Ақтөбенің әлеуеті артып келеді

Ақтөбенің әлеуеті артып келеді

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама Ақтөбе облысында өз деңгейінде жүргізіліп жатыр. Қазақстанның индустрияландыру картасына жалпы құны 632,8 млрд болатын 73 инвестициялық жоба кірді. Бағдарлама жүзеге асырыла бастаған үш жылдың ішінде облыста 64 жоба іске қосылды. Бұл бес мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.
Былтырдың өзінде облыста индустрия­лан­дыру картасына енген 13 жоба жүзеге асы­рылып, 400 жұмыс орны ашылды.
Марат БАЛМҰХАНОВ, Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің бастығы:
— Олардың ішінде Хром­тау қала­сын­дағы «Ақтөбе нан өнімдері» жауап­кер­шілігі серіктестігі, «Мизам» ЖШС-ның темірбетон бұйымдарын шы­­­ға­­ра­тын зауыты, «Ра­ма­зан» серік­тес­ті­­гінің конди­тер­лік цехы секілді бірнеше жо­­ба бар.

Биыл жалпы құны 116,7 млрд теңге бо­латын 10 инвес­ти­циялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Осының ішінде үш жоба Қазақстанның индустрия­лан­дыру кар­тасына енгізілген. Қалған жеті инве­сти­ция­­лық жобаны индустрияландыру карта­сына енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа нысандардың іске қосылуы өнім­нің саны мен сапасын арттырады. Был­тыр Үдемелі индустриялық-инно­ва­циялық даму бағдарламасының негізгі көрсет­кіш­тері бойынша жақсы нәтижелерге қол жет­кізілді. Өңдеу өнеркәсібі үлесі артып, өн­ді­ріс­тік өнім көлемі ұлғайды, еңбек өнімділігі көрсеткіші айтарлықтай өсті.
Бұдан өзге Арқалық рельс, әйнек за­уыт­­та­­рының, үй құрылысы комби­натының құ­­ры­лыстары басталды. Қазақстанда тұңғыш рет батыстық технологияға негіз­дел­ген әйнек өндіру кәсіпорындарының құ­рылысы биыл еліміздің екі-үш өңірінде қолға алынбақ. Соның ішінде Ақтөбеде са­лынатын зауыттың орны ерекше.
Құны 38,0 млрд теңге болатын «Ақ­төбе-Әйнек» ЖШС-ның әйнек зауытының құ­­рылысы енді басталады. Оның құ­рыл­тай­шылары «Казстройстекло» ЖШС жә­не «Ақ­төбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік кор­пора­циясы. Бізде әйнек шикізатының мол қоры бар, мысалы, Мұғалжар кварц құм­да­рының кен орнын айтуға болады. Сарап­шы­лардың айтуынша, шикізат сапасы жоғары және қор мөлшері ұзақ мерзімге жететін көрінеді. Яғни біздің өңір әйнек өндірісін дамытуға қолайлы.
Аталған зауыт іске қосылса, тәулігіне 600 тонна өнім өндіреді. Бұл еліміздегі әйнек кластерін құруға септігін тигізеді.
Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті берген мәліметтер бойынша, үдемелі индустриялық-инно­вациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бағдарламаның алғашқы бес жылында жалпы құны 1,0 трлн теңге болатын жүзге жуық нысан іске қосылмақ. Нәтижесінде металлургия өнімдері үш есе, химиялық саладағы өндіріс екі есе өспек, металлургиялық және химиялық өнім экспорты көлемі де айтарлықтай артпақ. Мұның барлығы облыстың, жалпы елі­міздің әлеуметтік-экономикалық да­муына сер­пін беріп, отандық кәсіпорындардың жұмысын одан әрі жандандыра түседі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста