Балық пен байлық

«Алматы – Нарынқол» тас жолының бойындағы Құлжа ауылында балық төресі «ханбалық» өсірумен шұғылданатын азамат бар. Есімі Фарид Гибадуллин. Бір ғажабы, балықты тау суында емес, жер қойнауынан тартылған артезиан құдығының суында өсіруде. 

Кәсіпкердің аталған кәсіпті қалай меңгергендігін баяндамас бұрын оның өмір жолына үңіліп көрсек. Өйткені ғұмыры мен кәсібі бір арнада тоғысқан, тіпті, қазақ жерінде алғашқы балық өсіру ісінің басы-қасында жүрген кәнігі маман ол.
1968 жылы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетін ойдағыдай аяқтаған Фарид Гибадуллин құрылысы аяқталуға жақын Түрген ханбалық шаруашылығына ат басын бұрған. Осында жұмыс атқарып, 1969 жылы 1-ші сәуірде басшысы қызметіне тағайындалған. Онда 1973 жылдың 1-ші қарашасына дейін жұмыс атқарады.
Түрген ханбалық шаруашалығының ашылуына кеңестік үкімет пен партияның қолдау білдіргенін айтады Фарид Гибадуллин. Орталық комитеттің хатшысы Алексей Карибаевтың еңбегін де ерекше атап өтеді. Алексей Карибаев іс-сапарлармен шет мемлекеттерге шыққан, көптеген мемлекеттер ханбалық өсірумен айналысатынын көрген. Әсіресе, Еуропа мемлекеттері. Осылай Кеңестер Одағы да балық өсірудің тиімді әрі оған қоршаған ортаның да қолайлы екенін зерделей келе ауыл шаруашлығы министрлігінің қатысуымен бұл іске белсене кіріседі. Зерттеу жұмыстарын Қазақ ұлттық университетінің ихтиология кафедрасы жүргізеді. Ихтиология кафедрасының меңгерушісі Антонина Сидорованың жетекшілігімен 1964 жылы зерттеу жұмыстары басталған еді. Алғашқы шабақтар Чехославакия мемлекетінен әкелінді. Оны Бартоғай сайындағы су қоймасында өсіре бастайды. Бірінші күннен қоршаған ортаның ханбалық шабақтарына майдай жаққанын байқаған ғалымдар Қазақстан тарихында балық өсірудің алғашқы сатысын еңсерген болатын. Зарттеу жұмыстары нәтижелі аяқталған соң Түрген ханбалық шаруашылығының да іргесі қаланады. Жобасын украиндық мердігерлер жасаған. Құрылысын «Казселденқорғау» ММ жүргізген. Фарид Гибадуллин Түрген ханбалық шаруашлығының ыңғайлы жерге салынғанын және өте сәтті шыққан жоба екендігін айтады. Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметтерде істеген Фарид Фатихович балық өсірудің қыр-сырын жетік меңгерген адам екеніне көзіміз жетті. Оның айтуынша, «өмір бойы», балық шаруашлығының басы-қасында жүрген. Осыдан ұққанымыз ол бүгінгі буынға өте қажетті маман.

Балыққа таяз судан терең оңай

Құлжа жолының бойындағы Құлжа ауылына кіреберісте «Сұлтан» мейрамханасы тұр. Сол мейрамхананың дәл жанында Фарид Гибадуллиннің кішігірім балық өсіретін шаруа қожалығы орналасқан. «Менде де, ұлымда да аздаған қаржы болды. Сол қаржыны біріктірдік те 25 мың АҚШ долларына осы жарты гектар жер аумағын сатып алдық. Содан бері қаржы көзін қарастыра отырып, балық өсіруге ыңғайлы ортаның құрылысын жүргізе бастадық» – дейді. Әрине, шет мемлекеттерден әкелінетін шабақтардың өсіп-өнуі үшін қолайлы орта керек. Бастысы – су қажет. Осылай шет мемлекеттерден іздей жүріп ханбалық шабақтарын әкеліп, күтіп, баптап сатылымға әзірлеген. Бабына келген балықты өткізіп отырған. Ол қаржыға жаңа шабақтар және құрылысқа қажетті материалдар алған. Дәл осы жылы құрылыс жұмыстарын аяқтағандарын айтады кәсіпкер.
«Бір жылда үш мәрте Польша мемлекетінен ханбалық шабақтарын сатып аламыз. Шабақтарға 500 000 мың теңге жұмсалады. Есептесеңіз үш мәрте алсақ – 1 млн 500 000 теңге. Оған 250 мың теңге тасымал ақысын қосыңыз. Сонда жылдық шығын – 1 млн 750 000 теңге. Оның 12 пайызын мемлекеттік бюджетке салық ретінде төлейміз, 9 пайыз кеден салығын қосыңыз. Сонда 350 мың теңге мемлекетке пайда келтірудеміз. Оған жылда шеттен әкелінетін 25 тонна көлеміндегі балықтарға берілетін коректі қосыңыз. Ол орташа есеппен 13 млн 750 мың теңгеге сатып алынады. Тағы да мемлекет қоржынына 20 пайыз салығын төлейміз. Бұл – 2 млн 700 000 теңге. Осынша қаржы мемлекет қоржынына төленуде» – дейді Фарид Фибадуллин.
Кішігірім шаруа қожалығы мемлекет бюджетіне осынша мол қаржыны құйғанда өз пайдасы қаншалықты екен деп таңдандық та. «Пайдасы болмаса сонша сабылып Польша мемлекетіне барамыз ба» – дейді.
Экономикалық тұрғыдан өз пайдасын талдап беруін өтіндік те. Зейнетке шыққан Фарид Фатихович зейнетақысын алмағалы да көп болған. «Тіпті, кейде ұмытып та кетемін. Мемлекет маған жылына 600 мың теңге зейнетақы төлесе, біздің мемлекетке құятын салықтың көлемі 6 млн теңге көлемінде» – дейді.
«Былтырғы жылы 21 тонна балық өткіздік. Бір келісі – 1600 теңге. Сонда – 33 млн 600 мың теңгеге өтті. Сонымен қатар, өткізілген балық көлемі үшін біз шаруа қожалығы ретінде салық төлемейміз. Бұл жауапкершілік өз кезегінде балық өткізілген дүкендерге жүктеледі. Олар мемлекет қоржынына жоғарыда көрсетілген балық көлемі үшін 4 млн теңге төлейді» – деп әңгімесін әрмен қарай жалғады кәнігі маман. Қарапайым алыс-беріс арқылы да, мемлекетті байытуға болатынын байыптаған боларсыз құрметті оқырман.
Арнайы тапсырыспен алдыратын Алматы қаласының алдыңғы қатарлы мейрамханаларын да атап өтті. «Греен», «Столичный», «Тау – Дастархан», «Юбилейный».
«Балқаш көлі бір жылда балық аулау науқаны кезінде 1 га аумақтан 5 келі балық береді. Қапшғай көлі – 12-13 келі. Мендегі жердің аумағы 700 шаршы метр. 1 шаршы метрі 30 келі балық береді» – деп экономикалық тұрғыдан ұтымды кәсіптің берекесін ақтарып тастады алдымызға.
Артезиан құдығының суын пайдалануға не түрткі болғанын да сұрадық. Ол: «Көктемде немесе күзде тау сулары лайсаң болады. Осының кесірінен балық пен шабақтар көп қырғынға ұшырайды. Сонымен қатар, температурасы да тұрақсыз. Балықтың өсуі үшін бастысы қалыпты температура сақталуы тиіс. Артезиан құдық суының температурасы қыста да, жазда да 10 градустан түспейді, сонысымен қолайлы» – деп ағынан жарылды Фарид Гибадуллин.

Балық өсіру ісінде балықтай жүзген кішігірім шаруа қожалығының жұмыскерлері де үшеу-ақ. Айлық табыстары әрбіріне бөлгенде – 900 мың теңге. Бұл айлық – кішігірім министрдің немесе әлдебір шенеуніктің жалақысы болар. Сонымен қатар: «Үйренемін деушілерге де есігім ашық» – дейді. Еңбекшіқазақ ауданы аумағында пайдаланылмай жатқан артезиан құдық суларының көптігін де айтады.
«Кәсіп – түбі нәсіп» нақылы да осыны меңзейді. Елбасымыз да озық 30 мемлекеттің қатарына кіру межесін белгіледі. Демек, кәсіпсіз – нәсіп жоқ, озық ойламай отыздыққа да жету қиын. Арманға жету жолында Фарид Фатихович Гибадуллиннен үлгі алғайсыз.
Әділет САРЫБАЙ.

 

 

 

 

 


Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста