Ауыл шаруашылығы ғылым мен өндіріс ұштасқанда ғана дамиды

Ауыл шаруашылығы ғылым мен өндіріс ұштасқанда ғана дамиды

Қазіргі уақытта ел экономикасына қан жүгіртіп, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында әр салада ауқымды жобалар жүзеге асырыла бастағаны белгілі. Өйткені нарықтың қатынастардың қатал заңдылықтарына төтеп беру үшін бәсекеге қабілеттілікті арттыру маңызды.
Уақыт өткен сайын әлем меммлекеттері алдында азық-түлік қауіпсіздігі мен ауылшаруашылығы өнімдерінің тапшылығы сезілуде. Жердің игілігін бағалап, маңдай терін төгіп, еңкейіп жұмыс істейтіндер саны азайып, технологиялық үрдістің жемісі саналатын дайын және жартылай дайын жасанды өнімге ойысып бара жатқан бүгінгі жаһанданған қоғамда аграрлық ғылым мен өндіріске, ірі фермерлерден бастап ұсақ шаруаға дейін мемлекеттік қамқорлығы аса қажет.
Қазақстан аграрлы мемлекет қатарына жататындықтан, бұл ретте, басты салмақтың бірі ауыл шаруашылығы мамандарына түсетіні сөзсіз. Бүгінгі күні аталған салада қызмет ететін ғалымдар мен өнім өндірушілер заман талабына сай бірлесе жұмыс істеудің нәтижелі болатының түсініп отыр. Осы орайда, алматыдағы Ғылым ордасында «Интеграциялық үрдістерді дамыту жағдайындағы агроөндірістік кешен проблемалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының презиленті, академик Ғани Қалиев кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырған халықаралық дәрежедегі конференцияның күн тәртібінде:
• Мемлекетаралық итнтеграция және ұлттық аграрлық азық-түлік нарығының түйткілдері;
• ДСҰ жағдайындағы Қазақстанның агроөндірістік кешенінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігі;
• Аграрлық өндіріс шаруашылығындағы интеграция мен кооперация;
• Жер қатынастары проблемалары, жер нарығын дамыту;
• Агроөндірістік кешенді Мемлекеттік қолдау: қазіргі жағдай мен проблемалар, аграрлы экономиканың әлеуметтік қырлары турасында келелі проблемалар көтерілген мәселелер талқыланды.
Әр елден келген аграрлық сала мамандары мен қазақстандық ғалымдар баяндамалар жасап, ауыл шаруашылығының ортақ проблемаларын жоюдың жолдарын қарастырып, тығырықтан шығу жолдарына қатысты нақты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Тілектес Есполов, ҚР ҰҒА вице-президенті, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик:
– Әлемдегі халықтың саны 6 миллиардтан асады. Сондықтан кейбір ел үшін азық-түлік тапшылығы сезілуде. Осы тұста ғалымдар аграрлық саланы дамытып, экспортқа шығаратын ауылшаруашылық өнімдерін көбейтіп, халық әлеуетін арттыруға күш салуы қажет. Бұл ретте қазақстан өз экономикасын дамытудың жаңа бағыттары анықталуда. Оларды шешудегі ғылым мен білімнің жауапкершілігін белгіленді. Аталған бағыттағы инновациялық іс-шаралар жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарындағы білікті ғалымдар мен білімді жас мамандарға жүктеліп отырғаны белгілі.
Бүгінгі таңда Қазақстан халқының 5 млн.- нан астамы, яғни 32 пайызы ғылым-білім саласымен тікелей байланысты. Бұл жүйеде 130 жоғары оқу орындары, 400 ғылыми зерттеу институттары бар. Осы салада 22 мыңнан астам ғылым докторлары, кандидаттары, PhD докторлары жұмыс жасайды.
Қазіргі уақытта, жаңа талаптарға сай ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, оларды қайта өңдеу өндірісін ұйымдастыру инновациялық технологияға негізделу үшін олардың шоғырлану деңгейін жоғарылатып, агроқалашықтар қалыптастыру қажет.
Осы орайда мемлекет ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді орта деңгейге көшіру үшін жағдай жасап, оның алғышарттарын қалыптастыру талабын қойып отыр. Осы талаптарды орындаудың басты жолы – ұсақ шаруаларды кооперацияға біріктіріп, кластерлік бағыттарды дамыту. Кооперацияға бірігу – әлемде кеңінен дамыған әрі тиімділігімен қолдау тауып келе жатқан жүйе. Сондықтан да біз үшін тығырықтан шығудың жолы ауылшаруашылық кәсіпорындарын инновациялық жолмен дамытуға, өндірісті әртараптандыру, салалық құрылымын оңтайландыруға және ауыл тұрғындарын кооперация ісіне жаппай араластыруға ынталандыратын экономикалық шараларды жасау деп білеміз.
Халықтың әл-ауқаты бірінші кезекте ауыл шаруашылығының дамуына тікелей байланысты. Сондықтан, бүгінгі таңда еліміздегі әрбір ауылдың инфрақұрылымын қалпына келтіретін уақыт жетті. Елімізде қазір 6900-ден аса ауылдық елді мекендер бар. Оларды сақтау, дамыту - бүгінгі күннің басты талабы. Экономиканы әр тараптандыру үдерісі барысында ауылдардың дамуы басты роль атқарады.
Бүгінде Қазақстанда 200 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары бар. Олардың 193 мыңы шаруа қожалықтары. Сонымен қатар, 7 мыңнан астам ауылдық кәсіпкерлер бар. Бұл аз. Ал олардың санын көбейту үшін бірінші кезекте несие беру мәселесін оңтайландыруымыз керек. Өйткені ауыл шаруашылығы қандай кезең болмасын кез келген мемлекеттің экономикасының басты саласы болып қала береді.

Қазақ агроөнеркәсіп кешені экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты мен «КазАгроИнновация» АҚ бірлесіп ұймдастырған бұл ғылыми басқосу негізінен аталған институттың 80 жылдығына орайластырылған. Еліміздің аграрлық білім, ғылым, өндіріс саласындағы өзекті мәселелерді кеңінен талқыға салған айтары бар конференцияға Қазақстанмен қатар Германия, Ресей, Беларусь, Украина, Қырғыз Республикасы, Әзірбайжан, Тәжікстан елдерінің көрнекті ғалымдары мен фермерлері қатысты.
Конференция жұмысы бүгін, 17 қазан күні сағат Қазақ агроөнеркәсіп кешені экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтында қортындыланып, агроөндірістік кешен проблемаларын бірлесе отырып шешу мәселелері қатмытлған арнайы қарар қабылданбақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста