­мын. Бұл сығандардың ақша жа­сау үшін ой­лап тапқан жабайы әдісі деп есеп­теймін. Мы­надай медицина дамыған за­манда қай­дағы бір шарлатан, сыған­дар­дың сө­зіне сеніп, денсаулыққа зиян кел­тір­генше, ауыр­ғанда нағыз дәрігер мамандар кө­мегіне жүгінген дұрыс деп есептеймін. Қай­­та бит арқылы көптеген инфекциялық ау­­рулар тарайды. Ол ешқандай да са­р­ау­руды емдемейді. Бұл иттің етін жесе ту­бер­­ку­лезден айығады деген секілді бей­ресми халық медицинасы болып табылады. Сон­дықтан санитарлық-эпиде­мио­ло­гиялық ма­мандар арқылы базарға тексеріс жа­сап, мұны бизнеске айналдырғандарға ірі кө­лем­де айыппұл салып, тіпті қылмыстық жа­уап­кершілікке тартуымыз қажет. Олай адам ден­саулығына немқұрайды қарауға бол­ма­й­ды.
Шынында да, бұл – ойланарлық жағ­дай. Санитарлық-эпидемиологиялық са­раптама және мониторинг жөніндегі ғы­лы­ми-тәжірибелік орталықтың директоры Шал­­ғынбай Жандосовтың айтуынша, не­гізі мұн­дай келеңсіздіктермен құқық қор­ғау органдары айналысуы тиіс екен. Себебі оған қалалық СЭС мамандарының шамасы жет­пейтін көрінеді. «Егер оларға тексерісті біз жүргізетін болсақ, онда олар «біздің ар-на­мысымызға тиді» деп, өзімізге қарсы шы­ғатын болады. Сондықтан мұны тәртіп сақ­шылары ретке келтіруі керек. Мен мұны бі­рінші рет естіп отырмын. Бұл масқара ғой. Біз негізі кез келген азық-түлік тауар­ла­­рына, киімге, тіпті балалар ойыншығына дейін сертификат талап етеміз. Ал битке қандай сертификат беріледі? Мұны құқық қорғаушылар жіті қадағалауға алуы керек», – дейді Ш.Жандосов.
Медет, Алматы қаласының тұрғыны:
– Менің бір танысым сарауруға шал­ды­ғып, қанша емделді, анализдер тап­сыр­ды, көп­теген дәрі ішті. Қаражатының көбін ем­ге жұмсады. Дегенмен ауруынан айық­қан жоқ. Ауруын уайымдап, әбден сарсаң­ға түс­­кенде үлкен апа битті айранға қосып бе­­ру керектігін айтты. Сонымен науқас адам­ға ештеңе айтпай, айранға 10 тал бит­­ті қосып ішкіздік. Арада біраз күн өткен соң, денсаулығы жақсарып, түрі де реңді бола бастады. Бес ай өткеннен кейін ем­ха­наға барып анализ тапсырып еді, ден­сау­лығында мін жоқ. Кезінде соғыс уақытында осылай емделген екен.

Егер, шын мәнінде, бит, қандала, сірке секілді зиянды жәндіктердің адам ден­саулығына пайдасы болатын болса, онда неге оларды лабораториялық жағдайда био­фабрикаларда өсіріп өндірмеске?! Олар­ды неге ғылыми тұрғыдан зерттеп, дә­рілік заттар шығармасқа?!.

Битті тірідей жеп, осы арқылы аурудан айығу әдісі бұрын қолданылған шығар. Мүмкін бұл біреулерге көмектескен де болуы керек. Дегенмен осы арқылы қанша адам денсаулығын нашарлатып алды, қаншасы қайтыс болды, ол жағы бізге беймәлім. Сондықтан қандай жағдай болсын егер ауыра қалсақ, нағыз дәрігер мамандарға жүгінгеніміз жөн болар. Тым болмаса халықтық емді қолдану туралы дәрігерлерден кеңес алғанымыз дұрыс. Ал битті бизнеске айналдырып, халықтың денсаулығына кері әсерін тигізіп отырған пысықайларға полиция қызметкерлері тосқауыл қойса екен дейміз. Бұл ретте Алматы қалалық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Сағатханұлы бұған бейжай қарамайды деген үміттеміз...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста