Баспана мәселесін шешуге қандай бағдарламалар көмек бере алады?

Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету - мемлекеттің басты міндеті. Осы ретте еліміздің Ұлттық экономика министрлігі баспана мәселесін шешуге қандай бағдарламалар мен тетіктер көмек бере алатынын түсіндірді.

Сонымен біріншісі - жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтар үшін салынатын жалға берілетін тұрғын үй. Тұрғын үйді бөлу жұмысын кезек тәртібінде жергілікті атқарушы органдардың жанындағы тұрғын үй комиссиялары жүзеге асырады. 2016 жылы 754 тұрғын үй салу жоспарланды.

Екіншісі - тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың және «Бәйтерек девелопмент» АҚ-тың кредиттік тұрғын үйі. Кредиттік тұрғын үй ҚТҚЖБ салымшылары мен жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандардың арасында бөлінеді. Республикалық бюджеттен қаржыландыру кезінде құрылыстың бір шаршы метрінің құны Астана және Алматы қалаларында 142,5 мың теңгені, қалған өңірлерде 110 мың теңгені құрайды. Жергілікті атқарушы органдар облигациялар шығару есебінен қаржыландыру кезінде бір шаршы метрдің құрылысының құны Астана және Алматы қалаларында 180 мың теңгені, өңірлерде - 140 мың теңгені құрайды.

Үшіншісі - ТҮҚЖ жүйесі арқылы іске асыру үшін «Бәйтерек девелопмент» АҚ кредиттік тұрғын үйі. Кредиттік тұрғын үй ҚТҮҚЖБ салымшылар арасында бөлінеді. «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы құрылыстың бір шаршы метрінің құны Астана және Алматы қалаларында 200 мың теңгені, өңірлерде - 180 мың теңгені құрайды.

Төртіншісі - ҚТҮҚЖБ арқылы жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй. Тұрғын үй ҚТҚЖБ салымшылары санынан, екі жылдан кем емес некеде тұрған және жұбайлардың екеуінің жасы 29-ға толмаған жас отбасыларға бөлінеді. Құрылыс жергілікті атқарушы органдарымен жүргізіледі. Осы бағыт бойынша ағымдағы жылы шамамен 400 пәтер пайдалануға беріледі. Бір шаршы метрдің құны Астана және Алматы қалаларында 142,5 мың теңгені, басқа өңірлерде - 110 мың теңгені құрайды.

Бесіншісі - «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» АҚ-тың жалға берілетін тұрғын үйі. Тұрғын үйдің 50 пайызы 35 жасқа толмаған, жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін салынады, қалған 50 пайызы басқа кезекте тұрған азаматтар арасында бөлінеді. Бір шаршы метрдің құны Астана және Алматы қалаларында 200 мың теңгені, өңірлерде 180 мың теңгені құрайды.

Алтыншысы - «Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-тың коммерциялық тұрғын үйі. Тұрғын үй шектеусіз халықтың кез келген санатына жүзеге асырылады. 2016 жылы осы бағыт бойынша Ұлттық қордан 97 млрд теңге бөлінді. Шамамен 11 мың пәтер салу жоспарланып отыр. Бір шаршы метрдің сату құны Астана мен Алматы қалаларында 288 мың теңгені, өңірлерде - 240 мың теңгені құрайтын болады.

Жетіншісі - «Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үй. Тұрғын үй жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға кейін сатып алумен жалға немесе тікелей сатып алу жолымен ұсынылады.

Сегізіншісі - «Бәйтерек Девелопмент» АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үй. Тұрғын үй заңнамасымен айқындалған кезектілік тәртібінде сатып алу немесе сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрған азаматтарға беріледі. 

Ақпарат көзі: inform.kz

khabar.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста