Ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді гектарлық субсидиялау тәртібі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі алдағы уақыттарда мемлекеттік бағдарламаларды толыққанды түсіндіру мен ол арқылы көмектер алудың тәртібін және шарттарын халыққа жариялайтын болады.
Бүгінгі шағырылым «Агробизнес 2020» бағдарламасы арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді гектарлық субсидиялау тақырыбына арналады.
ҚР Агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында «Агробизнес 2020» бағдарламасы құрылғаны белгілі. 2013-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама саланы қолдау мақсатында түрлі бағыттарды қамтиды. Атап айтқанда, олар:
- ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді гектарлық субсидиялау;
- жеміс – жидек және жүзімді отырғызуды қолдау;
- тұқым шаруашылығын қолдау;
- минериальды тыңайтқыштарды субсидиялау;
- гербицидтердің, биоагенттер мен биопрепараттардың құнын арзандату;
- мал шаруаш-ның өнімділігі мен сапасын арыттыру, мал тұқымын асылдандыру;
- инвестициялық субсидия;
- ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеу шығындарын ішінара өтеу;
- кредит/лизинг пайыздық үстем ақысын субсидиялау мен АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру;
- ағын су жеткізіп беру құнын ішінара субсидиялау.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді гектарлық субсидиялау дақыл түріне байланысты. Мәселен, дәндік жүгері үшін гектарына 25 000 теңге берілсе, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суғару жүйесін қолданып өсірілген жүгеріге 80 000 теңге, күрішке 30 000 теңге, майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс) 1 тонна өнімге 8 000 теңге, картопқа 18 000 теңге, көкөніс-бақшаға 18 000 теңге, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суғару жүйесін қолданып өсірілген көкөніс-бақшаға 80 000 теңге, мақта 15 000 теңге, мақта 1 тонна өнімге 6 000 теңге, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суғару жүйесін қолданып өсірілген мақтаға 60 000, жемшөптік дақылдарға (жаңа жоңышқа) 15 000 теңге, сүрлемдік жүгеріге 9 000 теңге, жарықты өнеркәсіптік жылыжайға (1 айналымға) 5 000 000 теңге, жарықсыз өнеркәсіптік жылыжайға (1 айналымға) 2 500 000, фермерлік жылыжайға (1 айналымға) 1 500 000 беріледі.

Гектарлық субсидиялауға негізгі талаптар төмендегідей:
Аудан /қала/ ауыл шаруашылығы бөлімдері орналастырған өтінім қабылдаудың басталуы және аяқталуы туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерден кешіктірмей бөлімге өтiнiмді және нөмiрi көрсетiлген банктiк шоттың бар екендiгi туралы (екінші деңгейдегі банк не Ұлттық почта операторы анықтамасын) бір данада ұсынады;
Субсидиялар алу үшiн ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер егіс науқаны аяқталғаннан кейін, бөлімге дақылдардың түрлерi бойынша нақты себу алаңын көрсете отырып, егiс науқанының аяқталғаны туралы жазбаша ақпарат ұсынады;
Шитті мақтаның және майлы дақылдардың 1 тн. субсидия алу үшін өтінімге қосымша қайта өндеуші зауытымен жасалған қант қызылшасын, шитті мақтаны және майлы дақылдарды сатып алу-сату және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөнінде қызметтер көрсету туралы шарттардың; майлы тұқымды меншікті шағын цехтарында қайта өңдеген кезде – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің құрылымдық бөлімшелері арасында олардың басшылары қол қойған майлы тұқымды қабылдап алу-беру актісінің бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді;
Жылыжаймен айналысатын шаруалар субсидия алуға арналған АШТӨ тiзiмiне қосу үшін өтінімде қосымша жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органынан жылыжайдың (қорғалған топырақ ғимаратының) болуы мен жұмыс алаңының қөлемі туралы техникалық паспортының бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді.
Гектарлық субсидиялаудың механизмі бірнеше бөліктен тұрады
Құжаттар аудандарда түзіліп, басқармаларға жолданады. Одан кейінгі қадам аумақтық қазынашылық бөлімшесі арқылы «Қазпошта» АҚ аудандық пошта байланыс торабына түседі. Соңғы қадам агроқұрылымдармен аяқталады.
Тарқатып айтсақ, ең алдымен, ауданда субсидиялар алуға арналған АШТӨ тізімін айқындау үшін аудан әкімінің шешімімен ВАК (ведомствоаралық комиссия) құрылады. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі ВАК-тың жұмыс органы болып табылады. Мұнда:
- Субсидия алуға өтінім (нөмері көрсетілген банктік шоттың бары туралы анықтама қоса береді) беріледі;
- ВАК екі апта мерзім ішінде жергілікті жерге барып, егіс алаңын анықтап, қабылдау актісін жасайды;
- Қабылдау актісі негізінде субсидия алуға АШТӨ түпкілікті тізімін жасап, аудан әкімімен бекітеді;
- Үш жұмыс күні (оң шешім болған жағдайда) ішінде өтінімді және тексеру актісін басқармаға жолдайды;
- Аудан ұсынған құжаттарды бес жұмыс күні ішінде субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады;
- Бес жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсынады;
- Үш жұмыс күні ішінде көрсетілген банктік шотқа субсидия аударылады;
- «Қазпошта» АҚ-нан дербес шот ашқан агроқұрылымдар МТ-102 форматы «Қазпошта» АҚ-ның тиісті аудандық пошта байланыс торабы арқылы субсидия таратылады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді гектарлық субсидиялауға қажетті құжаттар:
1. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама – заңды тұлға үшін;
2. Жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін;
Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – жеке тұлға үшін;
3. Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат;
4. Тұқымдардың сорттық және егіс сапаларын растайтын құжат;
Тұқым сатып алынған жағдайда – тұқымға арналған аттестат не тұқымға арналған куәлік;
Егіс үшiн өзi өндiрген тұқымды пайдаланған жағдайда – байқаудан өткiзу актiсi мен тұқымдардың кондициялығы туралы куәлiк немесе байқаудан өткiзу aктici мен тұқымдарды талдау нәтижесi;
5. Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөнінде қызметтер көрсету туралы шарт (1 тонна қант қызылшасына, шитті мақтаға, майлы тұқымға субсидиялар алу үшін);
6. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің құрылымдық бөлімшелері арасында майлы тұқымды қабылдап алу-беру актісі;
7. Жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың болуы мен жұмыс алаңы туралы техникалық паспорты (қорғалған топырақта көкөніс өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін);
8. Тұқым сатып алуға арналған лизинг шарты;
9. Ауыл шаруашылығы кооперативiнiң анықтамасы (бар болса).

Abai.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста