Атырау голштин-фриз сүтін ішеді

Мұнайлы Атырауда голландиялық голштин-фриз асылтұқымды мүйізді ірі қараға арналған тауарлы-сүт фермасының іргетасы қаланды. Аймақта осы жоба толық жүзеге асқанда жергілікті тұрғындар сүт өнімдерінің 12 түрімен қамтылып, өзгенің сүт өнімдеріне деген тәуелділіктен 30 пайызға құтылады.

Облыс халқын сүт өнімдерімен қамти­тын тауарлы-сүт фермасының құрылысы Ма­хамбет ауданындағы Бейбарыс ауы­лын­да бой түзейді. Маңызды жоба 90-­жыл­дары қаражат пен қолдаудың жоқ­тығына қара­мастан құрылған «Перво­майский»ЖШС-не тиесілі болады. Ауыл шар­уашылы­ғын­дағы заманауи техноло­гия­ларды алғаш­қы­лардың бірі болып қолданып үйренген «Первомайский» ЖШС-і бүгінде сиыр малынан сүт өнімдерін алуды бірнеше есеге арттырып, қала тұр­ғындарын сүтпен және сүт өнімдерімен қам­тамасыз ете алатын ірі шаруашылыққа айналды.
Голландиялық голштин-фриз асыл­тұқымды 500 бас мүйізді ірі қараға арнал­ған тауарлы-сүт фермасының жоба баста­ма­шысы – «Первомайский»ЖШС мен «Аты­рау ӘКК»АҚ»АҚ. Құңы 2 млрд теңге бола­тын жоба құрлысын мердігері «Аты­рау­Инж­дорСтрой»ЖШС-і осы жылдың 30 жел­тоқсанында аяқтауды көздеп отыр.
Тауарлы-сүт фермасының іргетасын қалау кезінде Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов: «Сүт өнімдерін өндіретін тауарлы-сүт фермасы жобасы­ның артықшылығы – оның заманауи тех­нологиялармен қамтылып, облыс халқы­ның сүт өнімдеріне деген сұранысын 30 пайызға қамту мүмкін бола алатындығы», – деп айтып өтті.
Аймақтағы алғашқы тауарлы-сүт фер­масын салудың бастамашысы болып отыр­ған «Первомайский»ЖШС-нің дирек­торы Аманжол Есқариевтың айтуынша, Елбасы қолдап отырған уақытта жергілікті жердің табиғатын айтып, түрлі сылтау айт­қанша жаңа заманауи техникаларды пай­даланып, егін егіп, мал шаруашылығын да­мытуға аса назар аудару қажет. Бұл – са­йып келгенде, ата кәсіпті жаңдандыруға бағытталған жұмыстар. Голландиядан әке­лінетін сиыр малы – тамақты тұрып жей­тін­дігімен ерекшеленетін ірі қара мал. Он­дай малдың азығы да мол болуы қажет. Сон­дықтан қазіргі күннен-ақ «Первомай­ский» ЖШС-сі 700 гектардай жерге жүгері, жоңышқа секілді мал азығын егуге жұ­мыстануда.
Бүгінгі күні Атырау облысының сүт өнім­деріне деген жылдық сұранысы 90 мың тонна болса, тауарлы-сүт фермасы пайдалануға берілгенде, облыс тұрғын­да­ры 30 пайыз өз өнімімізбен қамтылады. Та­уарлы-сүт фермасында тәулігіне 10 тон­на сүт өндіріледі және сүт өнімдерінің ірім­шік, қаймақ, иогурт секілді 12 түрі болады. Атыраулықтар тауарлы-сүт фермасының өнімдерін келер жылдың екінші жарты­сынан бастап тұтынатын болады.
«Первомайский» ЖШС-нің механиза­тор, сауыншы, мал дәрігері мамандары өз жұмыстарына кәсіби тұрғыда жауапкер­ші­лікпен қарайтын жұмыс күшімен қамтыл­ған. Сондықтан да олар ел асып келген мал­ шығынының алдын алу мақса­тында азық-түлігін молынан жинап, олар­ды түрлі аурулардан сақтайтын екпе жұ­мыс­тарын қатаң бақылауға ұстайтын бо­ла­ды. Сайып келгенде, осының бәрі – жері шұрайлы Голландия елінен өтіп, жері сор­таң, климаты ауыр аймаққа келетін сиыр малдарының Атырау өңірінің климатына бейімделіп кетуі үшін атқарылатын жа­уапкершілігі мол жұмыстар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста