Балдырғандар қиялы – ақ қағазда

Балдырғандар қиялы – ақ қағазда

Әдетте психологтер 3 жас­тан асқан балалар өзі туралы және қорша­ған ортаны қалай түсіне­тін­ін сурет салу арқы­лы жеткізетінін айтады. Осындай бір топ бүлдіршіннің қия­лынан қағаз бетіне түскен суретте­ріне «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акцио­нер­лік қоғамы шығармашы­лық бай­қау жариялады. Өздерінің асқақ арманын қылқалам арқылы жеткіз­ген байқау жеңім­паздары Астанаға саяхаттау мүмкіндігіне ие болды.

Шара, Балаларды қорғау күніне орай, еліміздегі мұнай саласында еңбек ететін қыз­меткерлердің балдырғандарына қол­дау көр­сету мақсатында ұйымдастырылып отыр. «Су­рет сайысына 7 және 14 жас ара­лы­ғындағы бал­дырғандар қатысып отыр. Жас суретшілерге қойылған басты талап – олар «Менің арманым», «Мен және ме­нің отбасым» деген тақырыптарға өздері­нің туындыларын ата-анасының көмегін­сіз салып, бізге жолдауы керек. Үздік деп та­нылған туындылардың иелеріне компа­ния аты­нан арнайы диплом мен кәдесыйлар үлесті­ріледі. Ең бастысы, еліміздің жү­ре­гі – Астананы көруге, көрікті орындарын аралауға мүмкіндік жасап отырмыз. Бай­қаудың мақсаты – жас буын­ды патриот­тық­қа баулу, өз елі үшін мақта­ныш сезімін қалыптастыру, отбасылық құнды­лық­тарға және ұлттық бірлікке баулып тәрбие­леу. Балалардың шығармашылық әлеуетін одан әрі дамытуға жәрдемдесетін осындай бай­қау­ларды жыл сайын өткізуді дәстүрлі шараға ай­налдырсақ деген ойымыз бар», – дейді «Қаз­МұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоға­мы­ның құқықтық мәсе­лелер жөніндегі басқару­шы директоры Мә­лік Сәулебай. Осылайша атал­ған ком­панияның орталық аппаратында еліміздің Жаңаөзен, Ақтау, Атырау, Қызылорда қа­ла­ларынан келген үздік суретшілер мара­пат­талды. Шарапатты шараға 2005 және 2007 жылдардағы әлем чемпионы, 2012 жылғы Олим­пиада чемпионы, ҚР еңбек сі­ңірген спорт шебері Серік Сәпиев, «Бала­пан» телеарнасының бас директоры Ләйла Сұлтанқызы қатысып, кіш­кентай жүректер­дің қуаныштарымен бөлісті.
Ләйла Сұлтанқызы, «Балапан» телеарнасының бас директоры:
– Сөздің шыны керек, соңғы кездері от­басылық құндылықтарды өз деңгейін­де бағалай алмай жатамыз. Қазір ата-ана­лардың көбі тұрмыс қамымен жұ­мысбас­ты болып жүр. Соның салдары­нан балғындардың көкейінде қандай тілектері, армандары бар, ол жағына үңі­луге уақыт мұрша бермей жатады. Кез келген бала көкейіндегісін, арманын сурет салу арқылы жеткізеді. Неге десе­ңіз, кішкене баланың өз ойын жеткізу үш­ін тіл байлығы жетпеуі мүмкін. Сон­дық­тан олар арманын ақ қағазға түсі­рер­де міндетті түрде отбасымен, зәу­лім қалалармен байланыс­ты­ра­ды. Яғни бала өзінің арманын, мақ­сат-мүдде­сін қағазға түсіре отырып, пси­хо­логиялық тұр­ғы­дан отбасы құндылықтарын өзін­ше түйсіне алады. Өкініштісі сол, кейде олар салған суреттер еленбей қа­ла­ды. Осы жағынан келгенде, «Ме­нің арманым», «Мен және менің отбасым» се­кіл­ді шы­ғар­ма­шылық байқау­ларды ұйым­дас­ты­ру­дың маңызы зор.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өн­діру» АҚ ком­паниялар тобы қыз­меткерлерінің 7 жә­не 9, 10 және 12, 13 және 14 жас ара­лы­­ғындағы балғындар қатыс­қан байқау­да әр жас санаты бойынша үш жүлделі орын бел­гіленген. Жеңімпаздар естелік сый­лықтармен марапатталды. Байқаудың басты сыйлығы – Астана қаласына саяхат. Қазы­лар алқасына Астана қаласы Сурет­шілер одағының төрағасы Қоңыр Мұхамедиев жетекшілік етті. Оның айтуынша, жеңімпаз­дарды анықтау барысында ко­миссия мүшелері балалардың тақырыпты ашу шеберлігіне, су­ретті безендіру талғамына, жұ­мыстың талаптарына сәйкес орындалуына баса назар ауда­рыл­ды. Нәтижесінде, 7 мен 9 жас аралығындағы қатысу­шы­лар арасында жүлделі 1-орын­ды ата-анасы «Өзенмұнай­газ» АҚ-ында қызмет істейтін 7 жа­сар Ма­хаб­бат Жеңісқызы же­ңіп ал­ды. Сондай-ақ қа­зылар алқа­сы Жаңаөзен қаласынан келген Ера­сыл Рах­ме­тов пен ата-анасы «Ембімұнайгаз» АҚ-ында қыз­мет істейтін Реджепмұрат Рамазанов салған туын­­ды­ларды үздік деп таныстырды.
Махаббат Жеңісқызы, байқау жеңімпазы:
– Мен байқауда жеңімпаз атанып, Астана қа­ла­сына жолдама алдым. Көптен бері Астанаға барып, әсем қаланы араласам деп армандайтын едім. Тілегім орындалды. Өзімнің шығармамда отбасымды салдым. Болашақта дәрігер болуды армандаймын. Өйткені олар ауырған адам­дарды емдейді.

Реджепмұрат Рамазанов, байқау жеңімпазы:
– Мен өз туындымда, ең алдымен, алып спорт алаңын салдым. Өскенде Қазақстанның атын әлемге танытатын күрескер спортшы бол­ғым келеді. Бүгінгі күні Серік Сәпиев ағамыздың қолынан диплом алып, өте қуанышты күйде тұрмын.

Ал 10 және 12 жас санаты бойынша «Ембі­мұ­найгаз» АҚ қызметкерінің қызы Жадыра Қуа­нышова жеңімпаз атанды. Атыраулық бүлдіршін туындысында өз қиялын Астанамен байланыс­тыр­ған. Бұдан бөлек, Ақтау қаласынан келген Ақпанай Метерованың, маңғыстаулық Қалбек Садуақасованың шығармалары таңдаулылар қатарынан көрінді. Сондай-ақ 13 және 14 жас­та­ғы қатысушылар арасынан үздік суретті жол­да­ған маңғыстаулық Әйгерім Дүйсембай бол­ды. Жүлделі 2-орынды– Ақтау қаласынан кел­ген Арайлым Жұмабаева, 3-орынды Жаңа­өзен­нен келген Толқын Рахметова ие­ленді.
Байқауға қатысушылардың өнерін баға­лаған қазылар алқасы жүлделі орындардан бөлек, ерекше қызығушылық тудырған бір­неше суреттерді айрықша атап өтіп, бұл балалардың да Астана қаласына саяхаттап келуі туралы ше­шім қабылдапты. Атап айт­қанда, 9 жасар Дил­наз Мадениетова, 7 жасар Айдана Айдын, Қы­зылорда қаласынан келген Камила Сапиева, 6 жасар Полина Пан, 11 жастағы Балнұр Жайдарбек.
Мәлік Сәулебай, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры:
– Байқауда мұнайлы өңірлерден келген 130-дан астам бала бақ сынады. Былтыр қаты­су­шылардың саны 50-ден аспаған еді. Балалар салған суреттерден еліне, жеріне, ата-анасына деген ыстық махаббатты, асқақ армандарды көрдік. Араларынан үлкен азамат, атақты мұ­найшы, атақты суретші, басқа да маман иелері шығады деген үміттеміз. Өнерпаз балғындарды Астана қаласының көркі шабыттандырады де­ген мақсатпен елордаға жинадық. Бұдан бы­лай да компания тарапынан дарынды балаларға тұрақты түрде қолдау көрсетіліп тұратын болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста