Автокөлікке баж салығын көбейтуден кім не ұтады?

Жыл сайын еліміздегі автокөлік сатып алушылар саны 20-25 пайызға көбейеді екен. Алайда сырттан әкелінетін көліктің басым бөлігі көне, жергілікті тұтынушыға жеткенше мыңдаған шақырымды жүріп келеді. Мәліметке жүгінсек, 2007 жылы елімізге сырттан әкелінген жаңа автокөлік (36816) импорттың жалпы көлемінің 15,5 пайызын құраса, өткен жылы бұл көрсеткіш 30 пайызға кеміген. Былтыр елімізге барлығы 155 221 жеңіл көлік жеткізіліпті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 60,3 пайызға кем.
Біздің адамдардың (жалпы ТМД жұртының) те­мір тұлпарға келгенде менталитеті бір: ескі болса да, шет­елдік көлікке жармасады. Содан ба, мерзімі әл­деқашан өтіп кеткен импорт мәшиненің түр-түрі біз­дің жолдарда желдей жүйткиді. Әу баста тұ­тыну­шы сұранысын қанағаттандыруға көбірек көңіл бө­лін­­ген­діктен, қауіпсіздік мәселесі де, ауа тазалығы да жайына қалды. Соңғы жылдары ғана жоғары жақ­тағылар көне көлікті шектеу жағын қолға ала бас­та­ды. Соның бірі – ескі мәшинеге кедендік баж салы­ғын көбейту. Енді индустрия және сауда ми­нистрі Владимир Школьник бұл мәселені тағы да қол­ға алған сыңайлы. Ел аумағына ескі автомобиль­дер­ді әкелуге тыйым салу арқылы экологиялық ахуал­­ды жақ­сарту үшін, сондай-ақ отандық өндірісті өркен­дету мақсатында министрлік осыған мүдделі мем­лекеттік органдармен бірлесіп, кедендік баж салы­ғын көбейту жөніндегi мәселені талқылай бас­та­ды.
Баж салығы көлік құралдарының қозғалтқыш кө­леміне және шығу мерзіміне қарай белгіленбек. Жеті жылдан асқан көлік қозғалтқышының бір куб см үшін – 1,4 еуро деңгейінде; үш жылдан жеті жыл­ға дейінгі аралықта – 25 пайыз көлемінде (алай­да бір куб см үшін 0,45-1,0 еуродан кем бол­мауы тиіс); үш жылға дейінгі жаңа автомобильдерге бір куб см үшін 1,0-2,35 еуро (қозғалтқыш көле­міне байланысты) деп белгілеу жоспарланған. Қазір сырттан әкелетін жеңіл көлікке 10 пайыз көлемінде құ­рама баж салығы салынады. Ол қозғалтқыш кө­лемінің бір куб см үшін 0,1 еуродан аспайды. Ал 10 жыл­дан асқан автомобильдерге баж салығы 15 пайыз ставкамен төленіп келді.
Сөй­тіп, Школьник мырзаның ай­туын­ша, шетелдік жеңіл көлікке ке­дендік бажды көбейту арқылы мы­надай түйіндерді ше­шу­ге бола­ды:
1. Шетелден келетін көлікті шек­теу отан­дық көлік өнеркәсібінде жа­­­ңа жоба­ларды жүзеге асыруға, жұ­­мыс істеп тұрған өндірісті жан­дан­дыруға мүмкіндік береді. Өз ке­зегінде ол қосымша өндіріске алып келеді: металл, бояу, дөңгелек дискілері, дөңге­лек, шыны, бампер, тағы басқа қа­жетті асай-мү­сей­лер­ді шығаратын кәсіп­орындар ашы­­­­лады. Сөй­тіп, жұмыс­сыз­дықты азай­туға мүм­­кін­дік туады.
2. Ескі көлікті шектеу ауаға зиянды газ­дар­дың таралуына жол бермейді, яғни елі­міздің экологиясы жақсарады.
3. Арада жүріп пайда табатын делдал­дар­дың баюына тосқауыл қояды, автоди­лер­лердің маржасын азайтады.
Осылайша, министр бір оқпен бірне­ше қоянды атып алмақшы. Жалпы, ескі көлік­ке баж салығын көбейту туралы баяғыдан ай­ты­лып жүр. Тіпті шығу мерзімі жеті жыл­дан асатын көлікті кіргізбеу қажеттігі де сөз болды. Алайда осы секілді ұсыныстарды айтып үлгергенше, жергілікті көлік нары­ғын­дағы ойыншылар өре түрегеледі. Олар­­­дың уәжі бойынша, дәл қазір қазақ­стандықтардың дені жаңа мә­ши­не сатып ала алмайды. Өткен жылғы күз­ге дейін ор­таша дәулеттінің су жаңа кө­лік мінуге мүм­кіндігі бар еді. Банктердің не­сие беру шарт­­тары қатаңданып, пайыз кө­лемін өсір­­­­геннен кейін, темір тұлпар көп­шілік үшін арман күйінде қалды. Деваль­ва­ция­дан кейін көлік бағасының 20-25 пайызға қымбаттағаны тағы бар. Маман­дар баж салығын көбейтудің салдарынан баға тағы да 20 пайызға өседі деп төн­діреді. Олар­дың есебі бойынша, мәселен, 1999 жылғы Mitshubishi Galant-тың кеден­дік төлемі 5750 еуроға көтеріледі. Ал Еуропа мен аме­рикалық нарықта бұл мә­ши­ненің баға­сы – 3000 доллар шама­сын­да. Ұсыныс мынау: баж салығын көтерудің орнына же­ңілдетілген несие енгізу қажет. Сонда жұрт ескіге емес, жаңа көлік сатып алуға ұмтылады.

Ізбасар Бозаев, Алматы сауда палатасының төрағасы:
– Бұл мәселе жөнінде менің пікірім біржақты. Автокөлікке баж салығын көтеру дұрыс емес. Баж салығын қай кезде көтереді? Мемлекет ішкі нарықты сақтауға ынталы болған кезде. Ал мынау қадам «Азия Автоны», яғни сұранысқа ие болмаған Ресейдің «Ладасын» қолдауға бағытталады.  Жұрт «Ладаны» алғанша, ескі болса да, шетелдік мәшинені мінгенді тәуір көреді. Автокөлік өндірісін дамытқысы келсе, оған кіретін компанияларға жағдай жасалсын. Әлемдегі белгілі маркалы мәшинелердің келуін қамтамасыз етсін. Міне, сонда ғана баж салығын енгізуге болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста