Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама Ақтөбе облысында өз деңгейінде жүргізіліп жатыр. Қазақстанның индустрияландыру картасына жалпы құны 632,8 млрд болатын 73 инвестициялық жоба кірді. Бағдарлама жүзеге асырыла бастаған үш жылдың ішінде облыста 64 жоба іске қосылды. Бұл бес мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.
Былтырдың өзінде облыста индустрияландыру картасына енген 13 жоба жүзеге асырылып, 400 жұмыс орны ашылды.
Марат БАЛМҰХАНОВ, Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің бастығы:
— Олардың ішінде Хромтау қаласындағы «Ақтөбе нан өнімдері» жауапкершілігі серіктестігі, «Мизам» ЖШС-ның темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыты, «Рамазан» серіктестігінің кондитерлік цехы секілді бірнеше жоба бар.
Биыл жалпы құны 116,7 млрд теңге болатын 10 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Осының ішінде үш жоба Қазақстанның индустрияландыру картасына енгізілген. Қалған жеті инвестициялық жобаны индустрияландыру картасына енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа нысандардың іске қосылуы өнімнің саны мен сапасын арттырады. Былтыр Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының негізгі көрсеткіштері бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібі үлесі артып, өндірістік өнім көлемі ұлғайды, еңбек өнімділігі көрсеткіші айтарлықтай өсті.
Бұдан өзге Арқалық рельс, әйнек зауыттарының, үй құрылысы комбинатының құрылыстары басталды. Қазақстанда тұңғыш рет батыстық технологияға негізделген әйнек өндіру кәсіпорындарының құрылысы биыл еліміздің екі-үш өңірінде қолға алынбақ. Соның ішінде Ақтөбеде салынатын зауыттың орны ерекше.
Құны 38,0 млрд теңге болатын «Ақтөбе-Әйнек» ЖШС-ның әйнек зауытының құрылысы енді басталады. Оның құрылтайшылары «Казстройстекло» ЖШС және «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы. Бізде әйнек шикізатының мол қоры бар, мысалы, Мұғалжар кварц құмдарының кен орнын айтуға болады. Сарапшылардың айтуынша, шикізат сапасы жоғары және қор мөлшері ұзақ мерзімге жететін көрінеді. Яғни біздің өңір әйнек өндірісін дамытуға қолайлы.
Аталған зауыт іске қосылса, тәулігіне 600 тонна өнім өндіреді. Бұл еліміздегі әйнек кластерін құруға септігін тигізеді.
Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті берген мәліметтер бойынша, үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бағдарламаның алғашқы бес жылында жалпы құны 1,0 трлн теңге болатын жүзге жуық нысан іске қосылмақ. Нәтижесінде металлургия өнімдері үш есе, химиялық саладағы өндіріс екі есе өспек, металлургиялық және химиялық өнім экспорты көлемі де айтарлықтай артпақ. Мұның барлығы облыстың, жалпы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, отандық кәсіпорындардың жұмысын одан әрі жандандыра түседі.
Ақтөбенің әлеуеті артып келеді
Последние статьи автора