Ауадан ақша жасайтын алпауыттар

Ақша билеген қазіргі нарық заманында бақуатты болудың жолы күндіз-түні бел шешпей еңбек ету емес, ең бастысы ақылменен іс қылып, ақша табудың тың амал-тәсілдерін меңгеру екендігін өмір көрсетіп отыр. Қазіргі шарықтап дамыған елдерде кәсіпкерлер ақша табудың неше түрлі тың, жаңа идеяларын дүниеге әкеліп, бәсекелестік қатты қарқын алған.

Идея – ең өтімді тауар

Қазақта «жұмыртқадан жүн қырыққан» деген сөз бар. Негізін алып қарағанда, жұмыртқадан ешкім, ешқашан жүн қырқа алмайды, өйткені жұмыртқада жүн болмайды. Дегенмен, бұның астарында ебін тапқан адам кез-келген тұйықтан шығып, нәтижеге жете алады деген мағына жатқаны анық. Ал идея дегеніміздің өзі ең алдымен тапқырлықтан тұратыны белгілі.

Интернеттен мынадай бір болған оқиға жайында жазылған мақала оқыдым. Бір жас жігіттің басына тамаша идея келе қалады. Содан ол осы идеяны сату үшін сол қаладағы ірі банкке барады. Жарнамалық негізде жүзеге асырылатын өз идеясын банктің сатып алған жағдайда үлкен пайдаға кенелетінін айтқан жігіттің сөзін жерге тастамай, банк басшылығы идеясы үшін қомақты сыйақы беруге уәде етеді.

Содан оның идеясы жүзеге асырылып, қысқаша видеоролик түсіріледі. Идеяның мәні мынада екен: Әлгі банктің ақша таситын автокөлігі жолда аударылып, ондағы миллиондаған ақша желмен далаға шашылады. Айналадағы жұрт тегін ақшаға елігіп, лап қойып жерден ақша жинайды. Бұл кез-келген адамды еліктіретін тамаша көрініс. Айналаның бәрі толған ақша, сіз аяқ астындағы ақшаларды жанталасып жинап жүрсіз. Роликтің соңында «біздің банктен несие алсаңыз, осылай ен ақшаға кенелесіз» деген жазу шығады.

Бұл видеоролик әп-сәтте миллиондаған көрерменді тартады. Жергілікті каналдан қайта-қайта көрсетілген видеороликтің нәтижесі банк басшылығы күткеннен де асып түсіпті. Несие алушылар легі банкті басып қалған. Басшылық уәдеде тұрып, идея авторына қомақты сыйақы төлейді. Міне, идеяның адамға қаншалықты табыс әкелетінінің нақты айғағы.

Желілі маркетингтің жемісі

Алғаш желілі маркетинг жүйесі өткен ғасырда пайда болып, оны іске қосқан компанияға қомақты табыс түсіреді. Осыны көрген басқа кәсіпкерлер де іле-шала жаңа тәсілді пайдалануға ден қояды. Сөйтіп, желілі маркетинг жедел дамып, Батыстың дамыған елдерінде қанатын кең жаяды. Ал, интернеттің пайда болуы желілі маркетинг жүйесін одан әрі қарқынды дамытуға жағдай туғызды.

Қазіргі таңда статистикалық деректерге назар аударсақ, әлемдегі халық тұтынатын тауарлардың 70 пайыздан астамы желілі маркетинг жүйесі арқылы таратылады екен. Айналымдарында миллиардтаған доллары бар Гербалайф, Орифлейм, Амазон, LR сияқты алпауыт компаниялардың өнімдері жер шарын түгел шарлап кетті. Олар косметикалық бұйымдардан бастап, автокөлік, тіпті қымба яхталарға дейін желілі маркетинг арқылы сатады. Осы жүйе арқылы сіз пойызға, ұшаққа билет алып, әлемнің кез-келген еліндегі қонақүйден орынды брондауыңызға мүмкіндігіңіз бар.

Желілі маркетингті пайдаланатын МЛМ компаниялар өндірген тауарларын қалай сатамын деп бас ауыртпайды. Өндірілген тауар бірден дестрибютерлер арқылы тұтынушыларға жол тартады. Компания жарнама үшін миллиондар жұмсау шығынынан құтылып қана қоймай, сататын әріптестер іздеу машақатынан да аулақ болады. Және тауар еш делдалсыз бірден тұтынушыға берілетіндіктен, бағасы арзан, бәсекеге қабылетті болады.

Желілі маркетингтің мәні мынада: кәсіпорын өндірген тауарын дестрибютерлерге жеткізіп береді. Дестрибютер деген компанияның өнімін сату арқылы табыс табатын адам. Өнімді саттың екен, соған орай белгілі мөлшерде комиссия аласың. Көп өнім сатсаң, табысың да көп болады. Кез-келген адам дестрибютер бола алады. Оның жасына, еңбек өтіліне, біліміне ешкім қарамайды, ең бастысы тауарды сатсаң болғаны.

Дестрибютер- миллионер

Дестрибютерге де бұл өте тиімді. Өйткені, өтімді, сапалы тауарды компания өзі жеткізіп береді, сен оны жарнамалап сатсаң болғаны. Дестрибютердің табысы тек сату арқылы алатын комиссиямен ғана шектелмейді. Желілі маркетинг аты айтып тұрандай дестрибютерлер желісі құрылады. Таарды сатып алып, тұтынған адам тек белсенді емеес тұтынушы болып қалмай, қосымша ақша тапқысы келсе, оған жол ашық. Ол адам бірден желіге қосылады. Оны шақырған адам спонсор атанса, шақырылған адам реферал болады.

Дестрибютерлер желісі бес-он буынға дейін созылып, спонсорларға қомақты сыйақы әкеледі. Сен біреуді шақырдың, ал шақырған адам тағы біреуді шақырды, осылайша он буынға дейінгі шақырылған адамдардың табысының бір бөлігі саған түседі. Өзінің осындай құрылымын құрып алған дестрибютер өте көп ақша табады.

Германияның LR компаниясының дестрибютері ресейлік Герман Эндриктің айтуынша, осы компаниядан ол жылына 1 миллион доллардан астам табыс табады екен. Статистикалық мәліметке назар аударып көрелік: күн сайын желілі маркетингпен айналысатын 2 адам долларлы миллионерлер қатарын көбейтіп жатады.

Жұмыртқадан жүн қырқатындар

Өз өнімдерін тұтынушыға еш делдалсыз өз бағасына сатуды желілі маркетинг арқылы жолға қойып алған алпауыт компаниялардың арасындағы бәсеке баран сайын күшейе түсуде. Бұл бәсеке адамдарды тартуға арналған идеялар сайысы десе болады. Тұтынушы жүрегіне жол табатын тапқыр идеяны кім ұсынса, сол бәсекеде үстем болады.

Осы орайда, желілі маркетинг жүйесімен жұмыс жасайтын МЛМ компаниялар ең алдымен дестрибютерлерді оқытып, оларға кәсіби білім беруге жете көңіл бөледі. Өйткені, сату өнерін жетік меңгерген дестрибютер ғана компанияға мол табыс әкеле алады. Сондықтан кәсіпорын оқытудан ақшаны аямайды. Мәселен, ресейлік Лайф из гуд компаниясы 4 деңгейге жеткен дестрибютерді аранйы бір апталық курстан өсткізсе, алтыншы деңгейге жеткенде бірнеше айлық халықаралық академияға оқуға жібереді. Барлық шығынды компания өзі көтереді.

Содан кейін дестрибютерлерді ынталандыра жұмыс жасату үшін компания жақсы көрсеткішке жеткендерге арнап түрлі ақшалай-заттай сыйлықтар беруді ұйымдастырады, оған қоса әлемнің көрікті жерлеріне тегін саяхаттар жасауға жолдама береді. Осы орайда, жұртты тарту үшін өмірін саяхатпен өткізіп, ақшаны күреп тауып жүретін дестрибютерлер интернет арқылы өз өмірінен видеороликтер түсіріп, оны жариялап жатады. Олардың шалқыған өміріне қызығушылар дестрибютерлер қатарын толықтыра түседі.

МЛМ компаниялардың өз өнімдерін сату үшін жасайтын амал-тәсілдеріне қарап таңдай қақпасқа лажың жоқ. Мәселен, құрылғанына бір жарым жылдай болған қытайлық ТНТ компаниясы «Ақылды тұтынушы» жобасын ұсынады. Неміс ғалымдары ойлап шыарған кір жуатын экологиялық таза пласиндерді өндіретін қытайлық компания өз өнімдерін сатудың тамаша тың тәсілін ойлап тапқан.

Химялық жолмен шығарылған кір жуатын ұнтақтан ерекшелігі сол – картоп крахмалы, кокос және зейтін майы сияқты табиғи өнімдерден жасалатын пластиндер адам терісіне еш залал келтірмейді және кез-келген дақты кетіреді. Міне, осындай жаңа өнімді сатып алған адам тауарды пайдаланып қана қоймай, қомақты ақша да табады.

Сатып алушы тіркеліп, компания сайтынан жеке кабинет алады. Осыдан кейін оны шеңбер түрінде айналатын жылжымалы кезекке қояды. Шамасы бір жылдың ішінде толық айналым жасайтын шеңбердегі айналымнан өткен тұтынушы өзі салған ақшасынан үш еседен артық табыс табады. Қазіргі күні жаңа команияның өнімін әлемнің 11 елі тұтынады екен. Тұтынушылар қатары жыл санап өсе түсуде.

Неге қазақстандық МЛМ компаниялар жоқ

Әлем елдерінде кең дамыған желілі маркетинг жүйесін біздің отандық кәсіпкерлер өкінішке орай, пайдаланбай отыр. Қазіргі күні қазақстандықтардың арасында әлемдік деңгейдегі алпауыт МЛМ компаниялардың өнімін тұтынатындар аз емес. Шекара дегенді білмейтін желілі маркетинг жүйесі біздің елімізге барған сайын тереңдеп еніп барады.

Сондай компаниялардың өнімін сатып алушылардың ақшасы шет ел асып кетуде. Ал отандық өнім өндірушілер желілі маркетинг жүйесінің керемет қуатты күшін пайдаланудан сырт қалып отыр. Біздің қалталы бизнесмендеріміздің бар ақылы сауда үйлері мен тойханалар салуға немесе егін егіп, мал өсіріп оның өнімдерін шикізат күйінде арзан бағаға сатуға ғана жететін секілді.

Нарық талабы өте қатал. Өзгелерден тапқырлығың арқылы тың идеяларыңмен озбасаң, шаң қауып, көш соңында қаласың. Жұмыртқадан жүн қырқатын, ауадан ақша жасау тәсілін жан-жақты меңгерген шет елдік алпауыттар өрмекші сияқты өз торымен барша әлемді шырмап барады. Оларға қарсы тұрар жол: тың идея, тауар сатудың жаңа тәсілдерін игеру. Ал оның желілі маркетингтен басқа озық тәсілі жоқ әзірге. Отандық өнім өндірушілер осы бағытта жұмыс жасаса, нарық бәсекесінде өз орындарын табары анық.

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста