Беларусь: Жабық экономиканың жағдайы

Беларусь: Жабық экономиканың жағдайы

Беларусь Президенті Александр Лукашенконың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі үнемі назар аудартады. Кейде оны «Еуропадағы соңғы диктатор» деп атайды. АҚШ пен Еуроодақ елдеріне жақпай қалып, көпке дейін қабылдамай қойғаны бар. 2007 жылы құрылған «Лукашенко-2008» қозғалысы оның Ресей президенттігіне сайлануын жақтайды. ТМД аймағы оны «Батько» деп «еркелетеді». Батьконың әр қадамын алдын ала болжау мүмкін емес. Әншейінде Ресейдің айтқанынан шықпайтын Лукашенко өткен жылы асау мінез танытты: Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін бірінші болып мойындайды деп күткен Ресейдің үмітін ақтамады.
Туыстар арасындағы жанжал
Былтырғы жылдың қазан айында Мәс­кеу Минскіге 2 млрд доллар қарыз бе­руге келіскен еді. Қаржының бір бөлігі – қараша айында, екінші бөлігі наурызда аударылды. Үшінші бөлігіне (500 млн доллар) келгенде, Ресей ойланып отыр. Өйткені РФ қаржы министрі Алексей Кудрин 2009-2010 жылдары Белорус­сия­­да дефолт болуы мүмкін деген бол­жам айт­ты. Жалпы, екі ел арасындағы нес­ие дағ­дарысы осы көктемде басталды. Бело­рус­­тар миллиардтап қарыз сұрайды, Ресей тар­­тын­шақтайды. 2007 жылдан бері Ресей осы елге 3 млрд доллар көлемінде несие бер­­ген еді. А.Кудрин белорус үкіметі эко­но­­миканы тұрақтандыру бағытында еш­қан­дай әрекет жасамаса, берілуге тиіс қар­жының қарасын да көрмейтінін хабар­ла­­ды. Ал Беларусь премьер-министрі Сергей Сидорский: «Біз ақшаны текке жеп жат­­қан жоқпыз, жаңа, тиімді экономика құ­­ру­­ға жұмсап жатырмыз», – деп ақта­ла­­ды. Оған дәлел ретінде мынадай де­ре­к­­ті келтіреді: белорус экономикасы Ресей­ге қарағанда дағдарысқа төтеп бе­ру­­де. Мә­се­­лен, Ресейдің ЖІӨ 9,5 пайызға кемісе, Беларусьтікі аз да болса (1,1 пайыз­ға) жо­ға­рылаған. Кудриннің сөзіне күйіп кеткен Сидорский оны «қойма­шы­ға» те­ңе­се, А.Лукашенко «вякающие отмороз­ки» деп тіпті қатты кетті. Беларусь Прези­ден­­ті мен премьерінің өз Қаржы министрін жер­­ден алып, жерге салып, сыбағанына қа­­рап тұра ма, Дмитрий Медведев те ашуы­­на мінді. Ол мұндай қылықтың дип­ло­­­­­ма­­­тиялық эти­каға жатпайтынын ескерт­ті.
Қарыз алуға келгенде А.Лукашенко басқа майданда да белсенділік танытып­ты. Бұған дейін Халықаралық валюта қо­рынан – 2,56 млрд, Венесуэладан 500 млн доллар алып үлгерді. Оның бұл жан­таласуы түсінікті де. Экономикалық дағ­дарыс ең алдымен осы елдегі қаржы жүйе­сін тұралатты. Алтын-валюта қорын­­дағы қаражат өткен жылы 1,3 млрд дол­лар­ға кеміген. Қазір бұл елдің сауда ба­лан­сы ЖІӨ-нің 13 пайызын ғана құ­рай­ды. Инвестиция азайды. Сондықтан қа­рыз алудан басқа амал жоқ. Қаңтарда бе­ло­­рус рублі 20 пайызға құнсызданған бо­­ла­­тын. Ал Ұлттық банк биржада рұқ­сат­­сыз валюта сатуға тыйым салды. Бұл еуро мен долларға сұраныстың өске­нін көрсетеді. Ал ол өз кезегінде де­валь­­вацияға әкелуі мүмкін. Әйтсе де, са­рап­­шылар белорус экономикасына «тұ­рақ­ты» деген баға берді. Аз да болса, ЖІӨ өсті. Жартылай жабық экономикасы әлемдік несие нарығына тәуелді емес. Бірақ сауда балансындағы жыртығын тез арада жамамаса, жағдайы мүшкілденеді. Мәскеу осындай осал тұсын жақсы біліп отыр. Әрі оны өз есебіне пайдаланғысы келеді. Өйткені соңғы кезде Лукашенко Кремльдің қитығына тиіп жүр. Батыс Еуропамен қарым-қатынасын көпе-көрнеу жақсартып, осы уақытқа дейін Оңтүстік Осетия мен Абхазияның тәуелсіздігін мойындамай келеді. Оған қоса Ресейді сынайды. Екі арадағы келісімді бұзып, өз өндірушілерін көбірек қолдайды. Сондықтан Кудриннің мәлімдемесін белорустардың жүйкесін тексеру деп бағалауға болар. Ақыр аяғында Минск Мәскеудің аяғына жығылуы да мүмкін.
Әзірге екі ел арасында «сүт соғысы» басталып кетті. Ресейдің бас тазалықшысы Геннадий Онищенко белорус елінен келетін сүт өнімдерінің 499 түріне тыйым салды. Ресми себебі – 2008 жылғы желтоқсанда күшіне енген техрегламентке сәйкес еместігі. Жуырда ғана екі елдің ауыл шаруашылығы министрліктері Ресей нарығына әкелінетін құрғақ сүттің көлемін 110 мың тоннадан 70 мың тоннаға дейін қысқартуға келіскен-тұғын. Ал ірімшікті 100 мың тоннадан 132 мың тоннаға ұлғайту көзделген еді. Бұл орайда Лукашенконың жауабы қатқыл: «Аналар сүт шығаратын зауыттарды бізге бермесеңдер, сендерден сүт сатып алмаймыз деп өзеурейді. Бұл үкімет деңгейінде айтылған сөз. Ал бізбен бұлайша сөйлесуге болмайды. Тіпті болмаса, сүтті жерге төгерміз, бірақ айтқандарына көнбейміз», – деді ол. Сарапшылар бұл тыйымды экономикалық санкция ретінде бағалап отыр. Бірақ Минск сөзсіз жеңіледі, өйткені оған Ресейден өзге ешкім де соншама қарыз бермейді деседі. Сүт өнімдерін орыс шекарасынан өткізбеудің салдарынан белорус бюджеті 1 млрд доллардан қағылады.
Экспортқа иек артқан ел
Мойындау керек, Беларусь ауыл ша­руа­шылығы бұрынғы кеңес айма­ғындағы өзге елдерге қарағанда тәуір дамыған. Қазіргі кезде ауылды дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Батыс­тағы ауыл шаруашылығын дамыту бағы­тын зерттеп, осы салаға аямай қаржы құюдың арқасында дұрыс жолды таң­дау­ға мүмкіндік берді. Әрі бұрыннан келе жатқан колхоз-совхоздарының тә­жі­ри­бесі де жәрдемін тигізді. Қазір аг­рар­лық сала ел экономикасының ма­ңыз­ды бөлігіне айналған. Жалпы, бұл елде кеңес дәуірінен бері жүк көлігі (МАЗ, БелАЗ), трактор (Беларусь), жол-құ­ры­лыс және коммуналдық техника (Амкадор), теледидар (Горизонт, Витязь), тоңазытқыш (Атлант), калий ты­ңайт­қыштары (Беларускалий), тоқыма және жеңіл өнеркәсіп өнімдері экспортқа шы­ғарылады. Негізгі саласы – машина жасау және металл өңдеу, калий тұзын өндіру, хи­мия және мұнай-химия өнеркәсібі, электро­энергетика, жеңіл және тамақ, ор­ман және ағаш өңдеу өнеркәсібі.
Соңғы төрт-бес айда белорус машина жасау кәсіпорындарының ішкі және сыртқы нарыққа өнім өткізуі 30 пайызға қысқарды. Себебі – баяғы дағдарыс. Әсі­ресе жеңіл өнеркәсіп, құрылыс саласы қаңтарылды. Ал тауары сұранысқа ие кәсіп­орындар, мәселен, Гомель химия зауы­ты­ның фосфор тыңайтқыштары қай кезде де өтімді. Көктемде Беларусь премье­рі Сидорский Ресеймен бірігіп әзір­леген дағдарысқа қарсы бағдарлама­ға үміт артатынын жасырмаған бола­тын. Ол мемлекеттік ұйымдардың шы­ғынын азайтуға да ден қойылғанын мәлімдеді. Журналистер Сидорскийдің бір жиында қалтасынан 40 жылғы қа­лам­ды шығарғанын көздері шалып қа­лып­ты. Қыршаңқы тілді БАҚ өкілдері премьердің өзі осындай археологиялық «олжаны» пайдаланғанына қарағанда, мемлекеттік мекемелер кеңсе тауарларын жуық арада сатып алмайтын шығар деп біраз жерге апарып тастады. Президент Лукашенко: «Біз барлық өнімді – мотор, киім-кешектен бастап, сары майға дейін сыртқа шығарамыз. Негізінен, экс­порт­қа сүйенетін ел болғандықтан, әрине, дағдарыс әсер етпей қоймайды. Сон­дық­тан Ресей нарығында босаған орындарды жаулауымыз қажет», – деген еді. Кеңес дәуірінде екінің бірі қолына тағатын әйгі­лі «Луч» сағатын шығаратын зауыт та қа­рыз­ға белшеден батып отыр. Зауыт қа­рызы бюд­жет есебінен бөліп төленетін болды. Белорус халқы да биыл үкіметке риза емес. Себебі жылда көтерілетін жалақы биыл сол қалпында қалды. Мұндай қа­дам­ға үкімет ХВҚ-дан несие алу үшін ба­рып отыр. Қордың алдын ала қойған шар­ты – осындай.
Беларусьтің елімізбен арадағы байла­нысына ерекше тоқталған жөн. Жақында осы елдің премьер-министрінің бірінші орынбасары Владимир Симашко бізде астық жинайтын комбайн құрастыру, «Атлант» тоңазытқышын құрастыру өн­ді­рісін қолға алуға дайын екенін білдір­ді. Сондай-ақ лифт, тұрмыстық техника, та­мақ, оның ішінде сүт өнімдері, консер­ві­лер, сиыр еті, қантпен қамтамасыз ету­ге құлшыныс білдірді. Оған қоса сүт өн­ді­ретін зауыт салуға да мүдделі екенін жа­сыр­мады. Ондай зауыт іске қосылса, ши­кі­затпен қамтамасыз етуге әзір.

Артықшылығы:
Орман және ауыл шаруашылы­ғын дамытуға әлеуеті жетеді. Көлік жүйесі дамыған. Ауыл шаруашылығына қажет­ті тыңайтқыш – калий тұзы әлем­нің көптеген елдеріне экспортқа шы­ға­рылады.

Әлсіз жақтары:
Көмірсутегі кен орындары өте аз: Речица ауданындағы кеніштерден мұ­най өндіру көлемі жылына 1,5 млн тон­надан аспайды. Темір мен көмірдің үл­кен кен орындары жоқ. Бюджетке тү­се­тін әлеуметтік салмақ тым ауқымды. Черно­быль апатының шығыны елдің он жыл­дық бюджетіне пара-пар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста