Атом электр станциясы Балқашта салынуы мүмкін

Фото news.tut.by сайтынан

Балқаш көлі маңындағы Үлкен кенті атом электрстанциясын салуға ыңғайлы жер ретінде қарастырылып отыр, деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі атом энергиясы жөніндегі комитеттің төрағасы Мәжит Шәріповке сілтеме жасап.
Комитет төрағасының айтуынша,бұған дейін Курчатов және Ақтау қалалары атом электрстанциясын салу алаңдары ретінде қарастырылған болатын. "Негізі, Курчатов резервтік алаң ретінде жақсы келеді. Себебі ол арқылы электр энергияны Ресей Федерациясына тасымалдауға болады. Ақтау жақ онша келе қоймайды. Ал Балқаш көлі маңындағы Үлкен кенті атом электрстанциясын салуға барынша ыңғайлы жер ретінде қарастырылып отыр", - деді М.Шәріпов бүгін елордада өткен "Қазақстан - МАГАТЭ: атом энергетикасының инфрақұрылымын дамыту" тақырыбындағы семинарда.
Маманның сөзіне қарағанда, үш аймақта да атом электрстанциясын салу үшін сейсмикалық жағдай қалыпты. Сондай-ақ үш жерде де станцияға қажетті судың көлемі бар. "Ал Қазақстанның атом электрстанциясындағы реакторға келер болсақ, оған жылы нейрондарда жұмыс істейтін III және III+ санаттағы референттік су реакторы жақсы келеді", - деді М.Шәріпов.
Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиевтің сөзіне қарағанда, Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін, кем дегенде 10 жыл уақыт керек. "Біздіңше, ол 2025 жылға қарай болады", - дейді вице-министр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста