АҚШ-тың Zero Pollution Motors компаниясы AIRPod көліктерін Құрама Штаттар аумағында шығаруға лицензия алды. AIRPod көліктерінің өзгелерден ерекшелігі тығыздалған салқын ауа арқылы жүретіндігінде, деп хабарлайды epochtimes.ru. Оның қысымы атмосфералық қысымнан 300 есеге артық. Бұл ауа қыздырылып, поршеньді қозғалтқыш цилиндрлеріне берілген кезде иінді білікті итеру арқылы көлікті жүргізеді. Темір тұлпарға мұндай ауаны құю небәрі 3 минут уақытты алып, $3 ғана тұрады. AIRPod-тың салмағы - 275 келі. Ол сағатына 80 шақырымға дейін жылдамдықпен жүре алады. Қала тіршілігне бейім көлікті шағын фабрикаларда шығару ұйғарылған. Оның бағасы шамамен 10 мың долларды құрайтын болады.
24.kz