Астық көп, сақтайтын орын жоқ

Астық көп, сақтайтын орын жоқ

Өткен жыл ауыл шаруашылығы үшін ауыр тиді. Әсіресе, егіншілік саласындағы олқылықтарды тізіп берді. Қыруар астық алғанымызбен, диқандар оны өткізе алмай әлі күнге дейін жүр. Бір Солтүстік Қазақстан облысының өзінде екі миллион тоннадай бидай өтпей жатыр деген дерек бар. Астықтың уақытында сатылмауы тағы бір кемшіліктің бетін ашып бергендей. Ол – астық сақтайтын қоймалардың жетіспеушілігі.

Жақында Үкіметте өткен селекторлық кеңестердің бірінде Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының әкімдері бір ауыздан Премьер-министрге осы мәселені жеткізді. Көктемгі егістің басталуына санаулы күндер қалды, көзді ашып-жұмғанша күз де келеді, ал элеваторлар аузы-мұрнынан шыға өткен жылдың дақылдарына толып тұр.

«Қызылжардың қоймаларында тұрақтандыру қорына сатып алынған «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» акционерлік қоғамының 1 миллион тоннадай бидайы сақтаулы. Оларды оңтүстік облыстардағы элеваторларға тасымалдау ісін жеделдетсе, жөн болар еді», – деп Серік Біләлов бастаған әкімдер бұйымтайларын жеткізген болатын. Себебі бір Булаев элеваторындағы дақылдардың 70 пайызы – мемлекеттік қорға сатып алынған астық. Қазір аталмыш кәсіпорында бос орын мүлдем жоқ.

Биыл Қызылжар диқандары 6 млн 100 мың тонна астық жинады. Бірақ соның тең жартысы қоймаларға сыймай қалды. Сатылғанынан қалғандары қар астында жатты. Себебі облыстағы астық қабылдау кәсіпорындары мен элеваторлардың сыйымдылығы – 3 миллион тонна ғана.

Николай КУЛИКОВ, Солтүстік Қазақстан облысы Агроөнеркәсіп кешенінің аумақтық инспекциясының бастығы:
– Биыл Мағжан Жұмабаев, Айыртау, Ақжар аудандары мен Петропавл қаласында жаңа астық қабылдау мекемелерін салу жоспарда бар. Жақында Ғабит Мүсірепов ауданында бір элеватор іске қосылды. Сөйтіп, облыстағы элеваторлар саны 48-ге жетті. Жылда диқандар жинап алған астықтарын қысқа қалдырмай сатып жіберетін, биыл экспорт дұрыс болмағандықтан, бәрі элеваторларға тасыды. Қазір аздап әкетіп жатыр, соның өзінде элеваторлар 65-70 пайыз толық.

Еркебұлан МӘМБЕТОВ, «Мәмбетов және компания» командиттік серіктестігінің директоры:
– Былтырғы жылы жиналған астықты өткізу мәселесі ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларының басын қатырды. «Мәмбетов және компания» командиттік серіктестігінде өткен егіс науқанында астық түсімі гектарына 27 центнерді құрады. Жиналған өнімнің 7 мың тоннасы күзде «Азық-түлік келісімшарт корпорациясына» сатылған болатын. Дәл осыншамасы қоймада жатыр. Ал егіс науқаны болса жақындап қалды.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста