Балық басын көбейту үшін не істеу керек?

Бүгінде бекіретұқымдас балықтардың сиреп бара жатқанын айтып ғалымдарымыз да, осы сала мамандары да Асанқайғының зарын қаққанымен, мәселе оң шешімін табар емес. Қайта жыл жылжыған сайын құрдымға кетіп барады. Өткенді аңсау емес, бұл – шындық: Кеңес Одағы кезінде көксеркенің 50 пайыздан астамы, табан мен сазанның, бекіренің түгелге жуығы елімізде өндірілген. Бүгінгі күні бұл көрген түстей болып отыр. Осы саланың жілігін шағып, майын ішкен мамандар балық шаруашылығын дамытудың әлем бойынша дұрыс деп танылған екi жолы барын айтады, бiрiншiсi – балық шаруашылығын дамыту үшін табиғи су көздерiн, яғни өзен, көлдерді тиiмдi пайдаланып, балықтардың табиғи жолмен өсiп-өнуiне жағдай жасау, ал екiншi жолы — бүгiнгi заманауи отандық, шетелдiк жоғарғы технология мен ғылыми жетiстiктерді пайдаланып, аса құнды балық түрлерiн қолдан өсiру. Екеуі де бір қарағанда тиімді. Алайда...
Еліміздегі балық зауыттары ішкі сұра­ныс­ты толық қанағаттандыра алмайды. Сол себептен шетелден ағылған балық нө­пірі сауда сөресін босатпайды. Онда отан­дық балық өнімдеріне орын тимейді. Ти­мей­ді дейміз-ау, сөреге жетпей жоғалып жатыр. Оны қолдан көбейту мәселесі бү­гін­де кісендеулі аттай кібіртіктеулі күйде. Еліміздегі ең ірі Атырау бекіре балық за­уы­ты жылына бекіретұқымдас балық­тар­дың 7 миллионнан астам құртшабақтарын ар­наулы су тоғандарына жібереді. Бір қара­ғанда бұл қомақты көрсеткіш болып көрін­ге­німен, оның ары қарай өніп кететіні бар, өліп кететіні бар дегендей... Бекіре­тұқымдас балықтардың басын көбейту әлі де шеші­мін таппай келеді. 7 миллионға мәз болып отырғанымызда, Ресейде бұл көрсеткіш 80 миллионды құрайды. Мамандар құрт­ша­бақтар санын ең бол­мағанда 40 мил­лионға жеткізбесек, ба­лық басын көбейте алмаймыз дейді. Ал­айда бұған бір зауыт­тың шамасы жетпейді. Мамандарды алаң­датып отырған бір жайт – бүгінде балық­тар­дың табиғи жолмен өсіп-өну қабілеті­нен айырылып бара жатқандығы. Оған түр­лі себеп бар. Уыл­ды­рық шашу кезінде браконьерлердің ба­лықты қынадай қыруы мен су көліктерінің маза бермеуі де бар. Уылдырық шашатын кезде айдындарда су кемелерінің арлы-берлі ызғуына бұрын жол берілмейтін. Ал бүгінде бұл мүмкін болмай отыр. Сон­дық­тан да балық зауыт­та­ры­ның қолдан өсіріп, айдындарға жібе­руден басқа амалы қал­май отыр. Бірақ оның нәтижесі де шама­лы. Қара базарда құны қымбат уылдырық үшін балыққа жаудай тиген жергілікті браконьерлерге бү­гін­де шетелдік әріптес­тері де көмек қолын созуда. Оған сонау Әзірбайжан мен Дағыстаннан келген браконьерлердің құ­рық­қа ілігуі дәлел. Егер дәл осылай жал­ғаса беретін болса, балық еті тісімізге емес, түсімізге кіріп жүр­мегей... Дүниежү­зін­де сирек кездесе­тiн бекiретұқымдас ба­лық түрлері мен қаяз, көксерке, сазан, үс­күш, таутан, ақ­мар­қаны көбейту үшін әл­ем­дік озық тех­но­логияны пайдалана оты­рып, жалпы саны жылына 5 миллион ша­бақ өсіруге қабілетті балық зауытын іске қосу болып табылады. Алайда бұған үн қосып жат­қандар аз. Еліміздің біраз айма­ғында бекі­ре балығын өсіретін зауыт ашыл­ды деп кезінде жалпақ жұрттан сү­йінші сұраған едік. Алайда қымбат жоба болып табыла­тын бұл үрдіс бүгінде тоқтап қалғандай. Істегені өлместің күйін кешіп тұрса, біразы жабылып тынды.
Қымбат жобаны қолға алғандар да бар
Дегенмен жылай беруге де болмас. Бү­гін­де бұл салаға үн қатып жатқан кәсіпкер­лер де бар. Жасыратыны жоқ, кәсіпкерлер­дің басым бөлігі тез арада қайтарымы бо­ла­тын жобаларға ғана қызығатыны рас. Бү­гін құйған ақшасы ертеңіне-ақ қап-қап болып қайтқанын қалайды. Алайда нәти­жесін ұзақ күттіретін жобаларға бет бұрып жат­қандар жоқ емес. Шымкенттік Игорь Шаков қайтарымын ұзақ күтуге болатын қым­бат жобаны қолға алды. Бекіретұқым­дас және құнды балықтарды қолдан өсіріп отыр. Ол үшін алдымен бұл балықтарды қа­лай өсіру керек, қалай баптау керек – осының бәрін зерттеп жүріпті. Тіпті Ресейге ба­рып, арнайы мамандардан үйреніп кел­ген жайы да бар. Құнды балықты қолдан өсірудің технологиясы да қымбат тұрады. Осы салада нәпақасын тауып жүрген ма­мандардың кеңесі мен интернеттің көмегі­мен көп ақпаратқа қаныққан кәсіпкер ал­дымен балық өсіретін жайды жайлап алу­ды құп көріпті. Ол үшін ірі-ірі екі-үш бас­сейн салдырды. Үсті жабылған, арнайы су то­ғандарында балықтар емін-еркін жүзіп жүр. Кәсіпкер 10 мыңнан астам құртшабақ­тар сатып алған. Оларды жемдеу де арзан тұрмайды. Бекірелерді бассейнде бағып-қағу оңай шаруа емес. Олар алғашқы өні­мін тек бес жылдан кейін ғана береді. Яғни қымбат бағалы уылдырықты бес жылдан ке­йін ғана алады. Сонда ғана шыққан шы­ғын­ның орнын толтыруға болады. Құнды балықтың еті де өзін-өзі ақтайды деп отыр. Кәсіпкер тек пайда табуды ғана емес, жоғалып бара жатқан балық қорын сақтап қалуды да ойлап жүр. Егер оны қолда өсі­ріп баптамаса, көбейетін түрі жоқ. Егер то­ғандарға жіберсе, браконьерлер бас салатыны сөзсіз. Сондықтан ең болмағанда қолда өсіріп, құнды балықтың қорын сақ­тап қалуды көздеп жүр.
Игорь Шаков, кәсіпкер:
– Бүгінде сауда сөрелерінен табиғи таза уылдырық табу мүмкін емес. Бұл бас­тамамыз осы олқылықтың орнын толтыру. Қалалықтар дәмді де таби­ғи уылдырық пен балық етіне қарық бо­латын болады. Ішкі нарықты толық қана­ғаттандыру үшін басқа кәсіпкерлер де осы істі қолға алса дұрыс болар еді. Келешекте балық басын бұдан да кө­бей­тіп, су тоғандарына жіберу жоспа­рым­да бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста