Биоэкономика бағымызды ашар тетік пе?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Қазірде әлем елдерінің біразы экономикасын «биоөрістендіріп» жатқан жайы бар. Бүгінде Латын Америкасы, Бразилия, Германия тәрізді елдер биоэкономикаға барынша бейімделіп, осы бір жаңашыл саланы айтарлықтай табыс көзіне айналдыруда. Мәселен, Латын Америкасы көмір қышқыл газы мен күн сәулесінен биогелиоэнергетиканы дамытып отырса, Бразилия жүгеріден биотын өндіруде алдына жан салмай келеді. Ал немістердің биоөнімдері әлемдік нарықта айрықша орын алып, өзіндік бренд жинағалы қашан?! Осы үш елдің тәжірибесінен үлгі алғысы келген мемлекеттер бүгінде биоэкономикаға бойлап енуге барынша ықыласты.
Жалпы, халықаралық сарапшылардың био­экономиканың тиімділігін қаузағанына бі­раз уақыт болды. Олардың пайым­да­уын­ша, бүгінгі нарықта биотын өндіру барынша пай­даға кенелтпек.
Негізінен, бұл мәселе Қазақ елінде де сөз болмай жүрген жоқ. Кезінде халық қа­лау­лыларының біразы «арпа-бидайдың, жүгерінің қалдығын ұқсатып биотын өндіру» туралы ұсыныс тастағанда, біраз қауым «мұ­найлы Қазақстанға биотын өн­діріп, био­эко­номикаға бейімделіп қажеті не?» деген пі­кірлерді де алға тартқан-ды. Әйтсе де бү­гінде биоэкономиканың қа­жет­тілігін, пай­дасын бағамдап жүрген отандық ма­мандар да баршылық. Мәселен, бұл турасында күні кеше Биотын өндіруші қауымдастықтың пре­зи­денті Бейсен До­ня­нов былай деді:
– Биоэкономика адамзатты жаңа даму са­тысына көтереді. Бұл саланың көзін тап­сақ, табыс өзінен-өзі келіп түседі. Да­мы­ған елдердің тәжірибелерін алып қа­ра­сақ, Еуропа елдері, негізінен, биотын және биоэнергетика өндіруге басымдық беріп отыр. Қазірде көмір қышқыл газынан, жер қойнауындағы шикізат ресурстарынан, күн сәулесінен биоэнергетика алуды Америка, Латын Америкасы, Германия елдері өте жақсы меңгеріп отыр. Сарапшылар «ке­ле­шек­­те әлем бойынша энергия тапшылығы се­­­зіліп, шикізат көздерінің қоры азаюы ық­ти­­мал» деген болжамдарды алға тартады. Демек, біздің ел үшін де биоэкономикаға бейімделу қажет. Оған Қазақ елінің қау­қа­ры да, шикізат ресурстары да жеткілікті.
Расымен де, Қазақстан шикізат қо­рына, жерасты ресурстарына бай екені дау­­сыз. Алайда нақ осы биоэкономикаға бе­йім­делуге біздің технологиялық базамыз жет­­кілікті ме? Осы ретте техника ғылы­мы­ның док­торы, профессор Тоқтамыс МЕҢ­­ДЕ­БАВ:
– Біздің биоэкономика туралы сөз ет­кенімізге біраз уақыт болды. Осыған бай­ла­нысты арнайы заң қабылдап, қа­уым­дас­тық та құрып жатырмыз. Әйтсе де біздің тех­нологиялық базамыз жеткіліксіз. Бұл жер­­де мынадай жайттар ескерілуі керек:
а) биоэкономикаға біздің ішкі мүм­кін­ші­ліктеріміз тән бе? Жалпы, биоөнім өн­ді­ру­ге біз дайынбыз ба, алдымен осыны са­ра­лап алғанымыз абзал;
ә) жоғарыда аталған жайттарды зерт­теп, саралап алғаннан кейін технологиялық ба­замызды дайындауымыз қажет. Бір ес­керетіні, шетелдің дайын технологиясына сүйенгеннен гөрі өзіміздің отандық технологияларды биотын, биоэнергетика өндіруге бағыттаған дұрыс;
б) бұдан соң барып биоэкономикаға қа­тысты мемлекеттік маңызы бар стра­те­гия­­лық бағдарлама қабылдауымыз қа­жет.

Міне, аталмыш реформаға енудің алғышарттары осылай түзілуі керек. Бұл саланың тиімділігі өте жоғары. Сондықтан алдағы уақытта биотын, биоэнергетика, биоөнім өндіруге кіріссек, бұл – өркендеуге жетелейтін тетіктердің бірі, – дейді.
Жалпы, болжам бойынша 2020 жы­лы әлемдік тұрғыда энергияның бар­лық түріне сұраныс артып, оны қол­дану екі есеге артпақ. Бұған байланысты халық­ара­лық сарапшылар «болашақта көмір тек энергия есебінде ғана қол­да­нып, мұ­най шикі күйінде экспорттала бе­ретін бол­са, аталмыш ресурстардың қо­ры азая­ды. Сондықтан биоэкономикаға ден қою қажет» деседі. Осыны ескерген бір­қа­тар елдер мұнайын, уранын, көмірін үнем­деу мақсатында биоэкономикаға бой­лап енуге талпынып жатыр. Осы тұста қа­зақ қоғамы да жаңа­шыл­дықтан шет қал­мауы керектігін па­йым­дайсың. Ойлап қа­расақ, бүгінде био­эко­но­микаға қажетті шикізат ресурс­тарымыз жет­кілікті екен. Қазақтың мұнайы мен ас­ты­ғының қа­зір­де әлем нарығында еңсесі биік. Ма­ман­дар бұған байланысты «болашақта қа­­зақ­тың биоэкономикасы да қуатты бо­ла­ды» деп сендіреді.

Ойсалар: Биоэкономика дегенде сарапшылар суасты өсімдіктерінің өзін ұқсатып, биотын өндіруге болатынын ал­ға тартады. Мамандардың пайым­да­уын­ша, «ебін тапса, микроөсімдіктерді де кә­­деге жаратып, биотын өндіруге бо­ла­ды. Өсімдіктердің тез көбейгіш қа­сиеттері әлем жұртшылығын биотын­мен қам­тамасыз етуге толық мүмкіндік бе­ре­ді».

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста