Байқоңырдан ұшқан әрбір зымыран экологиялық бақылауда

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

«Байқоңыр» – еліміздің ғарыш қақпасы. Осыған орай, оған артып отырған үмітіміз зор болғанымен, үмітке ілесе жүрер қауіп те жоқ емес. Әрбір ұшырылымның сәтті жүзеге асуымен қатар, оның табиғатқа, жергілікті халыққа тигізер экологиялық әсері қандай болатыны – көпшілікті мазалайтын мәселе.
Сол себепті де зымыран-тасы­ғыш­тар­дың еліміздің қоршаған ортасына, тұр­ғындардың денсаулығына әсерін Үкімет үнемі бақылауда ұстап келеді. Осы мақ­сат­пен 2001 жылы Қазақстан Республикасы Ұлт­тық ғарыш агенттігі («Қазғарыш») жа­ны­­нан «Инфракос-Экос» еншілес мем­ле­кет­тік кәсіпорны құрылған болатын. Жақын­да кә­сіпорын «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерт­теу орталығы» республикалық мем­лекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды. Қа­зіргі кезде кәсіпорын «Рос­кос­мос» кәсіп­орындарымен («Жерүсті ғарыш­тық ин­фра­құрылымдарды пайдалану ор­та­лығы» федералды унитарлық кәсіпорны, «Ма­шина жасау ғылыми-өндірістік бір­лес­тігі» Әскери-өнеркәсіптік корпорациясы» АҚ) бірлесіп жыл сайын «Байқоңыр» ға­рыш ай­лағынан ұшырылатын зымыран-тасы­ғыш­тардың экологиялық қолдау (мони­то­ринг) жұмыстарын жүргізеді. Әр жыл басында «Байқоңыр» ғарыш айла­ғы­нан жү­зеге асырылатын зымырандар ұшы­ры­­лы­мын экологиялық қолдау жұмыс­та­рының жылдық жоспары Қазақстан Рес­­­пуб­ли­ка­сы­ның Қоршаған ортаны қор­ғау ми­нистр­лігімен келісіліп, Ресей ғарыш агенттігімен («Роскосмос») бекітіледі. Мы­салы, өткен 2011 жылы мекемеміз 17 зы­мы­ранның ұшы­рылымына экологиялық қолдау жұ­мыс­тарын жүргізді.
Экологиялық бақылау қалай жүзеге асады?
Экологиялық бақылау «Байқоңыр» ғарыш айлағынан отын ретінде – гептил мен азот тетратоксидімен ұшатын барлық зы­­мырандарға («Протон», РС-18, РС-20), «Зе­нит» және коммерциялық бағ­дар­ла­ма­лар­­мен ұшырылатын «Союз» зымырантасы­ғыштарына жүргізіледі. Ғарыш айла­ғы­­ның позициялық ауданында зымырандардың жанармай құрамаларын құюы және ұшуы кезінде олардың айна­ла­сын­дағы ауаның, топырақтың, өсімдіктің және судың, кездескен жағдайда қардың сынақтары алынып, химиялық-экологиялық зерт­ха­на­да сарапталды. Зымырандардың ажы­рай­тын бөліктерінің (сатыларының) құлау аймақтарында қоршаған орта нысан­да­ры­ның (топырақ, су, өсімдік) сынамалары алы­нады және сатылар құлағаннан кейін сол жерлердің экологиялық ахуалын зерт­теу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтсақ, жер бетінің ландшафт суреттемесі және оның қаншалықты зақымданғаны, өсім­діктің қаншама бүлінгені және қандай кө­лемде жанғаны, бөлшектердің орналасу сызбасы, қоршаған орта нысандарынан сынамалардың алыну сызбасы жасалады. Бұл жұмыстардың нәтижесі жағдай құжаты түрінде рәсімделіп, зерттеуге қатысқан қыз­меткерлердің тарапынан актіленеді. Егер экспресс сараптама нәтижесінде зы­мы­ран отыны құрамдас бөліктерінің жә­не зиянды ыдырау өнімдерінің шекті мөлшері рұқсат етілген деңгейінен асып кеткені анық­талса, дереу Ресей жағынан залал­сыз­дандыру (детоксикация) жұмысы жүр­гізіледі. Бұл жұмыс нәтижесі кейін біздің бақылауымызға алынады.
Зертханалық кешендер тиісті талаптарға сай жарақталған
Қоршаған орта нысандары сына­ма­ла­рын сараптау үшін кәсіпорынның Ал­ма­ты, Жезқазған және Байқоңыр қалаларындағы тұрақты химиялық-экологиялық зерт­ха­на­лары жұмыс істейді. Сонымен қатар Жез­қазған қаласында «КамАЗ» авто­кө­лі­гінде жылжымалы зертхана жасақталған. Жыл­жымалы зертхана төтенше жағ­дай­лар­да, әсіресе зымыран ұшыры­лым­да­ры­ның апатты жағдайында залалы тиген ай­мақ­тарға кешенді экологиялық бақылау жұ­мыстарын жоғары деңгейде әрі жедел жүргізуге мүмкіндік береді.
Бұл зертханалар қазіргі талаптарға сай техникалық құралдармен жабдықталған және мемлекеттік стандарттау жүйесінде тіркеуден өткен. Зертханалар «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран-тасығыштарда қолданылатын отынның құ­рамдас бөліктерінің және олардың зиянды ыды­рау өнімдерінің ауада, топырақта, суда (қарда), өсімдікте, жануарлар ағ­за­сын­да кездесу мөлшерін анықтай алады.
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшы­ры­латын зымырандардың экологиялық мониторингі жұмыстарының бір жылдық нә­тижесінің жинақталған есебі біздің кәсіп­орын мен «Роскосмосқа» қарасты «Жер­үсті ғарыштық инфрақұрылымдарды пайдалану орталығы» федералды уни­тар­лық кәсіпорнымен бірлесіп дайындалады да, Ресей федералдық ғарыш агенттігіне, елі­міздің Қоршаған ортаны қорғау ми­нистр­лігіне және «Қазғарышқа» жібері­ле­ді.
Топырақты залалсыздандырудың жаңа технологиясы бар
Кәсіпорын экологиялық мониторингі жұ­мыстарын жүргізуді жетілдіру мақ­са­тында нормативтік-әдістемелік құжаттарды дайындау, оларды қолданысқа енгізу, сон­дай-ақ қолданбалы ғылыми-зерттеу жұ­мыс­тарымен де айналысады. Атап айтсақ, өт­кен жылы гептилмен ластанған то­пы­рақ­ты катализдік және микробиологиялық за­лалсыздандыру технологиясы қол­да­ныс­қа енгізілді. Гептилдің топырақтағы мөлшерін анықтаудың газды хро­ма­то­гра­фия­лық құралда «масс-селективті детек­тор­лау» әдісі жасалынды. Соңғы үш-төрт жыл ішінде гептилдің зиянды ыдырау өнім­дерінің (нитрозодиметиламин, тетра­ме­тилтетразен, диметиламин, диметил­фор­мамид) және Т-1 керосинінің топырақ­та­ғы шектеуі рұқсат етілген деңгейлері әзір­леніп, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінде бекітілді.
Болашақта осы аталған жұмыстар жал­ғасын тауып, олардың тиімділігін арттыру ба­ғытында біздің кәсіпорын өз міндетін абы­роймен атқара бермек.

Жайлаубай ЖҰБАТОВ, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» РМК бас директорының міндетін атқарушы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста